Home » Мақалалар »     Тұлғаның әлеуметтік өмірге бейімделуі

    Тұлғаның әлеуметтік өмірге бейімделуі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Ақтан батыр ауылы
Курманова Эльмира Тасболатовна
190 орта мектеп жанындағы
 «Мерей» шағын орталығының
педагог психологі
       Әрбір дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол  қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді.
Әлеуметтік өмір — экономика да, саясат та, сонымен бірге қоғам өмірінің рухани және басқа тұстары да көрініс табатын қоғамдық өмірдің негізгі сферасы. Қоғамдық өмірдің бұл саласында адамдардың тамақ, баспана қажеттілігі, бос уақытын өткізу, мәдениетті игеру, әлеуметтік қорғау секілді басқа да негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылады. Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік.
«Адам» түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берген анықтамалар өте көп.
1)Адам (биологиялық түсінік ретінде)-тіршілік иесі, өкілі, фило-және онтогенетикалық даму өнімі;
2)Адам-адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процестерін меңгеретін, табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі. Л.С.Выготскийдің анықтамасы бойынша тұлға-белгілі бір функцияларды атқару үшін пайда болатын психикалық жүйе. Тұлғаның негізгі функциясы-қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен игеру және адамды қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енгізу. Тұлға тек іс-әрекетте, қарым-қатынаста қалыптасады, өмір сүреді және өзін-өзі көрсетеді. Адамзат баласы адам болып өмірге келсе, тұлға болып өмірде қалыптасады.
Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар негізінен әкесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер балаларда ерлердің тәрбиелік қасиеттерін алудақайшы келетін дамудың белгігі қиындықтары пайда болуы мүмкін.Ал әкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар көп жағдайда өздерінің әкелеріне ұқсауға ұмтылады. Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мәнез белгілері қалыптасады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары- еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік.
Еліктеу- бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс- әрекеті.
Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарға бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде ерекше анық байқалады. Ерексек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рол атқарады.
Сендірудің үрдіс- ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынас жасайтын басқа жолдармен ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендір арқылы басқа адамдардың көңіл- күйін білеміз.
Әлеуметтік педагогикада басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм) сияқты әлеуметтену тетігіне ерекше мән берілді. Конформизм дегеніміз адам мінез- құлқының бір түрі Конформизм- басқаның айтқанына көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым- құатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі функцияларына мыналар жатады: әлеуметтік диагностика болжау ескерту- сақтандыру, құық қорғау, әлеуметтік- педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік медининалық. Қарым- қатынас, тұрмыстық, адамгершілік, ұйымдасытуршылық функциялары.
Егер әлеуметтік қызметкер тиісті кең ауқымды білімді және іскерлікті иемденсе, онда ол осы айтылған міндеттерді және функцияларды жүзеге асыра алады.  «Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен — Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен — Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив — актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр — түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді [27. б.231].
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осындай жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажетттік — себеп аймағы – жеке адамның бағыт — бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс — әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді.
Әдебиеттер:
1.Әтемова Қ.Т.Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –А.,2012,-272б.
2.Айтбаева А.Әлеуметтік педагогика негіздері. Оқу құрал.-А.,2011.
3.Социально-педагогический словарь. /Под ред. Т.Н.Черняева, А.С.Иргалиев, Ж.Ж.Жароллаева. Эл. Издание. – Уральск,2010.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.