Home » Ашық сабақтар » Салт дәстүрім-асыл қазынам 

Салт дәстүрім-асыл қазынам 

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі
                       Балтабекова Арайна Максутовна 

         Іс-шараның мақсаты:  қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету. Ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын азаматты қалыптастыру. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
       Түрі: Топпен сайыс.
       Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, миға шабуыл.
       Көрнектілік: Интерактивтіқ  тақта, презентация, флипчарт, эпиграф.

 Іс-шараның барысы:                                                                            

Жүргізуші:

Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған.

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Жиналыппыз, қасиетті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгін біз осы халқымыздың аса қадірлі салт-дәстүрлеріне, тарихына, бізге қалдырған мұраларына арналады. Ата-бабамыздың қастерлеп келген, біз білмейтін әлде де көп тарихи маңыздылығы зор мұралары көп, бізге айтатын өсиеттері, бізге қалдырған тарихи байлықтары көп.

Ал, енді сіздердің алдарыңызда Қыз айттыру  салт-дәстүрі.  (Қыз айттыру жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.) Шашу шашылады. (Жігіттің әкесі кеткен кезде)

Әдет — ғұрып, салт — дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық,-дей отыра, сіздерге арналған бірнеше сауалдарымыз бар.
 — сайыс түрі: «Салт-дәстүрін білген — елін сүйген азамат».                         (Әр топ өздеріне берілген дәстүрді түсіндіріп беруі керек.

«1» тобының сұрақтары:

  1. Тоқымқағар — бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.
           2. Қымызмұрындық — жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын-жекжаттар бірін-бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын-сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той-томалақтар да өткізіледі.
           3. Мизам (Сабан той) — күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын-сауықтар өткізілді.

        «2» тобының сұрақтары:
1. Жаңбыр шақыру — құрғақшылық болса өткізіледі. Бұл шарада құрбандыққа мал шалынып, 10-12 жастағы күнәсіз балалар алла Тағаладан «жауын жау, жауын жау» деген тілектер тілейді. Құрбандыққа шалынған малдың беті құбылаға қаратылып, қаны суға ағызылады.
    2. Қыз айттыру — жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
       3. Құда түсу тойы — жігіттің туған-туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық-бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.
                 2-сайыс түрі: «Ойды аяқта» (Мақалдардың бірінші бөлігі айтылады, жалғасын тауып айту керек).

        «1» тобына сұрақ:
1. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз … (Жақсы қыз – жағадағы құндыз).
2. Ақылың ағаңда болсын… (Құндызың жағаңда болсын).
3. Ата көрген оқ жонар … (Ана көрген тон пішер).

        «2» тобына сұрақ:
1 . Оқысаң озарсың…(Оқымасаң тозарсың)
2. Ағайын тату болса ат көп…(Абысын тату болса ас көп)
3. Еңбектің наны тәтті…(Жалқаудың жаны тәтті)

       3-сайыс түрі: «7» САНЫНА ЖАТАТЫН КЕРЕМЕТТЕР.  БІЛІП ЖҮРЕЙІК

Әр халықтың сандарға байланысты өзіндік түсінігі мен ырымдары қалыптасқан. Өйткені, санның киелілігі адам өмірімен, тағдырымен байланысты. Соның ішінде «жеті» – киелі сан. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсініктер мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келген. Мәселен, «Жеті қазына» деген қазақтың дәстүрлі дүниетанымында ерекше ұғым бар. «Жеті» санына байланысты өзге де ұғымдарды назарларыңызға ұсынамыз:

«ЖЕТІ ҚАЗЫНА» ұғымына мыналар жатқызылады:

  1. Жүйрік ат;
  2. Қыран бүркіт;
  3. Құмай тазы;
  4. Берен мылтық;
  5. Қанды ауыз қақпан;
  6. Майланғыш ау;
  7. Өткір кездік.

 ЖЕТІ ЖЕТІМ

  1. Тыңдамаған сөз жетім,
  2. Киюсіз тозған бөз жетім,
  3. Иесіз қалған жер жетім,
  4. Басшысы жоқ ел жетім,
  5. Аққу-қазсыз көл жетім,
  6. Жерінен айырылған ел жетім,
  7. Замандасы қалмаса, Бәрінен де сол жетім.

