Ұлағатты ұстаз туралы жазбақ ниетте қалам алғаннан-ақ көңілде сайраған сұлу сөздің қағазға түсе сұрқы қашатындай қиналдым. Небір сөз маржанын тереңнен терсем де оның ұстаздық жолын ашып бере алмайтындай абыржыдым. Бірақ ұстаз туралы толғанғанда кім-кімнің болса да жұдырықтай жүрегінен ағылатын ыстық ықылас қаламға қуат беретіні сөзсіз… Менің бүгін қалам тербеп жазғалы отырған мақалам ұстаз деген ұлағатты есімнің иесі Тоқтамұрат Ермекбол жайында болмақ.
Ол 1977 жылы қаңтарда Баян –Өлги жерінде дүниеге келген. Жоғарғы санаттағы ұстаз, тәжірибелі тәлімгер, аға мұғалім 20 жылдан астам уақытын білім саласында еңбек етуге арнап отыр.
Өмір бойы өз ісіне адал берілген ұстаз жастардың тәрбиесіне әсер ететін тағылымы мол әңгімелерін айтып жүреді. Тоқтамұрат Ермекбол – ізденістері жан-жақты, білімді де білікті, үлгілі де өнегелі ұстаз, зердесі зерлі абзал азамат, пайымды парасат, тәлімді тәрбие иесі. Әрине ұстаздық жолында оқушыдарға білім беру басты мақсаты болғанымен, оқушының жан-жақты дамуына үлес қоса отырып өзі ,әрі оқушылары бірқатар жетістіктерге жетіп отыр.
Мектебіміздің мақтанышы Тохтамурат Ермекбол педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім. Жееткші мектептің кординатры. Мұғалім ретінде өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жаңартылған білім мазмұнының қыр-сырын білген мұғалім оқушыларына қызықты, тартымды сабақтарды ұйымдастырып, шәкірттерін білім нәрімен сусындатуда, оларға терең білім меңгерту жолында аянбай еңбек атқарып келе жатқан ұстаз.
«Новые технологии и педагогическая практика» атты Ү халықаралық ғылыми- практикалық конференцияға қатысып, сертификат алды.
Ермекбол мұғалім облыстық «Кіші жастағы балаларды оқыту жолдары» атты конференцияда «Оқырман ата-ана, сауатты оқушы» тақырыбында баяндама жасады және осы баяндамасы «Дауыс пен көрініс» журналына жарияланды.
Респубикалық «Нәтижелі сабақ-білім беру бағдары» атты аудандық семинарда «Дарынды балалармен жұмысты үйлестіру» тақырыбында коучинг өткізді. Осы коучинг үздік деп танылып ресбупликалық «Үш Қиян» баспасына жарияланып, Алғыс хат алды.
Жыл да өтетін дәстүрлі халықаралық инновациялық-педагогикалық жәрменкеге авторлық жобаларын ұсынғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Аудандық инновациялық-педагогикалық жәрменкеге авторлық жобаларын ұсынып Қола сертификатпен марапатталды.
«Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру тәжірибесінен» тақырыбында облыстың мұғалімдеріне арнап вебинар өткізді.
« Бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері» тақырыбы бойынша аудандық семинарда коучинг өткізді.
Шәкірті 3-сынып оқушысы Сұраухан Каусар халықаралық ғылыми жоба байқауының ІІІ орын, республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауының І орын, облыстық «Зерде» ғылыми жоба байқауының І орын иегері.
І орынға ие болып, Республикалық ғылыми жоба байқауына жолдама алды.
Шәкірттері 3-сынып оқушылары Бауыржан Ербол, Азамат Айгерім, Алпысбай Мансур, Сарина Гаухар, Серікұлы Ибрагим республикалық қазақ тілі мен математика пәнідерінен өткізілген пәндік олимпиададан І жүлделі орынға ие болып, Алматы қаласында өткен «Олимпийскии слетқа» қатысып І дәрежелі Диплом мен Алтын медальмен марапатталды. Ермебол мұғалім оқушыларының жоғары деңгейдегі дайындығы үшін Алғыс хатпен марапатталды.
