Home » Мақалалар » Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру


Асанова Гайни Мукатаевна

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы
А.Сейдімбек атындағы ЖББМ
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мұғалім оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы және түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін және оқушылардың функционалдық сауаттылықтарың арттыру үшін  осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн:

  1. Кластер әдісі. Кластер — оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының тәсілдерінің бірі. Бұл ақпаратты ұйымдастырудың графикалық формасы. Кластерлердің өз ережелері, құрылымдары және түрлері бар.Кластер — бұл негізгі мағыналық бірліктер олардың арасындағы барлық байланыстарды белгілей отырып ажыратылатын схема.Кластер оқу материалын жалпылауға және жүйелеуге көмектеседі. Оны сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.
  2. «Синквейн» әдісі. Синквейн-бұл 5 жолдан тұратын өлең құрастыру болып табылатын әдістемелік құрал. Бұл жағдайда олардың әрқайсысының жазылуы белгілі бір принциптерге, ережелерге бағынады. Осылайша, қысқаша қорытындылау, зерттелген оқу материалын қорытындылау бар. Синквейн-оқу және жазу арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін белсендіретін сыни ойлау технологияларының бірі. Синквейн жазу-бұл оқушыдан зерттелетін тақырыпта ең маңызды элементтерді тауып, бөліп көрсетуді, оларды талдауды, қорытынды жасауды және өлең жазудың негізгі принциптеріне сүйене отырып қысқаша тұжырымдауды талап ететін еркін шығармашылық.
  3. Эссе әдісі. Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін және ой толғанысын бейнелейді. Эссе екіге бөлінеді:
  • Субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) Объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Эссе түрлері:

1.Сипаттамалық.

  1. Анықтамалық.
  2. Хабарламалық.
  3. Салыстырмалы немесе кереғар.
  4. Дәлелдеме.
  5. Аргументтік.
  6. Әдеби.
  7. Инсерт әдісі. Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. «V» — «Білемін» «-» «мен үшін түсініксіз» «+» — «мен үшін жаңа ақпарат» «?» — «мені таңғалдырады». INSERT — оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну және ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет.

Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдалана білген мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Мен оқушыларға сабақта әр түрлі жұмыс түрлерін ұсынамын: топтық және жұптық жұмыс түрлері, сараланған тәсіл, диалогтық оқыту, іздеу әдісі. Қорыта келе, оқушылардың ағылшын тілінен функционалды  сауатты болуы — заманның қойып отырған талабы.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Мектеп ұстаздары әлемі» педагогикалық журналы №6 2015 ж
2.М.Жұмабаев, Педагогика, – Алматы, 1992.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.