Пән: математика, қазақ тілі
Мақсаты: сабақта өтілген тақырыптарды қайталау және бекіту; есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау , талдау қабілеттерін дамыту. Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайд, сандар, сөйлем сұлбасы,
Сөздік жұмысы. Сөйлем, сұлба, нәзік.
Барысы:
— Балалар, бүгін бізге дайындық сағатымызға көп қонақтар келіп отыр. Қане, бәріміз қонақтарымызға қарап жымиып, амандасайық. (жымию, амандасу)
*Психологиялық дайындық
*Балалар, далада жылдың қай мезгілі? (далада қыс мезгілі)
*Қыста ауа райы қандай болады? (суық)
*Күннің көзі бар ма? (иә, бар, бірақ қатты жылытпайды)
*Солай болса да, күнге қолымызды созып, жүрегімізді жылу мен махабаттқа толтырайық.
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай аламын
Ізгі әрі, нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан-жағым (балалар хормен айтады).
- Балалар, расында да, күн өзінің шуағын жан-жаққа шашыпты. Қараңдаршы!
- Бірақ бұл шуақтар жай емес сияқты, оларды бір сиқырлар бар деп ойлаймын. Қане, Ильяс бір шуақты ашып көрші.
(Оқушы шуақты ашып көреді, тапсырманы оқиды)
1 тапсырма – Тыныс алу жаттығулары
- «Мұрынмен дем алып, ауызбен демді шығару»
- «Ұртымызғы кезекпен ауа толтыру»
- «Шар үрлеу»
Тілге, ерінге арналған жаттығулар.
- «Әткеншек»
- «Сағат»
- «Күркетауық»
- «Тәтті тосап»
- Тамаша. Ал енді екінші шуағымызды ашайық. Кел Батырхан сен аш.
2 тапсырма— «Таза тақта» тәсілі
- Балалар, тақтаға назар аударыңдар. Тақтада не көріп тұрмыз. (түсі карточкалар.)
- Қане, карточкаларды ашайық.
10 8 11 15
70 45 16 3
- 10 санының көршілерін ата;
- 8 бір таңбалы сан ба, әлде екі таңбалы сан ба?
- 11 санында неше ондық, неше бірлік бар?
- 15- жұп сан ба, тақ сан ба?
- 3 – қай саннан кейін келеді.
- 70 санында неше ондық?
- 45 санының көршілерін ата.
- 16 – бір таңбалы сан ба, әлде екі таңбалы сан ба?
- Келесі шуақты кел, Еркемай, ал. Қане, бірге тапсырманы оқиық.
3 тапсырма «Ауызша есептерді шығар»
- Назарымызды экранға аударайық. Сендерге есептер берілген. Сол есептерді ауызша шығара қояйық.
(ауызша есептер шығарады. Балалар есептерді оқиды, жауабын айтады.)
-Келесі шуақты Балжан аша ғой.
4 тапсырма «Математикадан үй тапсырмасын орындау.»
2 деңгей — 85 бет, №4 тап. (бір есепті талдау. Бұл құрама есептер. Ең алдымен жақша ішіндегі амалды орындаймыз, кейін қалған амалдарды орындаймыз. )
3 деңгей — 127 бет. №4 тап. (Есеп құрастырып шығар. Бір есепті оқушы оқиды)
4 деңгей — дәптердегі тапсырманы орындау.
2 деңгей тапсырмаларын өзара тексереді (взаимопроверка)
3 деңгей слайд арқылы тексереді.
4 деңгейдің тапсырмасын тәрбиеші бақылайды.
Келесі шауқты Алтынай аш.
5 тапсырма «Сергіту сәті»
Қане, балалар орынымыздан тұрамыз.
Бойды бүкпей, тік ұста
Еркін тұрып тыныста
Қолды белге қоямыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Оңға, оңға түзу тұр
Солға, солға түзу тұр
Бір адым алға қарай
Бір адым артқа қарай
Жоғары ,төмен қараймыз
Орнымызды табамыз.
Келесі шуақты Жанайым аш.
6 тапсырма «№10 әдістеме»
2 деңгей – сөзбен жазылған сандардың атауларын санмен жаз, есіңе сақта. Осы ретте қағазға жазып бер. (10,12,14
9,13, 15, 22 )
3деңгей — мына сандарды есіңе сақта, қайталап бер (5,6,7,8,
19,18,17,13)
4 деңгей- заттың санына санды сәйкестендіру (1 доп 2 алма, 3 қаз)
-Жақсы балалар. Жанайым, сенде ненің суреттері болды?
Суреттерді тағы атап берші. (доп, алма, қаз)
-Балалар, қане осы сөздермен сөйлем құрайықшы. (Ауызша сөйлем құру)
- Келесі шуақты Шыңғыс ашсын.
7 тапсырма «Иә-жоқ» тәсілі
(Әр балада карточкалар «иә», «жоқ»)
- Сөйлем әріптерден құралады ма? (Жоқ. Сөйлем сөздерден тұрады)
- Сөйлем соңында үтір қойылады ма? (Жоқ, Сөйлем соңында нүкте қойылады.)
- Сөйлем бас әріптен жазылады ма ? (Иә. Сөйлем бас әріптен бастап жазылады.)
- Нан, парта, қалам – бұл сөйлемдер ме? (Жоқ. Бұл сөздер.)
- Сонымен, балалар, сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем белгілі бір аяқталған ойды білдіреді, сөйлем соңында нүкте қойылады. Сөйлем сөздерден құралады. Әрбір жаңа сөйлем бас әріптен жазылады.
Жеке тапсырма (Осы тәсілді жүргізіп жатқанда Жанайым мен Алтынай орындарында ата, апа сөздерін әріптер кассасынан құрайды).
- Келесі шуақты мен ашайын.
8 тапсырма: «Қазақ тілінен үй жұмысын орындау»
93 бет. 19 жаттығу. (Тапсырманы Ильяс оқиды. Талданады. Балжан мен Еркемайға үш сөйлем жазу).
- Ал енді соңғы шуағымызды ашайық. Батырхан аша ғой.
9 тапсырма « Сөйлем құра»
- Балалар, мына сөздер орындарынан адасып қалыпты. Қане, осы сөздерді қолданып, дұрыс сөйлем құрайық.
оқыды, Балжан, кітап. (Балжан кітап оқыды)
жатыр, жуып, Еркемай, еден (Еркемай еден жуып жатыр.)
(Уақыт қалып бара жатса сөйлем сұлбасын көрсету . Бернеше сұлбалар арасынан дұрысын таңдау)
- Балалар, тамаша, жақсы жұмыс атқардыңдар. Енді тақтаға қарайықшы , біздің күніміз өзінің барлық шуағын жинап алғандай. Ал, ол біздің дайындық сағатымыздың аяғына жеткенін білдіреді.
- Бүгін, барлығың жақсы жұмыс жасадыңдар. Күннің көзі, мен де сендерге ризамын.
- Көңіл күйлерің қандай?
- Қане, үстелдің үстіндегі күн шуақтарыңның қайсысын көрсетесіңдер? (партада күлімдеген, мұңайып тұрған күннің көздері жатыр)
- Ал, енді осы күлімдеген күннің көзін қонақтарға сыйлап, қонақтарымыздың жүрегінде де жылулық сезімі ұяласын деп тілейік.
Баймаганова Алмагуль Ахметулиевна
Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, ақыл- ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп- интернаты» мемлекеттік мекемесі