Қуанбаева Нурай
Туран университет
Алматы қаласы
«Психология ғылымының журналистикаға ықпалы»
Бұл мамандық әртүрлі стильдер мен бағыттардағы мәтіндерді жазуды,камерада жұмыс істеуді және оқиғаларды өңдеуді талап етеді. Бұл ретте журналистке ең басты талап – адамдармен тіл табыса білу, оларды баурап алу, олардан ақпарат алу. Журналистика ғылым ретінде қоғамдағы практикалық журналистиканы құру мен басқарудың толық циклін, оның әлеуметтік процестердегі өзгерістерге әсерін қамтитын көркем, мәдени, тарихи, социологиялық және басқа да пәндер жүйесі болып келеді. «Журналистік шығармашылық психологиясы» заманауи коммуникация ғылымын түсіну үшін маңызды идеяны білдіреді: «Бұқаралық коммуникация неғұрлым көп болса, ондағы психоәлеуметтік элементтердің көрінісі соғұрлым күшті және қатал болады» деген ойдамын. Әрбір журналист үнемі көптеген адамдармен кездеседі, ұжымда жұмыс істейді, әртүрлі әлеуметтік институттармен байланысқа түседі. Осының барлығы журналист мамандығының жариялылығын айқындайды. Психологиялық тәжірибе БАҚ қызметкерлерін саналы түрде, көбінесе бейсаналық түрде бағыттайды. Журналистің психологиялық мәдениеті – ғылым ретінде психологияға негізделген, оның саналы ішкі дамуына және психологиялық білімді кәсіби, құқықтық, адамгершілік мәдениетімен, таным мен шындықты бейнелеудің социологиялық әдістерімен түрлендіруге негізделген мәдениет ретінде көремін.Менің ойымша, психологияның зерттеу пәні — адам психикасындағы психикалық процестер және олардан туындайтын жеке мінез-құлық. Демек, журналистика психологиясының пәні бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі – бұқаралық ақпараттарды жасауға, таратуға және тұтынуға тікелей қатысатын адамның психикасындағы мінез-құлық пен психикалық процестермен шектеледі.
Біздің мамандығымыз үшін психология қажет деп санаймын.Неге десеніздер:
Журналистика психологиясы – қоғамдағы бұқаралық ақпараттың қызмет етуінің психологиялық және әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттейтін салалық психологиялық пәндердің бірі.Осы екі пән де – медиамәтіндердің психологиялық типологиясы, ақпаратты қабылдау ерекшеліктері мен заңдылықтары, аудитория және оны психологиялық зерттеу әдістері, БАҚ-тың психологиялық және әлеуметтік-психологиялық әсері, журналист тұлғасы, шығармашылық ойлау ерекшеліктері, журналистік қарым-қатынас психологиясын зерттейді.