Ешмуратова Гулсай Онгарбайкызы
«Құрық орта мектеп-гимназиясы» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай Құнанбайұлы атамыз айтқандай, мұғалім- басқа сала мамандықтарына қарағанда жауапкершілігі мол, ең қиында ізгілікті мамандықтардың бірі болып саналады. Өйткені біздің басты мақсатмыз бен міндетіміз, ең құнды және де маңызды мәселе ол еліміздің ертеңі болып саналатын қазіргі жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру.
Қазіргі таңда бəрімізге белгілі короновирус елімізде өршіп тұр. Бұл індеттің алдын алу мақсатында талай маманның білек сыбана, аянбай жұмыс істеп жатқаны бəрімізге аян. Елімізде аты жаман індет пайда болғалы көп нəрсе өзгерді. Осыған орай оқушылар арасында қашықтықтан оқыту жүйесі де қолданыла бастады. Мектебіміздің ұстаздары өз жұмыстарын тоқтатпай, оқушыларының білімін шыңдау мақсатында үлкен еңбек етуде. Қашықтықтан оқытуды тиімді жүзеге асыру мақсатында, білім алушылар мен ата-аналар үшін тиімді деп тапқан әр түрлі платформада жұмыс жасаудамыз. Айта кетсем ZOOM, You Tube, BilimLand, OK.EDUS интернет желілерін қолданып, оқушылармен WhatsApp желісі арқылы тығыз байланыс орнатып жатыр.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірден-бірі ол – ұрпақ тәрбиесі. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпақ. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Сөзімді түйіндей келе қазіргі кезде «Қазіргі ұрпақ – ертеңгі болашақ» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал ұрпағымыздың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан қиын сәтте мұғалім, ата-ана, мектеп үштік болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қиындықтарды артта қалдыруға бар күш-жігерімізді салайық.