Балгабекова Айдана Калмаханбетовна
Қазақстан Республикасы Президенті
Іс Басқармасы Медициналық орталығының
«Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК логопеді
Лексикалық тақырып: Су астыңдағы тіршілік
Білім беру салалары: «Коммуникация», «Таным»
Бөлімдері: сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
- Ж дыбысын жеке, буында, сөзде, анық айтуға үйрету.
Міндеттері: «Ж» дыбысының артикуляциясы мен жеке айтылуын бекіту; сөздік қорын байыту, таным процестерін. фонематикалық қабылдауын дамыту; тыныс алуын жалпы және ұсақ саусақ бұлшықеттерін дамыту; су асты әлемінің тұрғындары туралы балалардың ойларын кеңейту.
Керекті құралдар жабдықтар: қағаз салфеткалар; «Ж» дыбысы бар заттық суреттер, кеспе буындар, су асты әлемінің тұрғындары бейнеленген суреттер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, есту, қайталау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлем, сәлем, балақайлар! Қалдарын қалай?
— Бүгін біз сендермен су асты әлемімен танысамыз және жаңа бір дыбыстын дұрыс айтылуымен жұмыс жасаймыз. Ол қандай дыбыс екенін жұмбақ арқылы білейік.
Мотивация: Жұмбақ жасыру:
Гүлдерге қонады,
Шырынын сорады.
Түр – түсі сары ала
Бұл не? (Ара) (Ара суреті көрсетіледі)
Дұрыс, ара. Ара қандай дыбыс шығарады? ж — ж — ж — ж – ж
Бүгінгі танысатын дыбысымыз — «Ж» дыбысы
Бұл дыбысты дұрыс әрі әдемі айту үшін, алдымен біз тілімізді оятып алайық.
ІІ. Мотивациялық – қозғаушы. Артикуляциялық жаттығу
«Күлімдеу»
«Түтікше»
«Кесе»
«Сылақшы»
«Тәтті тосап»
«Саңырауқұлақ»
ІІІ. Негізгі бөлім. Артикуляциялық қалпын еске түсірейік.
Ж дыбысының артикуляциясы: Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына альвеолға көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді: бүйірлері жоғары азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы болып, тістер дыбысты жібермей тұрады. Ж дыбысын айтқанда дауыс бар. Тыныс тілдің арасынан бір қалыпты шығады: алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі.
1-тапсырма. «Түрлі-түсті жолдармен жүгіру»
«Ж» дыбысын ашық, жабық буындарда айтқызу
2-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Буынға буын қос»
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрасырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
Жа – ға, жу – ан, жаң – ғақ, же-ті, жаң – быр, жы – лан, жас – тық, жү – зім, жұл – дыз, же – міс, жа –лау , жи – һаз.
3-тапсырма. «Не артық?» ойыны.
(акула, балық, жылқы, сегізаяқ)
(жираф, жұлдызша, теңіз тасбақасы, медуза)
Балалар, сендер «желбезек» деген не екенін білесіндер ме? Желбезек- суда тіршілік ететін жануарлардын тыныс алу мүшесі.
Сергіту сәті:
Саусақ жаттығуы.
Ақ марЖан, көк марЖан,
Біз Жасаймыз көп марЖан
Ақ маржан, көк маржан,
Біз жасаймыз көп маржан
Қолымыз шынЖыр болды,
Үзілмейді тартсада.
4-тапсырма. Балалар, ал енді бәріміз бірге сөз ұйқастарын қайталайық!
5-тапсырма
«Ж» дыбысы сөз басында
ортасында
соңында суреттер көрсету.
— Жарайсыңдар балалар!
— Мынау теңізді мекендейтін қай жәндік?
-Жұлдызша ( бейнеленген суретін көрсетеміз)
Теңіз жұлдызшаларының денесі былқылдақ,
бірақ ұстаған кезде қап-қатты болып қалады.
Олардың үстіңгі жағын төмпешіктер мен
тікенектер жапқан. Теңіз жұлдызы – жыртқыш,
бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз
түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.
Олар шаян тәрізділермен, теңіз кірпілерімен
және майда балықтармен қоректенеді.
ІV. Қорытынды Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар! Сендермен қоштасатын уақыт келіп жетті. Балалар сендер үйде Ж дыбысына байланысты сөздерді қайталап, Ж дыбысы сөздің басында, ортасында немесе аяғында келгенін ажыратыңдар! Ал, сау болындар балалар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен танысу. «Ж» дыбысын жеке, буында, сөзде, дұрыс нақты айту. Су астындағы жәндіктер, су жануарлары туралы;
Меңгереді: Сөздерде «Ж» дыбысын табу; « Ж» дыбысын сөзде қолдану; сөздік қорын байыту.