Home » Мақалалар » Бала тәрбиесі, отбасында –басталып балабақшада жалғасын табады

Бала тәрбиесі, отбасында –басталып балабақшада жалғасын табады

Маңғыстау обылыс Мұнайлы ауданы Атамекен селосы,
№11 Шағала балабақшасы
Абдырахман Лаура Икрамқызы
Мамандық:Тәрбиеші

 «Әке – асқар тау,
Ана-     етегіндегі бұлақ,
Бала- жағасындағы  құрақ »  деп  тегін айтылмаған  болар.
Мен тәрбиешілік қызметімді  Атамекен селосында орналасқан «№11 Шағала балабақшасына» жас маман ретінде жұмысқа қабылдандым, тәрбиеші мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, себебі балабақшаға келетін бүлдіршіндердің бәрі періште, қандай сөз айтсаңда, не үйретсеңде білуге, үйренуге дайын тұрады.
Мен тәрбиешімін Осынау мамандықтың   отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасынан кейінгі тәрбие балабақшадан басталатыны белгілі.  Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап,болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру,оны дене және ой еңбегіне үйрету,күн тәртібін дұрыс жасауға,өмір сүруге,адал  болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге,жамандықтан жиренуге үйрету, мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерін жастайынан бойында қалыптастыруға жағдай жасайды. Ата-анасын аға- апасын, іні-қарындасын  сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетіндігіне күмәнданбаймын.
Оның бәрі «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген, яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенің арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ата-ана мен ұстаздың басты міндеті.Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік,мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп,өз-өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.Тәрбиешінің тәртібі, іс-қимылы, балалармен,үлкендермен қарым-қатынас кішкентай сәбилер үшін үлгі болып,олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді.Балабақша мен  отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндеріміздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түсетіні анық. Тәрбиенің алтын бесігі –балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге,адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.