Колдасова Гульжан Пердебаевна
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
«7»жалпы білім беру орта мектебінің
«Информатика»пәні мұғалімі
«Ұстаздық еткен жалықпас -үйретуден балаға», — деп ұлы Абай ақын атамыз айтқандай ұстаздарымыз қашанда шәкіртінің білімі үшін тер төгері сөзсіз. Қазіргі таңдағы елімізде орын алып жатқан соңғы жағдайларға байланысты, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы әрбір азаматтың болашағы және амандығы үшін елімізге төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған негізделе білім саласы да күтпеген жаңа тәжірибені игеріп, оқушыларға қашықтан сабақ беру жолына қадам басты. Атап айтар болсақ, білім ошақтары оқу жылының 4-тоқсанын жаңа серпінмен қашықтан оқуға бел буды. Яғни ұстаз бен шәкірт үшін тосаттан келген қиындық болса да, осының бәрін бірліктің арқасында еңсеріп келеді. Кез келген қиындықтың жаңа қырынан игеретін пайдалы тұстары да болады. Осыған дәлел, күн санап ұстаздарымыз цифрлық сауаттылықтың қыры мен сырын жете түсініп, вертуалды білім әлеміне мақсат қойып жол тартты. Осы орайда әрине шәкірттеріміз әр түрлі білім платформаларына кіріп тест тапсырып, өздеріне қажетті ресурстарды пайдалануда. Алдағы уақыттарда да білімнің мол кеңістігіне шәкірттерімізбен бірге жетеміз деген ойдамыз. Бастысы «Ел аман-жұрт тыныш болсын»!