Home » Мақалалар » ТҮЛЕКТЕР ТЕСТІЛЕУГЕ ОНЛАЙН ДАЙЫНДАЛУДА

ТҮЛЕКТЕР ТЕСТІЛЕУГЕ ОНЛАЙН ДАЙЫНДАЛУДА

Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі

18 мамыр күні білім басқармасының қолдауымен «PyVela» көпфункционалды мобильді  қосымшасын әзірлеушілер облыс мектептерінің директорыларына онлайн вебинар өткізді.
«PyVela» — оқушыларға  ұлттық бірыңғай тестілеуге тегін дайындалуға мүмкіндік беретін көпфункционалды мобильді  қосымша.
Қосымша арқылы түлектер ҰБТ-ға кез-келген жерде және кез-келген уақытта дайындала алады. Онда барлық пәндер бойынша 45 мыңнан астам ҰБТ сұрақтары енгізілген. Тест нәтижесі бойынша оқушыға қорытынды балл, дұрыс және қате жауаптар, сонымен қатар оқушының қандай пәндер, тақырыптар бойынша қиындықтары бар екендігі туралы ақпарат беріледі. Бірнеше тестілеуден өткен соң оқушыға үлгерімі туралы салыстырмалы кесте берілетін болады. Бұл бойынша оқушы қалай дайындалғанын және қандай тақырыптарды қайталау қажет екенін біле алады.
Аталған қосымша бойынша мамыр айынан бастап облыстағы 10-11 сынып оқушылары ҰБТ-ға тегін дайындалуда.
Бұдан бөлек түлектер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкелі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz. сайтында, Daryn.online, BilimLand порталдарында және iTest виртуалды кешенінде жарияланған онлайн тест тапсырмалары арқылы байқау сынақтарынан тегін өтуде. Онда тесттің 70 нұсқасы берілген.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.