Home » Жаңалықтар » Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

​​         Өткен сенбіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Еріктілер жылы аясында «Игі істер уақыты» бастамасына қолдау білдіріп, Маңғыстау облысының мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұжымы аз қамтылған және көмекке зәру отбасының үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Еріктілік қозғалысқа қолдау білдірген мемлекеттік қызметшілер Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы орналасқан жер үйге жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, азық-түлікпен де жәрдем беріп, отбасы мүшелерінің алғысына бөленді.

Мемлекеттік қызметшілерді қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелеу және тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беру мақсатындағы осындай игі шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынына сенеміз.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
 Маңғыстау облысы бойынша департаментінің
баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.