Home » Мақалалар » Бастауыш мектепте оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары.

Бастауыш мектепте оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары.

Аембаева Аяжан Ешимбаевна,
 «Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша
ПҚБАИ мұғалімдердің кәсіби дамуының
педагогикалық- психологиялық сүйемелдеу
кафедрасының аға оқытушысы

 Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени  дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Функционалдық сауаттылық оқушылардың кез келген алдында туындаған  проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады. Қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субъектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
Оқыту үдерісінің нәтижелілігі бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін терең білу мен барлық оқу әрекетін соған негіздеуге байланысты болады. М.Жұмабаев: «Сыртқы дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқан адам бар нәрсені білуге, бар білгенін есте ұстауға ұмтылады. Естің қатынасуын қатты керек қылатын ғылымдарды үйретуге қолайлы шақ осы. Бұл жаста баланың міндеті ой жүгіртіп білімді іске асыру емес, білімді молайта беру; даярлай беру, бар нәрсені еске ала беру», — деп, балаларда жасынан білуге, тануға ерекше талпыныс пайда болатынына тоқталады. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Алған білімдерін кез келген ортада қолдануға, оны әрі қарай өңдеп, жасау, жобалау, тілдік  дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін түрлі тапсырмалар, жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады. Сонда, функционалдық сауаттылық ұғымына келесі анықтаманы беруге болады: адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау, шешім қабылдай  алуға қабілеттілік т.б. Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:  оқу және жазудағы сауаттылық, жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, денсаулық мәселесіндегі сауаттылық, заң сауаттылығы т.б. Оқушыларға бастауыш сыныптарда проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім оқушылардың Пиаже сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде екенін есте сақтауы керек. Осы жастағы балаларға проблема ұсынғанда мұғалімдер абстарктілі, ойдан шығарылған нәрселермен жұмыс істегеннен гөрі, қарапайым бірақ нақты мысалдарды пайдаланғаны абзал. Физикалық материалдар мен шынайы өмірден алынған мысалдарды жиі пайдалану оқу үдерісін тиімді етеді (Soylu, Y., 2010). Оқушылардың функционалдық сауаттылығын (жаратылыстану, математикалық, оқу және жазу, т.б.) қалыптастыруда басты рөл атқаратын, басты орында тұратын ұстаным – теория мен практиканың байланыста болуы ұстанымы. Сондықтан, әр педагог өз пәндері бойынша оқушыларға теориялық білім беріп қана қоймай, сол білім, білік, дағдыларын күнделікті жаңарып, өзгеріп жатқан өмірде, кез келген жағдаятта емін-еркін қолдана білуін қамтамасыз ету үшін бақылау, эксперимент, тәжірибелік жұмыстар арқылы өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастырулары қажет. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек. Фермер жинаған егінін өткізіп, келесі жылы егу үшін барлық қажетті заттарды сатып алды. Қалған ақшаға киім сатып алмақшы болды. Маусымдық жеңілдіктер кезінде барлық тауарлар өзінің бастапқы бағасының үштен бір бөлігіне арзан болады. Тауарлардың жаңа бағасын анықта. Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен пәндік, функционалдық сауаттылығын дамытуға болады. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып дұрыс ажыратуға көңіл бөліп, тұрмыс тіршілікке қажет экономикалық есептерді шығаруға жаттықтыруда маңызы зор.Егер киімге 50000 теңге қалдырған болса, фермердің қандай киімдер сатып алатындығын есептеуге көмектес.
Халықаралық TIMSS зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни, бұл зерттеудің мақсаты – математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету. (кейбір тапсырмалар үлгілерін ұсынып отырмыз).

 

Кез-келген ғылым саласы сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық–саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.

Мысалы: «Жаратылыстану» пәні, 2- сынып.

Тапсырма: Спортшының жылдамырақ жүгіруіне не кедергі болуы мүмкін? Сен қандай кеңес бересің?

Жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылыми- зерттеу дағдыларының қалыптасуына,  дамуына көмектеседі.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу жоғарыда аталған құзыреттіліктерінің қалыптасына бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Оқу­шы­лардың функционалдық са­уат­­тылығын дамыту жөніндегі
    2012-2016 жылдарға арналған ұлт­тық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
  2. 2012 жылғы 5 қыркүйекте Назарбаев Университетіндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интерактивті дәрісі.
  3. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б.
  4. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Астана, 2016 жыл

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.