Home » Мақалалар » Ұлы ерлікті ұлықтайық !

Ұлы ерлікті ұлықтайық !

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 102 ЖББМ
География  пәні  мұғалімі
Исабекова  Айым  Исабекқызы

Ерлік дегеніміз – жан дүниеміздің  ұлы қасиеті. Осындай ерлікті  біз үшін,болашақ  ұрпақ  үшін  ата-бабамыз  ел басына күн туғанда елін, жерін қорғап,өмірдің  қызыл жалынына күйіп, жан алысып жан беріскен. Әрине ер үмітін ер ақтар,ер атағын ер сақтар.Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған,ұлтының тұтастығын, жер бетінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары өте көп.Айта кетсек Б. Момышұлы, Р.Қошқарбаев,Т.Бигелдинов т.б
Сұрапыл соғыста «ел  басына  күн туғанда,етегімен су кешкен» ерлер мен бірге қолдарына  қару алып, Әлия мен  Мәншүк апамыз да асқан ерлікпен қаза тапты.Еліміздің батырлары қасық қаны  қалғанша  күресті. Ұлы  Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. Қаншама  миллион  адамның  өмірін жалмады. Жетімдіктен қаншама  бала  налыды. Аналарымыз жесір қалды.Міне елімізге қасірет алып келген, сұм соғыстың жеңіспен аяқталғанына биыл  75жыл толып отыр. Ата-бабаларымыздың  арқасында «соғыс» сөзі  ұлы «жеңіс» сөзіне айналды.Жеңіс ерекше ерлікпен келді. Сондықтан  ұлы  ерлікті ұлықтайық!
Жауынгерлер шайқасып , майданда  оқ бораған
Қастандықты  көп  көріп  ата-жаудан!
Шайқасқа шығып намыспен,ерлік танытып
Қантөгістен қаншама ашынды адам!
Ата-баба ерліктерін ұмытпай
Ұрпақтарың  жыр-өлеңін  жолдасын!
Жанып тұр  есімдерің  лаулап оттай
Енді соғыс ешқашанда болмасын!
Ел бақыты, ұрпақ мүддесі үшін өмірін қиған боздақтар есімі ешуақытта ұмтылмайды.

Ұлы ерлікті ұлықтайық !
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны –елдік
М.Әуезов

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.