Home » Мақалалар » Жақсылық жасап жарысайық!

Жақсылық жасап жарысайық!

Парзиева Махабат Керімханқызы
№102 ЖББМ КММ    әлеуметтік педагог

Жақсылық жасап жарысайық!

Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтілуде.

Акцияның мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады.

Жылда мектепте  «Мектепке жол »  Республикалық  акциясы   жалғасын тауып жатыр. Бұл мектептерде   дәстүрге  айналған үрдіс.  Жақсылық жасау үшін  міндетті түрде бай, ақшалы  адам болудың  қажеті жоқ.  Бастысы  сіздің тілек- ниетіңізде. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жандар өте көп. Сол жандарға  көмек қолын созып,  демеу көрсетіп  жатқан  адамдарда  жоқ емес.  «Қайырымдылық жасасаң, қайрымын өзің көресің» деген бар емес пе.  Мұқтаж жандарға  қол ұшын созып, қамқорлық жасап жатқан жандарға әрдайым алғысымыз шексіз. Сондай демеушілердің  бірі  мектеп мұғалімдері. Жылда  мектептегі азқамтылған , көп балалы  отбасыларға  көмек беруді әдетке  айналдырған.  Жәнеде мектебіміздің  бірнеше  ата-анасы  тұрақты демеушілік  танытып жүр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей сыныптарындағы  жағдайы төмен  отбасы балаларына кеңсе заттарын, мектеп формасын алып беріп, әркез  демеп жүреді.  Мектеп тарапынан  алғыстан басқа айтарымыз жоқ.   Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылайық.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.