Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асырудағы жұмыстардың есебін тәжірибе түрінде көрсету

Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асырудағы жұмыстардың есебін тәжірибе түрінде көрсету

Алматы  қаласы
№177 жЖББ мектептің
География пәні мұғалімі: Алимбаева Гульзинат Серикбаевна

                  Алматы қаласы, Жетісу ауданы №177 жалпы білім беретін мектепте 2019 жылы желтоқсан  айының 28 күні  жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінде «Іс-тәжірибені тарату арқылы- бәсеке қабілетті жаңа тұлға қалыптастыру»  тақырыбында мектепішілік семинар болды.

Семинардың мақсаты:

Күн тәртібі:

1 Жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігінің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тәжірибиесімен танысу( Блум токсономиясы бойынша тапсырмаларды құрастыру жолдары)

2 Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері

3 Критералды бағалауды жүзеге асыру. 

9.00-де Акт залда Әдістемелік бірлестік  жетекшісі Нартбаева А Семинардың ашылуын кіріспе сөзбен ашып, бағдарламамен таныстырды.

Жаратылыстану- ғылыми пәндер әдістеме бірлестігінде — 7 мұғалім. Оның ішінде:

педагог – зерттеуші -4

педагог сарапшы -1

бірінші санаттағы ұстаз-1

2 ші санаттағы ұстаз- 1

Пән бірлестігінің мақсаты: Оқыту процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып оқу материалдарын саналы түрде менгере алатын,оны өмірде қолдана білу дағдыларына ие дені сау жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Пән бірлестігіндегі мұғалімдердің мақсаты: Оқушыларға жан-жақты білім бере отырып, білік пен дағдыға қол жеткізетін, ақтаратты өзі іздеп табатын , талдап және ұтымды пайдаланатын, қоғамның қажетін қанағаттандыратын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

9.15 «Көңілді жаттығулар» атты психологиялық тренинг Нұрғожаева А, Ахметова С, Алимбаева Гүлзинаттың ұйымдастыруларымен өткізілді.

ІІ-кезеңге ұйымдастыру жұмыстары Аяз ата мен Қаршақыз бейнесінде жүргізілді. Қатысушы мұғалімдерге 3түсті стикерлерді тарату арқылы Биология, химия, география кабинеттеріндегі ықшам сабақтар мен тренингтерге сол түске сәйкес бағдарша бойынша кіргізілді.

9.30-та Жаратылыстану ғылыми пәндер бірлестігі блогында дәлізде практикалық тур ұйымдастырылып , келген қонақтар әдістемелік бірлестігінің жетістіктерімен таныстырылды. Дәліз жан –жақты безендірілген. Жанартылған бағдарламаға банерлер ілінген,көрме оқушылардың шығармашылығынан ұйымдастырылған.Кофе-брейк ұйымдастырылды. Осы аталған пәндерден пән мұғалімдер понорамалық практикалық көріністер көрсетті. Биологиядан қан қысымын өлшеу ұйымдастырылса, химиядан қызықты тәжірибиелер жасалды , географиядан картамен жұмыс түрлері таныстырылды.

9.40-та 304 кабинетте   География пәні мұғалімдері: Г.С.Алимбаева, К.А.Раимбекова

«Критериалды бағалауды жүзеге асыру»

тақырыбында ықшам сабақ және тренинг жүргізілді.

Мақсаты: Критериалды бағалауды жүзеге асыру барысында қалыптастырушы бағалау  тапсырмаларын  нақты қолдану.

Берілген сұрақтарды «Критериалды бағалауды жүзеге асыру»

өлшемдері бойынша ажыратып жіктеді

бағалау критерилері: :   дискриптор (анықтайды, сипаттайды,ажыратады,талдайды)

9.40-та 302 кабинетте Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері бойынша Нартбаева А.Б, Нығызбаева Р.Ж, Ахметова С.Ш ықшам сабақ пен тренингтер  көрсетті

Мақсаты:

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы  ХХІ ғасыр мұғалімінің өзгеру  қажеттігін мойындауға жетелеу

Біз  қандаймыз?

Біз  келер жаңа жылдан не күтеміз?

Жаңа жылдық тілегіңіз?

Орындалу уақыты:  1минуттан (3 топқа 3 минут)

9.40-та  Нұрғожаева А Б , Қалсейтова Г  «Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды құрастыру жолдары» тақырыбында ықшам сабақ және тренинг жүргізілді.

Мақсаты: Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды  құрастырудың жолдарын көрсетіп талдау.

Блум таксономиясы туралы теориялық түсініктеме бере отырып, тапсырма берілді.

Мұғалімдер бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын  жазуга “Ынталандыру  Сэндвич” арқылы кері байланыс жасалып, ұстаздар алған әсерлерін білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.