Шалкарова Клара Жаксыбаевна
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
Жаңабазар елді мекені
Елшібек батыр атындағы мектеп -лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
ЖАЗУ — ОҚУШЫНЫ ТАНУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Оқушы ойын еркін де көркем жеткізе білуі əр сабақтың мазмұнды, қызықты өтуі мұғалім тарапынан ізденісті қажет етеді. Менің бақылауларым оқушылардың өз білімдерін жазбаша түрде толық жеткізе алмайтындығын көрсетті. Жазу — күрделі процес. Ойланған, толғандырған мəселені қағаз бетіне түсіру оқушыдан көп күш жұмсауды, сауаттылығына көңіл аударуды талап етеді.
Алдымда отырған оқушылардың жазбаша ж ұ м ы с қ а д е ге н қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ та р ы н ы ң төмендігі күнделікті сабақ жоспарлаудағы əрекетіме өзгеріс енгізді, яғни құрылымына, тіпті сұрақтың мазмұнына қайта қарай отырып, əдіс-тəсілдерді өзгерті əрі орынды қолдану жолдарын қарастыруға əкелді.
Сабағымда жазу əдістерін оқушыларды жалықтырмайтындай етіп қолдану олардың дамуына, жеке ерекшеліктерін сақтауға жəне шығармашылық қабілеттерін көрсетуге септігін тигізері анық. Осы іс-тəжірибемде жаңаша түсінгенім, оқушы өз ойын көркем жазу үшін мұғалім тарапынан ой түрткі болатын нұсқау дұрыс жолға қойылу керек.
Бірінші қолданған əдісім қазақ тілі сабағында ертегі желісі бойынша сурет салдым да, «мына суретте не болып жатыр?» деп сұрақ қойдым. Балалар жазуға нұсқау бердім жəне уақытты б е л г і л е д і м . Ж а қ с ы ж а з ғ а н б а л а н ы ң жұмыстарын оқып бердім əрі өздеріне де оқыттым. Олар осы сəттен бастап бір- бірінің жазба жұмыстарын тыңдауға қызықты.
Одан кейін жазба жұмыстарын күнделікті т а қ ы р ы п п е н б а й л а н ы с т ы р ы п , ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ қ а ж ол а ш а ба с та д ы м. Қызықтырудың екінші əдісі ретінде балаларға жазудың басын кіріспесін беріп ойларын жалғастырып жазуға ұсынылды.
Мысалы:
Е с і м х а н н ы ң е ң б е к қ о р ұлдары.(бастауыш сыныпта қазақ тілі пəні)
Ерте, ерте, ертеде Есім ханның Зат, С ы н , Қ и м ы л , С а н а т т т ы т ө р т ұ л ы болыпты. Төрт ұлы ер жетіп еңбекке араласар жасқа келіпті. Енді əр ұлының қолынан не келетіндігін білу үшін….
Күн, ауа, су. (Дүниетану)
Ерте, ерте, ертеде Күн, ауа, су адамға тигізер пайдасы туралы айтып дауласып қалыпты. Даудың шешімін білу үшін…..
Сөз құрамы (Қазақ тілі)
Ерте, ерте, ертеде « СӨЗ ƏЛЕМІ» м е к е н і н д е « Т ү б і р » ат т ы ха н , о н ы ң
«Жұрнақ» атты қызы жəне «Жалғау» атты баласы болыпты. Екі баласы өте жалқау болғандықтан Түбір Хан оларды еңбекке баулып, болашақта кім болады екен деп ойланыпты…
Бірнеше оқушының жұмыстарынан мысал келтіре кетейін:
Нұртілек
Есім ханның еңбекқор ұлдары.
Ерте, ерте, ертеде Есім ханның Зат, Сын, Қимыл, Сан атты төрт ұлы болыпты. Төрт ұлы ер жетіп еңбекке араласар жасқа келіпті. Енді əр ұлының қолынан не келетіндігін білу үшін зəулім қала тұрғызуды жөн көрді. Сөйтіп олар еңбек етіп қала құрай бастады. Зат, Сын, Қимыл, Сан өте еңбекқор болатын. О л а р а қ ш а т ау ы п ж е рл е р с а т ы п алады.Сол жерлерге үйлер, ғимараттар, дүкендер сала бастаған. Үйлерді баспанасы жоқ адамдарға берді. Ал дүкендерге азық-түлік əкеліп адамдарды жұмысқа алды. Сөйтіп алар ең соңында зəулім қалалар құрады. Əкелері оларға өте разы болды. Алайда Есім ханның балалары еңбек дегеннің не екенін түсінбеген. Бірақ олар еңбек етіп еңбек дегенді түсінді. Сөйтіп олар тату тəтті өмір сүрді.