Ең алдымен тұлға сөзінің мағынасын ашайық. Осы сөздің негізінен психологиялық және философиялық түсінігі болады. Тұлға сөзі — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- демекші, иә, ұстаз ол үлкен шахтерлердің, дәрігерлердің, ғұламалардың, тіпті депутаттардың тұлғасы саналады.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»-деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым.Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделік те жатқан жоқ па?
Ұстаз-адамдықтың ақылшысы. Тұлғаны тәрбиелеудің, жеке адамды қалыптастырудың шебері. Кіршіксіз, пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін, білімнің қия шыңына көтеретін ол-ұстаз. Сондай ұлағатты жанның бірі-Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды №3 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстазы Рашатхан Айнагүл.
Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Рашатхан Айнагүл жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Рашатхан Айнагүл Моңғолия Халық Республикасында 1972 жылдың желтоқсан айының 12-ші жұлдызында дүниеге келген. Бала кезінен бастап, білімділікке, тапқырлыққа құштар болған тұлға, бүгінде ұлағатты ұстаз әрі аяулы ана.
1995-1998 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын осы Шортанды ауданында бастап, қазіргі таңға дейін осы жерде ұстаздық жолын жалғастыруда. Ұстаздық жолында 21 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан тұлға мектебіміздегі жайдарлы да, білімді, жаны жайсан жанның қатарында деп айтуға болады. Әр өткізген сабағы күнде шытырманға толы. Шәкіртін ғана қызықтырмай, әріптестерінің өзі қызығып, тамсанып, өзіне керектіні түртіп алады. Әр шәкіртін балам деп көрсе, әріптестерін достарым деп санайды. Әрқашан бағыт-бағдар беріп қана қоймай, өмірден алған сабағын да айтады. Ғажайып дүниенің сырын ашып, өмірдің қыр-сырын меңгерткен ұлы тұлға. Рашатхан Айнагүл білімнің отын жағып қана қоймай, бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген адам. . «Өнерлі өрге жүзеді», «Талаптыға нұр жауар», «Өнерлінің өрісі кең» деген қанатты сөздермен әрқашан қанаттандырып отырады
Мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет.Ол жүректің батырлығын да, сезімнің ақылдылығын да, мінездің жайлылығын да, білімнің байлығын да топтастырып, бір арнаға тоғыстыратын жан. Осындай жанның бірі Рашатхан Айнагүл деп айтсам қателеспеймін. Себебі дәл осындай ұлы қасиеттер осы адамның бойында бар екенін әріптестері ғана байқамай, шәкірттерінің өзі де байқай алады.
Ұзақ жылдардағы ерен еңбегі елеусіз қалмаған-ды. 21 жыл білім ордасында еңбектеніп жатқан ұстаздың жетістіктеріне тоқталатын болсақ:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Алғыс хат»
- Облыстық «Үздік мұғалімі» «Грамота»
- Ресурстық орталықтың жұмысына қосқан үлестері үшін аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет Грамотасы»
- Облыстық білім басқару бөлімінің грамотасы
- Аудандық «Үздік жыл мұғалім» гранпри иегері «Диплом» 6, Аудан әкімінің «Құрмет грамотасы»
- ІІ, ІІІ Халықаралық инновациялық педагогикалық жәрмеңкесінің сертификаты
- Аудандық педагогикалық идея жәрмеңкесінде «Авторлық еңбек» ІІІ орын «Мадақтама»
Бүгінгі таңда ұлағатты ұстаздың шәкірттері де биік шыңның төрінен көрініп жүр. Кейбірі өлең шығарып жатса, кейбірі өз мамандарының һәм шеберлері. Оқушылары тек аудан көлемінде ғана емес, сондай-ақ облыстық, республикалық сайыстардың 1,2,3 орын жүлдегерлері. Бұл әрине соңы емес. Әлі талай биік шыңды бағындырып, ата-бабамыздың үмітін ақтаймыз деген ойдамын.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильян Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» -деген екен. Ойымды қорыта келе оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету — әр қазақстандық ұстаздың абыройлы міндеті деп ойлаймын. Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне,іскерлігіне байланысты.
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жаңа берем.
Аманжолова Аружан,
Ақмола облысы,
Шортанды ауданы
Шортанды №3 қазақ орта мектебінің
10-сынып оқушысы