Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі
Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау облыстың барлық мектебінде eduschool.kz порталы арқылы электронды қабылданады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
Баланың ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен өтініш (https://eduschool.kz сайтында);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «Бала денсаулығы паспорты» денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3×4 көлеміндегі 2 дана сурет.
Құжаттар ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында сағат 9-00 бастап eduschool.kz сайтында қабылданады!