ЖЕТІ ЖОҚ 

  1. Жерде өлшеуіш жоқ;
  2. Аспанда тіреуіш жоқ;
  3. Таста тамыр жоқ;
  4. Тасбақада талақ жоқ;
  5. Аллада бауыр жоқ;
  6. Аққуда сүт жоқ;
  7. Жылқыда өт жоқ.

 ЖЕТІ АМАЛ          

  1. Күннің тоқырауы;
  2. Қарашаның қайтуы;
  3. Үркердің батуы;
  4. Мұздың қатуы;
  5. Киіктің матауы;
  6. Қыс тоқсан;
  7. Ай тоғамы.

 ЖЕТІ ЖҰТ

  1. Құрғақшылық
  2. Жұт (мал қырылу)
  3. Өрт
  4. Оба (ауру)
  5. Соғыс
  6. Топан су
  7. Зілзала (жер сілкіну)

  ЖЕТІ ЖЕТЕКШІ

  1. Адамның басшысы – ақыл
  2. Жетекшісі – талап
  3. Жолаушысы – ой
  4. Жолдасы – кәсіп
  5. Қорғаны – сабыр
  6. Қорғаушысы – мінез
  7. Сынаушысы – халық (Саққұлақ би)

ЖЕТІ ҒАЛАМ Мифологиялық түсінік бойынша жеті бағытты білдірген: Дүниенің төрт бұрышы:

  1. Күншығыс
  2. Күнбатыс
  3. Түстік (Оңтүстік)
  4. Терістік (Солтүстік)
  5. Аспан – жоғарғы ғалам
  6. Жер – орта ғалам
  7. Жер асты – төменгі ғалам

ЖЕТІ ҚАТ КӨК

  1. Ай
  2. Меркурий
  3. Шолпан
  4. Күн
  5. Қызыл жұлдыз (Марс)
  6. Мүштәри (Юпитер)
  7. Сатурн

 ЖЕТІ ҒАШЫҚ

  1. Ләйлі – Мәжнүн
  2. Жүсіп – Зылиқа
  3. Фархад – Шырын
  4. Таһир – Зуһра
  5. Арзу – Қамбар
  6. Уәлік – Ғафра
  7. Уәки – күлшай

ЖЕТІ ШӘРІП   /ЖЕТІ ӘУЛИЕ/

  1. Мекке шәріп.
  2. Медине шәріп.
  3. Бұхар шәріп.
  4. Шам шәріп.
  5. Қатым шаріп.
  6. Құддыс (Мысыр) шәріп.
  7. Кәлләм шәріп (Құран Кәрім)

ЖЕТІ АТА 1. Бала 2. Әке 3. Ата 4. Арғы ата 5. Баба 6. Түп ата 7. Тек ата

ЖЕТІ ҰРПАҚ 1.  Ата 2. Әке 3. Бала 4. Немере 5. Шөбере 6. Шөпшек 7. Немене

ЖЕТІ КҮН 1. Бүгін 2.  Ертең 3.  Бүрсігүні  4. Арғы күн  5. Ауыр күн  6. Соңғы күн  7. Азына    1. Дүйсенбі   2. Сейсенбі    3. Сәрсенбі /сәтті күн/   4. Бейсенбі   5. Жұма /қасиетті күн/     6. Сенбі 7. Жексенбі.

  1. Ән -көңілдің ажары:
  2. Цеган середасы
  3. Дастарханым
  4. Бәрінен де сен сұлу.
  5. Кешікпей келем деп ең,- деген әндерге караоке айтылады.
  6. Қорытынды: Күй орындалады: «Ата толғауы».

  Жүргізуші:               Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Біздер ата-бабамыз қалдырған аманатқа қиянат жасамайық. Салт-дәстүріміз жылдан жылға өсе берсін, қазақ елі, жері аман болсын!
       Осымен « Салт дәстүрім-асыл қазынам » атты іс-шарамызды

аяқтаймыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.