Кез келген ойшылдың, ақынның дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуына өмір сүрген ортасы әсер етпей қоймайды. Әбдірахман Жәми өмірі мен шығармашылығы: Шахрух (1405 – 1447), Абу Саид (1451 – 1469) және Сұлтан Хусейн Байқара (1469 – 1506) сынды Темір ұрпақтарының әмірлік еткен кезеңдермен сәйкес келеді. Бұл кезеңдер шиеленіске толы қантөгіс пен Әмір Темір ұрпақтарының үздіксіз таққа күресіп, діни ағымдар арасындағы қақтығыстардың орын алып, нәтижесінде қарапайым халықтың жағдайының нашарлауы ойшылдың шығармаларында сипатталады. Ол месневи, қасида, ғазел, рубаилар, кыт’а сияқты барлық дәстүрлі поэтикалық формаларды қолдана білеген ойшыл ақын. Шын мәнінде, ол 66 жасында жас ханзаданың махаббаты жайлы «Салман және Абсаль», 69 жасында философиялық лирикалық поэма «Жүсіп және Зүлейха», 70 жасында «Ләйлі мен Мәжнүн» поэмасын, өмірінің 80 жасында «Ескендірдің даналық кітабы» атты әділ қоғам жайында этикалық туындылардың жарық көруі әлемдік көркем әдебиет практикасында сирек кездесетін көрініс деп жазады, профессор Кұрбанмамадов.
Оның шығармашылығы тек тәжік әдебиетінің өрлеуіне ғана емес, сонымен қатар Шығыс халқының әдебиетін дамытуға зор әсерін қоса кетті. Халықтың мүддесін қорғап, адамгершілік пен адам сүйгіштік сезімдерді жоғары бағалай отырып, білімді, ғылымды меңгеруге шақырды.
Әбдірахман Жәми поэзиясының ең басты кейіпкері де, тақырыбы да – адам. «Кемел адам» – адамгершілік қасиеттердің иесі, ішкі жан дүниесі таза, білімді маман иесі атанып, өз халқына адал қызмет ету идеясы жатыр.
Жәмидің этикалық көзқарасынан оған дейін өмір сүрген Фирдоуси, Низами, Убайда Закони сынды ақындар мен ойшылдар туындыларымен ұқсастықтарын байқауға болады.
Ол шаһардың адамдары ерекше,
Патша, Князь болмайды онда бөлекше.
Жоқ оларда бай, кедейдей бас қамы,
Бауырлардай бір тұтасқан жас – кәрі.
Еңбек етер маңдай терді сыпырып,
Тоқ болады жер жемісін пісіріп,
Әдет – ғұрпы бүлінбеген таза ел,
Соғысыңды білмейтұғын мазалы ел.
Тамылжып тұр бау бақшасы әр үйдің,
Есігі ашық ел деп ғажап танимын…
Ойшыл толғанысынан адам бойындағы жан дүниесінің тазалығы мен адамгершілікті, бейбітшілік, еңбек ету, тату тәттілік пен ынтымақ, бірлікті қалап жырлағанын көруге болады.
Алтынбаева Раушан
Әл Фараби атындағы
ҚазҰУ студенті. www.kaznu.kz