Home » Мақалалар » Абайға көрсетілген тағы бір құрмет!

Абайға көрсетілген тағы бір құрмет!


Петропавл қаласында Абай көшесі орналасқан. Сол көшенің бойында көпқабатты үйлердің қабырғасына Абайдың портреті бейнеленген керамикалық панноның ашылуы болды. Бұған портреттің авторы, суретші Болат Әскербековтің өзі қатысты.
Абайдың портреті бейнеленген керамикалық панноны облыс әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы келіп ашты. Жиынға Петропавл қаласының әкімі Жұмабеков Болат және зиялы қауым өкілдері қатысты. Қала орталығынан бой көтерген Абай Құнанбайұлының мұндай ірі портреті жүрегі қазақ деп соғатын жастарға рух беріп тұрары қақ. Ол жерден үн-түнсіз өте шығу да мүмкін емес. Болашақта петропавлдықтардың жақсы демалатын, суретке түсіп, фон жасайтын мекені болмақ.
Автордың айтуынша осыған дейінгі жасалған туындылардан өзгеше, себебі, Абай атамызға арналған керамикалық панноны алғаш жасауым, дейді.
«Өлді деуге болама, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», ақын Абайдың рухты жырлары ғасырлар қойнауында мәңгі жасайды.

СҚО, Қызылжар қаласы
Көкбасқызы Жазира, ҚР журналистер одағының мүшесі
«BILIM AINASY»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.