Альмагамбетов Каиржан Сагинтаевич
Павлодар қаласындағы ПШО филиалы
Әдістемелік орталықтың менеджер-әдіскері
Мұғалімдер өзін-өзі жетілдіруге көп уақыт пен күш жұмсайды. Үнемі қайта даярлау курстары, сабаққа қажетті материалдарды іздеу — мұның бәрі мұғалімнің жұмысының бір бөлігі. Оқу үдерісін мүмкіндігінше тиімді етіп, пайдалы емес нәрсеге уақытты босқа жоғалтпау үшін не істеу керек?
1. Өз қажеттіліктеріңізді анықтаңыз
Диагностикадан бастаңыз. Әрине, сіз нені үйренгіңіз келетінін білесіз, бірақ «қажеттілік» пен «керек» арақатынасын талдаңыз. Мысалы, сіз көптен бері «төңкерілген сынып» әдістемесін игергіңіз келді. Бұл жай қызығушылық па? Мүмкін, сіздің әріптестеріңіз жаппай сабақтарын жаңа тәсілдермен жүргізе бастады, сондықтан сіз олардан қалғыңыз келмейтін шығар? Немесе сізде оқытудың жаңа әдістері жеткіліксіз? Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Бұл маған жұмысымда қажет пе?» Егер жауап «иә» болса, сіз дұрыс жолдасыз.
2. Мақсатты қалыптастырыңыз
Сіз өзіңіздің проблемалық мәселелеріңіз бен қажеттіліктеріңіз туралы шешімді аңықтадыңыз. Келесі қадам — өзіңіздің жұмысыңыздағы мақсат пен міндеттерді қалыптастыру. Мысалы, сіз онлайн сабақтарды қалай өткізуді үйренгіңіз келеді. Бұл сіздің мақсатыңыз. Тапсырмалар — бұл оған қол жеткізуге көмектесетін жеке қадамдар. Олардың көмегімен сіз өзіңізді ынталандырып, үдерісті басқара аласыз. Бір аптаға міндет қойыңыз — алғашқы онлайн сабағыңызды дайындаңыз. Содан кейін тапсырманы кішігірім тапсырмаларға бөліңіз: онлайн сабағына платформа таңдап, сабақ жоспарын жазыңыз. Әр аяқталған тапсырмаға кері байланыс беріңіз – өз жұмысыңызға қанағаттана отырып, алға қарай ұмтылыс барын сезесіз. Әр күннің соңында өзіңізді кішігірім жетістіктеріңіз үшін мақтап, аптаның соңында жалпы нәтижелерді қорытындылаңыз.
3. Өзіңізді жетілдірудің формасын таңдаңыз
Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру білімінің әр формасы оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие. Сізге сәйкес келетін оқу моделін таңдағанда осыны ескеріңіз. Біліктілігіңізді арттыратын курстар сіздің кәсіби дамуыңызға қолдау көрсетіп, өз тәжірибеңізді шыңдайсыз. Қашықтан оқыту курстары да бір жерге баруға уақыт болмаса, сіз үшін қолайлы. Интернет арқылы өзіңізге ыңғайлы уақытта оқуға болады, бірақ жоғары сапалы қашықтықтан оқыту курстары көбінесе ақылы негізде өткізіледі және компьютерлік технологиялар туралы жоғары білім білікті қажет етеді. Өзін-өзі жетілдірудің ең қол жетімді түрі — жеке формасы, ол үшін өзіңізде жоғары мотивация және уақытты жоспарлау мүмкіндігі болуы керек, өйткені сіз көптеген материалдарды өздігінен оқып, өзіңізге пайдалы нәрсені таңдап алуға тура келеді.
4.Жаңа білімді тәжірибеде тексеріңіз
Тәжірибесіз мұғалім өзін-өзі жетілдіру мүмкін емес. Барлық алынған теориялық білім дағдыны нақты жағдайда тәжірибеде қолдану керек. Мұның бәрі сіздің мақсатыңызға және таңдалған тақырыпқа байланысты. Оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып бірнеше сабақ өткізіңіз. Жұмыс бағдарламасын немесе дидактикалық материалдарды дайындаңыз. Әріптестер үшін сабақтан тыс іс-шара немесе семинар ұйымдастырыңыз. Мүмкін бір нәрсе сіз ойлағандай іске аспауы да мүмкін. Ашуланбаңыз. Жұмысыңызды түзетуді жалғастырыңыз.
5.Есеп дайындау
Жұмыстың соңында барлық үдерісті талдап, нәтижелеріңізді бағалаңыз, ненің сәтті болғандығы және қандай қиындықтар туындағаны туралы қорытынды жасаңыз. Өзіңізді мадақтаңыз сенімді болыңыз, өйткені сіз өзін-өзі жетілдіру жолында білім алуға көп уақыт пен күш жұмсадыңыз. Сіз өз жұмысыңызда танымал болғыңыз келе ме? Әріптестеріңізге тәжірибеңіз туралы айтып, ұсыныстар беріңіз. Олар сіздің еңбектеріңізді бағалайды. Есепті баяндама, ашық сабақ, таныстырылым түрінде жасауға болады.
Қорыта келгенде, мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруі – бұл кәсіби дамуының баспалдағы. Табысқа жетудің кілті – кәсіби біліктілікті үнемі көтеруге көңіл бөлу болмақ. Сондықтан кәсіби біліктілігіңізді жетілдіруге уақытыңыз бен ақшаңызды, күш-қуатыңызды ешқашан аямаңыз. Үздіксіз өзіңізді дамытуға көңіл бөлетін болсаңыз, арман-мақсаттарыңызға жетуге жол ашылатыны даусыз.