3-сынып оқушысы Сұраухан Каусар 2018 оқу жылы Республикалық «Қара сөз құлагер» Мұқағали оқуынан Дипломмен, республикалық «Зерделі тұлға» логикалық математика олимпиадасынан ІІІ дәрежелі Диплом медальмен марапатталды.
Шәкірті Тәукелова Томирис «Зерде» ғылыми жоба байқауынан
І орынға ие болды. Шәкіртін жоғары дәрежедегі ғылыми жобаға дайындағы үшін облыстық білім басқармасының Грамотасымен Ермекбол мұғалім Грамотамен марапатталды.
Республикалық «Ақбота» интеллектуалды марафонынан 8 оқушысы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Зияткер ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Мен елімді сүйемін» тақырыбында эссе жазу және көркем сурет салу байқауында шәкірттері Бауыржан Ербол, Сарина Гаухар, Азамат Айгерім, Серікұлы Ирагим І,ІІ, ІІІ жүлделі орандарға ие болып Дипломмен марапатталды.
Тохтамурат Ермекбол-тәрбие жұмыстары әдістемесін жетік меңгерген, осы қызмет түріне тұлғалық және бағдарлық тұрғыдан жауапкершілікті, ұйымдастырушылықпен қарайтын тәжірибелі сынып жетекшісі.
Оның кемел ұрпақтар келешегінің келістілігі жолындағы ұзақ жылдардағы ұстаздық ұлағатына, қоғамымызға сіңірген санамалау мүмкін болмастай сан салалы салиқалы, өнегелі де өміршең, тындырымды да тиянақты істеріне орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Құрмет Грамотасы», Еңбекте үздік шыққаны үшін «Абай Құнанбаев» төсбелгісі табыс етілді.
— Маған «Нағыз педагог қандай болуы керек?» деген сұрақты жиі қояды, – дейді көшбасшы ұстаз Ермекбол– Ең алдымен баланы сүйіп, құрметтей білу керек. Оқытушының оқушымен өзімен тең дәрежеде сөйлесіп, тіл таба білуі маңызды. Қалыптасып келе жатқан бүлдіршін ұстазбен арадағы тепе-теңсіздікті сезінбеуі керек. Әр ұстаз өз шәкіртіне сеніммен қараса ғана бұл баладан үлкен адам шығады. Сонымен қатар әр ұстаз үшін маңызды кеңес — әр баланың отбасылық әлеуметтік жағдайын және тәрбиесін зерттеп, білу, оның ата-анасымен жиі тіл табысу, әр баламен жекелей жұмыс жасау қажет. Бұған қоса баланың мүмкіндігін де бақылаған артық етпейді. Мұны баламен сөйлесу арқылы аңғаруға болады. Егер ұстаз балаға дұрыс қарайлап, «тілін тауып» білсе, шәкірт те оған қарай бет алады, білімге деген құлшынысы арта түседі. Сол арқылы оның дұрыс мамандық таңдауына мектеп қабырғасынан бастап әсер етуге болады. Ұстаздың философия, логика және психологияны терең меңгеруі аса қажет. Бұл бағыттар педагогикалық қызметте тәжірибе барысында өте қажет. Қазіргі заман – тек білімге сенетін заман. Сондықтан әр оқушы өзінің біліміне сай баға алуы керек. Баланы немесе оның ата-анасын жақсы танығандықтан оған жоғары баға қою — қате. Сол қателік арқылы баланың болашағын бұзып алу қауіпі бар. Кейін ол өзін жоғары бағалап кетуі ықтимал. Міне, оқушының өз білімін дәлелдей алмауы — білімін асыра бағалаушылықтың нақты салдары. Сондықтан дер кезінде оны дұрыс бағытқа сілтеу — ұстаздың бір міндеті деп білемін, — дейді ұстаз.
Ендеше алдағы еңбек жолыңызға тек табыс серік болсын ардақты әріптесім Тоқтамурат Ермебол
Өнерхан Айнұр ,
Ақмола облысы,
Шортанды ауданы
Шортанды №3 қазақ орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі