Home » Мақалалар »  Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай

 Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай

                         Алматы қаласы № 108 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Темірәлиева Венера Ерқанатқызы
Білім беру мекемелерінің қашықтықтан оқытуға көшуіне байланысты Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы онлайн форматында 2020 жылдың 18 мамырында  Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында адалдық сағаты «Балапан» арнасында қазақ тілінде «Ел арна» арнасында орыс тілінде республикалық деңгейде және Агенттіктің ютубтағы сілтемелері арқылы көрсетілді.

     Адалдық сағатының басты мақсаты:  Кемеңгер ойшыл, ұлтымыздың тарихында ерекше орын алатын Ұлы тұлға Абайдың адалдық, білім, еңбек тақырыбында жазылған шығармаларын дәріптей отырып, оқушыларға адам бойындағы әділдік, парасаттылық пен сенім құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Президент Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті. Иә, Абайдың сөзі қазақтың бойтұмары, асыл мұрасы, ең қасиетті қазынасы.  «Адал еңбекпен мал іздемек-ол арлы адамның ісі»- деп, Ұлы ойшыл өз заманында адамзатты жаңғыруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған. Абай мұрасы біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын құндылық. Өскелең ұрпақтың бойына Абай әлемінің, Абай мұрасының тылсым сырларын танытып, адам бойындағы асыл қасиеттерін бойына сіңіру басты міндетіміз  – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу.

Қорытындылай келе, адал еңбек қана алға жетелейді. Ол үшін, ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытып, адалдықты, адал еңбекті ту етіп ұстар, азаматтарды тәрбиелеу керек.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.