Home » Жаңалықтар » Балабақшадағы жаз…

Балабақшадағы жаз…

Балабақшадағы жаз…

Жаз мезгілі – балаларды сауықтырып және физикалық дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі қолға алынатын маусымдық уақыт кезеңі. Жазғы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың таза ауада болуы, уақытын тиімді пайдалануы – олардың денсаулығына оң ықпалын тигізе отырып, тұлғалық қабілетінің дамуына да әсер етеді. Яғни, бала тек қана ойынмен  күнді жоспарламай, арнаулы шеберлігін шыңдауға бағытталған апталықтар мен сайыстарға қатыса отырып, өзінің жетістікке қабілеттілігін сезіну арқылы, белгілі деңгейде қалыптаса алады.

    
Балабақшадағы тәрбиеленуші балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарының сәтті өтуі көбінесе оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының оған қаншалықты сауатты және уақтылы дайындалғандығымен анықталады.
Баланың денсаулыққа және бақытты өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
Осы ретте Алматы қаласы Білім басқармасының “№118 бөбекжай-балабақшасында” жүйелі жұмыс жүргізілгені көзге көрініп-ақ тұр.
Сөзімнің тұздығы ретінде, төрт аптаға жоспарлаған төрт түрлі апталықты атап өткім келеді, олар: Сәлем, жаз!
Жазғы қуаныш; Денсаулық аптасы;
Жол жүрудегі сауаттылық аптасы.
Бұл аталмыш жоспардың өзіндік мәні мен маңызы ерекше. Бірінші: «Сәлем, жаз» атты аптада, балаларға жаз мезгілінің маңызы, оның заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат беріледі.
Ал, «Жазғы қуаныш» апталығында, барынша көңілді ойындар ойнатылып, қазіргі уақыттағы гаджет пен интернетке тәуелді болмай, сауық құру арқылы денені шынықтырудың әдіс-тәсілдерін практика жүзінде орындалған.
   
«Денсаулық» аптасы, бұл өте маңызды. Себебі, жарқын мемлекеттің келешегі бүгінгі біз тәрбиелеуші жастардың қолында. Ал, олардан талап етілетін бірінші нәрсе – сауаттылық пен салауаттылық. Яғни, дені сау бала – дамыған елдің іргетасын қалауға қабілетті болады.
Соңғы апталық, ол – «Жолда жүрудегі сауаттылық» Бұл баланың қауіпсіздігі үшін өте қажетті деп санаймын. Себебі, олардың жанында белгілі бір ситуациялық жағдайға байланысты кей уақытта үлкен адам болмай қалған сәтінде, оның жолдан өтуі немесе үйінің жанында, ойын ойнап жүргенде көліктерден абай болуын ескертеді.

Жан –жақты дамыған баладан, келешекте елдің көсегесін көгертетін жалынды жас шығатыны анық. Бүгінгі ұрпақ, келер заманның жаңалығын тудырушы, ұлттың ұйытқысы болатын жаңашылдықтың «кемелді» тұлғасы болмақ.

Алматы қаласы,
BILIM AINASY,
журналист Ақерке Аманқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.