Шымкент қаласы
Отбасы балалар және жастар істері жөніндегі
басқармасының № 3 Шымкент балалар үйі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбиеші Керимова А
Ашық сабақ
Тақырыбы: Сиқырлы кілемше
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту. Геометриялық пішіндерді ажыратуға, кеңістікті бағдарлауға, тура және кері санауға үйрету және бекіту, эстетикалық тәрбие беру. Сенсорлық қабілеттерін дамыту. Түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың ұсақ маторикасын дамыту.
Көрнекіліктері: Сиқырлы кілемше, түрлі-түсті моншақтар, қысқыштар, ойыншықтар, сандық плакаттар, себет және Маша. Геометриялық пішіндер: қолшатыр мен түрлі – түсті жіптер.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Күн мен сені сүйемін,
Саған бас иемін.
Жылу бер Бақыт бер,
Мейірім мен шабыт бер!
Өзімді – өзім жақтаймын,
Денсаулықты сақтаймын.
Тілесең егер жақсылық
Қайтарады саған да!
Балалар бір – біріне жүректен шыққан лебіздерін білдіреді.
Балалар, бір жылды қанша мезгіл бар? Қазір қандай мезгіл? Күн жымиып бүршік атты ма? Бір аптада қанша күн бар? Бүгін аптаның қай күні?
Ғажайып сәт: Қонаққа Маша келді.
- Саламатсыңдар ма балалар?
- Мен орманнан келдім. Менің сиқырлы кілемшемді тышқандар тесіп кетіпті. (Жылайды) Кілемше геометриялық пішіндермен өрнектелген еді. Сендер геометриялық пішіндерді білесіңдер ме?
- Балалардың жауабы.
- Қане, балалар геометриялық пішіндерді атап беріңдерші.
- Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
- Қане балалар бір-бір геометриялық пішінді таңдап, атап, тесіктерді өрнектеп жауып шығамыз.
Геометриялық пішіндерді орналастыру.
Сұрақ – жауап.
- Балалар кілемшеде неше үшбұрыш бар?
- Төрт үшбұрыш бар.
- Неше төртбұрыш бар? Дөңгелек ше?
- Төрт бұрыш және төрт дөңгелек бар.
- Түстерін атап беріңдерші.
- Қызыл түсті үш бұрыштың оң жағында қандай пішін? Сол жақтағы төрт бұрыштың түсі қандай?
Ал енді балалар геометриялық пішіндермен өрнектелген сиқырлы кілемшенің үстіне тұрып, көзімізді жұмып, ішімізден тілек айтамыз. Бұл сиқырлы кілемше сол себептен, сендердің тілектеріңді міндетті түрде орындайды.
- Маша: Рахмет балалар. Кілемшемді әдемілеп сәндеп беріңдер.
Ойын: «Құрастыр»
Ойынның шарты: Геометриялық пішіндерден үй, күн, шырша құрастырамыз.
Ал енді Маша, біздің балалар саған арнап әртүрлі гүлдер жасап береді. Ал, қанекей балалар, барлығымыз жайғасып гүл жасайық. Қазір қай мезгіл балалар? Көктем мезгілінде гүлдердің көптеген түрлері өседі. Қазір біздің жасайтын гүліміздің аты «Түймедақ» деп аталады. Қане, барлығымыз қайталайықшы. «Түймедақ».
Гүл жасау жолын көрсетіп түсіндіру.
- Балалар, қызыл түс дөңгелектің ортасы болады. Осы қызыл дөңгелекке қызыл түсті қысқыштарды қыстырамыз. Сары түсті дөңгелекке сары қысқыштарды қыстырамыз.
Балалардың жұмысы:
- Балалар, қандай гүл жасадық?
- Түймедақ гүлін жасадық.
- Гүлдерді Машаға сыйлайық, себетіне салып қойсын.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ
Оң аяқта бес башпай
Сол аяқта бес башпай
Қосып едім екеуін
Болып шықты бес башпай
- Қане балалар, орнымызға жайғасып, Машаға керемет сәндә моншақ жасап берейік.
Үлгіні көрсету және түсіндіру:
Балалар, мынау түрлі – түсті жіптер. Жіптің түсіне қарап моншақтарды түзіп, осы жіпке тізбектейміз. Моншақтардың түсі біртүсті болуы тиіс.
Балалардың жұмысы:
Дайын болған моншақтарды Машаға сыйлаймыз.
Ойын:
«Күн және жаңбыр ойыны». Балалар шеңбер жасап тұрады. Әуен қосылып, ойын ойналады. Саңырауқұлақ теріп, кірпіге ілеміз. «Жаңбыр жауды» дегенде қолшатырдың астына жиналады.
Қорытындылау:
Балалар, біз Машаның кілемшесін не істедік? Дұрыс, кілемше өрнектедік. Онда қандай геометриялық пішіндер бар? Қандай гүл жасадық? Аты қандай? Ал біз Машаға қандай сыйлық жасадық?
- Моншақ және түймедақ жасадық.
- Түстері қандай?
Балалар жасаған моншақтарын Машаға береді. Маша қатты қуанып ормандағы аю досымен сыйлықтарын бөлісуге асығып, балаларға алғысын білдіріп қоштасады.