Home » Мақалалар » Жақсылық нұры, адамгершілік нәрі

Жақсылық нұры, адамгершілік нәрі

Коккозова Жулдыз Житиваевна
Ақтау қаласы
«Мұнайлы психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинеті» КММ
Педагог – психолог маманы

Тренинг:  «Жақсылық нұры, адамгершілік нәрі»

Мақсаты: Педагогтар арасында адами қатынастарды орнату, ұжымда ауызбіршілікте болуға, жақсы қарым-қатынста болуға шақыру. Әрқайсысының бойындағы жақсы, адамгершілік қасиеттерін ашу. Жақсылық жасауға ұмтылдыру. Жалпы ұжымның көңіл-күйін көтеріп, шаршағандарын басу.

Міндеттері:

Топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Қажет құрал-жабдықтар: А4 қағазы

Қатысушылар: Ұжым

Әдісі: Топтық жұмыс,ой бөлісу, пікір алмасу.

Жоспар:

1.«Сәлемдесу» жаттығуы

2 . «Мән-мағына» жаттығуы

  1. «Үндестік» жаттығуы
  2. Мақал-мәтелді жалғастыр
  3. Адам бойындағы қасиетті анықтау
  4. «Қағаз доптар» жаттығуы
  5. «Адамгершілік асыл қасиет»

Барысы:

Кіріспе сөз:  Сәлеметсіздерме құрметті қатысушы әріптестерім, сіздермен кездекеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі тренингте тынығуға, демалуға, өзімізді, бір-бірімізді жете тануға мүмкіндік болады.
Сіздерді  тренинг   ережесімен таныстырып өтейін:

Тренинг ережесі:

1.Белсенділікті арттыру.

2.Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу.

3.Бір-бірімізге кедергі келтірмеу.

4.Өз ойымызды ашық айту,өзімізді еркін ұстау.

5.Өзімізге пайдалы нәрсені алу.

6.Әріптестермен жақсы қарым қатынаста болу.

7.Ұялы телефонды сөндіріп қою.

 

1.Сәлемдесу.

Барысы: Екі командаға бөлініп алайық, әр команда өз қалаулары бойынша (өлең жолдарымен немесе тақпақтап т.б) амандасуға болады.

 

 

  1. «Мән-мағына» жаттығуы

Барысы: Алдарыңызда екі қағаз бар, онда екі түрлі пікір сөз жазылған. Әр топ өздеріне берілген пікірдің мән — мағынасын ашып беру керек.
1. Адамның адамгершілігі — ақыл — ғылым, жақсы ата — ана, ұлағатты ұстаздан болады. (А.Құнанбаев)
2. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды. (Ж. Баласағұни)
Екі жақтың пікірі тыңдалып, қорытындысы шығарылады.

 

  1. «Үндестік» жаттығуы

Мақсаты: ұжымда бір-бірімізді сөзсіз де, ым-ишарасызда түсінуге болады.

Барысы: қатысушылар қолдарынан ұстап шеңбер құрады, ауыздары жабық күйінде бір -бір нота немесе әуенді хормен айтып ортаға жылжып бір-бірлеріне жақындайды.

 

4.Мақал-мәтелді жалғастыр.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.(А. Құнанбаев)

Өмір теңіз — онда жүзем демеңіз,
Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз.

Жақсылық   ағаш басында,
Жамандық  аяқ астында.

Ұлың  жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Қызың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.

Жақсының әрқашанда жолы ашық

Жамандық қылсаң жасыр,
Жақсылық  көрсең асыр.

Жақсы туса ел ырысы,
Жауын жауса жер ырысы.

Жақсынының жақсылығын айт, нұры тасысын.

Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде.

 

Жақсылық зая кетпейді,

Жамандық пайда етпейді.

Күйесіз қазан жоқ,

Кемшіліксіз адам жоқ.

 

Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы сөз – жанның тынысы.

 

Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

 

Жақсымен дос болсаң, қасыңда жүрер бөбектеп,

Жаманмен дос болсаң, артыңнан жүрер өсектеп.

 

Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әркез тозбайды.

 

5.Адам бойындағы қасиетін анықтау.

Барысы: 2 қатысушы шығады, адам бойында кездесетін қаиеттерді айтамын сол кімде бар екенін бір-бірін нұсқау арқылы көрсетеді.

Мейірімді, көңілді, аңқау, үнемі шаршаңқы, ақылды, пысық, мылжың, қалжыңбас, бұлданшақ, ақкөңіл, өсекші.

  1. «Қағаз доптар».

Барысы: Бізде теріс эмоциялар жиналып қалмас үшін, оларға қарсы реакция жасауымыз керек. Бұл жерде бізге қағаз доптар көмекке келеді. Көңілді әуен қойылады екі команда бір-бірлеріне доптарды лақтыра бастайды. Әуен аяқталғанда қай командада неғұрлым доп аз болса, сол команда жеңіске жетеді.

7.«Адамгершілік асыл қасиет»  жаттығуы.

Барысы: Тақырып бойынша екі топ  көрініс ұйымдастыру. (Ой қозғау)

Психолог: Адамгершілік — асыл қасиет, адам аз ғана өмірде бір — бірімен сыйластықта, жақсылықта өмір сүруге талпынса өміріміз де нұрлана түседі. Біреудің кемшілігін ғана емес, жақсылығын да көре білу керек. Біреуге қарап сұқ саусағыңды көрсетсең қалған үш саусағымыздың өзімізге қарайтынын көбіміз байқамаймыз. Ендеше Хорес Ратледждің әдемі сөзіне назар аударайық:
Егер өмірге тар көзбен қарасаң, ол соншалықты тар. Оған жиіркенішпен қарасаң, соншалықты жиіркенішті. Оған жарқын, кең, дос көңілмен қарасаң, қаншама тамаша адамды табасың.
Ендеше бүгінгі кездесуімізден Жақсылық нұры мен Адамгершілік нәрін бойымызға сіңірдік деп ойлаймын.
Қатынасушылар бір — бір әдемі тілектерін Тілек ағашына орналастырсын. (тақтада тілек ағашы орналасады)
Қатысқандарыңызға көп рахмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.