156 жалпы білім беретін мектептің
11 сынып оқушысы
Абуталип Шолпанның анасы Сейтказиева Секерхан.
Қазақстан Республикасының білім министрлігінің шешімімен төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту бағдарламасы енгізілді. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында болғандықтан ең бастысы білімді,дарынды ұрпақ тәрбилеу болып табылады. Осы жолда номері 156 жалпы білім беретін мектептің директоры Ахметова Гүлнәр Мәмбетовна бастаған ұстаздар қауымы өздеріне артылған сенім үдерісінен шығуға атсалысуда. Елімізде болып жатқан қиын жағдайға қарамай, балаларды білім беруден шет қалдырмай, қажымай еңбек көрсетіп жатқан ұстаздарға ата-ана ретінде өзімнің зор алғысымды білдіргім келеді. Балаларымыз барлығы дерлік сабаққа қатысуда. Сабақтар уақытында басталып, алдын-ала жасалған кестеге сай жүргізіліп жатыр. Баламыздың осы жүйеге тез бейімделіп кетуі ата-ана, мұғалім, бала арасындағы байланыстың арқасында деп ойлаймын. Менің қызым Абуталип Шолпан осы мектептің 11 сынып түлегі. Мектеп директоры мен мұғалімдеріміздің күн-түн демей беріп жатқан білімінің арқасында балаларымыз 11 сыныпты жақсы және сәтті аяқтайын деп отыр. №156 жалпы білім беретін мектептің директоры Ахметова Гүлнәр Мәмбетовна бастаған ұстаздар қауымына ата-ана ретінде мың алғыс айтқым келеді.