2020 жыл басталған күннен бастап Теріскейліктер қыруар шаралар атқарып, жемісті еңбек етіп жатыр. Сол шаралардың ең ұлысы әл-Фараби мен Абай мұрасын насихаттау кең қолға алынған. Қос ғұламаның мерейтойына байланысты біраз жұмыстар атқарылып, көптеген ғылыми-семинарлар ұйымдастырылды. Соның бірден-бірі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Солтүстік Қазақстан бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «әл-Фараби және Рухани жаңғыру жолындағы Қазақстан» республикалық педагогикалық оқуы.
Тәуелсіз мемлекет үшін 2020 жыл қазақ руханиятын кеңейтіп, өскелең ұрпаққа әл-Фарабидің ғылыми мұрасының санқырлы қызметі мен әлемнің тұрақты даму идеясын ғылыми тұрғыда әл-Фараби мұраларындағы гуманитарлық ізгілікті насихаттау болды.
Республикалық педагогикалық оқудың алғашқы беташарын «СҚО әкімдігі білім басқармасының» басшысы Каримова Гүлмира Райымбекқызы ашып, әл-Фарабидің ғылыми мұрасына арналған педагогикалық оқуға қатысқан ғалымдер мен ұстаздардың жұмысына сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ұлы ғұламаның мерейтойына арналған ғылыми-педагогикалық оқуға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к., әл-Фараби орталығының директоры Мейрбаев Бекжан Берікұлы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, ф.ғ.к. Зарқын Сыздықұлы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Мұсабаева Гүлбақша Нұрмұқанқызы сияқты ғалымдардың оқыған баяндамалары әл-Фарабидің философиялық көзқарастары мен трактаттарына ғылыми тұжырым жасалып, интеллектуалды тұлға тәрбиелеудегі орнын айқындады. Сонымен қатар әл-Фарабидің шығармашылығын қазақ әдебиеті сабағында оқытудың ерекшеліктері де талданып, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Мамутова Гүлдарияға Түремұратқызы баяндады.
Кемеңгер бабамыз білім туралы айтқанда, білімнің нұрымен кемелденген рухқа ешқандай күш кедергі, тосқауыл бола алмайтынын баяндайды. Адам рухының тұрақтылығы, ең алдымен, оған нәр беретін, дәлелді тәжірибе мен терең ой толғаныстарының сүзгісінен өткен, сөйтіп орнықты пікірге ие болған санаға байланысты дей келіп, рухты сананың сәулесі түсіп тұрған айнаға теңейді. Әл-Фараби өзінің ғылыми тұжырымдарында адам рухының кемелденуі санамен тікелей байланысты деген ой келтіріп, тек сана ғана ақиқатқа жеткізетіндігін айтады.
Ғұламаның ғибратын насихаттауда Петропавл қалалық әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің алар орны ерекше. Аталмыш мектеп басшысы Смайылова Күлімкөз Қайырбайқызы әлемнің екінші ұстазы туралы жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, оның шығармалары арқылы мектеп оқушыларының санасына даналықтан дән сеуіп жүрген білікті басшы, білімді ұстаз.
Сондай-ақ қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Е.Есенғалиева, Жамбыл ауданы «Пресновка №2 ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.О.Жакупованың баяндамалары да жаңғырған сананы оятуға жетеді.
Шара соңында бірі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Солтүстік Қазақстан бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры Алма Жәкімқызы қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Қазақстан республикасы журналистер
одағының мүшесі
Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»,
СҚО