Home » Мақалалар »            «Мектепке жол- шекарасыз  жақсылық»

           «Мектепке жол- шекарасыз  жақсылық»

«Мектепке жол- шекарасыз  жақсылық»

   Елімізде 2022 жылы тамыздан бастап отызыншы қыркүйекке дейін  Республикалық    «Мектепке жол- шекарасыз  жақсылық» акциясы жалғасын табуда. «Жақсылықты көп қусаң, бақ-дәулетің молығар» деп аталған акция «Мектепке жол- шекарасыз  жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Алматы  қаласы, Жетісу ауданы Кемел ықшам ауданында №193 жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері де ат салысуда, акция аясында мектеп әкімшілігінің басқаруымен  бекітілген  жоспар бойынша  көптеген   іс-шаралар ұйымдастырылып жүзеге асуда. Ол аз қамтылған және көпбалалы  отбасылардан шыққан оқушыларға,  асыраушысынан айырылған, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының  басталуына  дайындық кезінде  материалдық  қолдау көрсетуге  және  әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке қалмай келуіне  бағытталады.

Аталмыш акцияны насихаттап, Кемел ықшам ауданындағы  жеке кәсіпкерлердің де белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатымен іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы №193 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына «Арзан» жеке меншік дүкенінің  басшысы, кәсіпкер — Карибаев Б    мектебіміздің оқушыларына  мектепке қажет киім, кеңсе заттарын  алып берді. «Планета» киім-кешек және аяқ-киім дүкенінің демеушісі Мухриддин  спорттық киім сыйласа,ЖК «Апельсин»  дүкенінің демеушісі  мектепке қажетті оқу құралдарын берді. «Мектепке жол- шекарасыз  жақсылық» акциясы әлі де өз жалғасын табуда. «Жақсылық еккен алғыс орады» демекші жаны жайсаң жақсыларымыз көп болсын.

 

Джолдасбаева Амангул Сайлаубайқызы
№193 ЖББМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

11 комментариев

  1. Керемет??

  2. Ізгі амалдарымыз көп болсын. Жақсылық жасауға асығайық.

  3. Жақсылық жасап жарысайық

  4. АсемХан

    Өте керемет, осындай ұлтына жаны ашитын, ұлағатты ұстаздар көбейе берсін!!!

  5. Бакытгул

    Балаларға сый сыйлап,жана оку жылында керемет конил куй сыйласак,окуга куштар окушы катары кобейер. Шакиртине улги болатын устаз болыныз

  6. Асылкуль

    Керемет! Осындай кайырымды кәсіпкерлер көбейе берсе!

  7. Еңбегіңиздин жемисин кориниз

  8. Нұрлыгүл

    Керемет! Қайырымдылық жүректі нұрландырады, өмірге мән дарытады. демекші қайырымды болайық!

  9. Таслима

    tasyatsm@tsm

  10. Керемет! Игі істер көбейсін…

  11. Ұстаз ұлт қызметшісі…Ұлт болашағы ұстаздардың қолында,еңбегіңіз жана берсін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.