Жуырда Алматы қаласы
Наурызбай ауданы №184 бөбекжай-балабақшасында қонақ болып, Жанна Абдуллаевна бастаған ұжыммен жақыннан таныстық.
Балалабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына, ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.
Бүгінгі таңда №184 бөбекжай-балабақшасының қабырғасында 364 бала тәрбиеленіп, 43 педагог жұмыс жасайды.
Балабақша жаңа инновациялы- шығармашылық бағытын кеңінен қолданады. Атап айтсақ, «Жолда жүру» ережесі, Шахмат орталығы, мобильді кітапхана мен қол моторикасын дамытуға арналған «әртүрлі жіптерді өру тәсілдерін» пайдалануда.
Сондай-ақ ерекше балалармен де жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Психолог, дефектолог, логопед сияқты бүгінгі күннің маңызды мамандары да балабақша қабырғасында қызмет етіп жатыр. Ата-аналармен де бірлесіп жұмыс жасалып жатқанын байқадық.
Балалардың спортқа деген махаббаты бөлек. Дене шынықтыру ағайларымен бірге жаттығу жасап, мәз-мейрам болған балалармен де танысып қайттық.
Қорыта айтсақ, «Ел боламын десең бесігіңді түзе» — деп бекер айтпаса керек, елдіктің туын жықпайтын, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ұрпақты тәрбиелеп шығару бұл ерлік. Ұжымды ұйымдастырып, ата-анамен де, балалармен де етене жұмыс істеп отырған Жанна Абдуллаевнаның
іскерлігі өзгеге үлгі. Күнделікті балабақшада балалардың алаңсыз күміс күлкісін, шаттыққа толы көңіл-күйлерін көріп, балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімі мен тәжірибесін аямай еңбек етіп жатқан балабақшаның барлық қызметкерлеріне бас иеміз. Еліміздің ертеңі болар тұлғаны қалыптастыру жолында қанаттарыңыз талмасын!
BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Ақерке Уахитова
Құрметті 184 бөбекжай балабақшасының ұзтаздары, еңбектеріңіз жеңісті—жемісті болсын. Істеріңізге толымды табыс тілеймін.