Home » Мақалалар » Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты.

Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты.

Мұнайлы ауданы
№6 жалпы білім беру орта мектебі КММ
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Дауленбаев Ержан Оразбаевич

Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор.Адамның жан дүниесі қандай сұлу,таза болса,дене сымбаты да сондай болуы керек. Бұл ретте оқушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру,әдеп сақтауға үйрету,сабақ кезінде жаттығуға  сай үйлесімді қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді.Мысалы,әдетте жаттығу барысында «жақсы», «дұрыс емес» деген сөздер жиі айтылады.Ал «Жарайсың,міне қандай әдемі!»деген жылы лебізді сирек естисің.

Оқушылардың қозғалыс қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып,оның ынта-ықыласын сол жаттығулардың таза әрі үйлесімді,дұрыс  орындалуына көңіл  бөлген жөн. Барлық ынта- жігер мен зейінді  жалпы дене жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне ұштастыруды басты мақсат етіп алу керек.Ұстамдылық,қандай жағдайда да өз еркін билей алу,өзгелердің көзқарасына кері әсер етпеу,қашанда көмекке дайын тұру,әрбір оқушыға құрметпен қарау,төзімділік сияқты ізгі қасиеттер эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар болып табылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.