Home » Жаңалықтар » Балабақша – тәрбие мен білімнің баспалдағы

Балабақша – тәрбие мен білімнің баспалдағы

Отарбаева Ақдидар Ордабекқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№82 «Айару»  балабақшасы
«Бәйтерек» ортаңғы тобының тәрбиешісі

 

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз
ата — анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс — тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата-ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Отбасы – әлеуметтік қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Кез келген ата-ана өз ұрпағының қалыпты дамып, оның көп нәрсеге қабілетті болып өскенін қалайды. Ал оның тәрбиелеу өз алдына күрделі әрі өте жауапты дүние. Себебі, бала тәрбиесі ата-ана мейірім жылуымен ғана емес, оның ақыл кеңесімен тығыз байланысты. Бала тәрбиесін сөз етсек, ана мейірімі мен әкенің қатаңдығынан бастау алатынын байқаймыз. Бесіктен басталған бала тәрбиесі ХХІ ғасырда балабақшада жалғасын тауып келеді. Балабақша келешек азаматтарды тәрбиелейтін шағын институт. Балғындардың шаттық күлкісіне толы бұл мекенде тәрбиеші-педагогтар баланың тәрбиесімен қатар оның дамуына да даңғыл жол салады. Себебі, балабақшада бала бойындағы ерекше қабілеті байқалады. Баланың алғашқы қылықтары көрініс тапқан сәттен бастап оның дамуындағы ерекшеліктерді назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ, көпшілік ортаға тез үйренісіп, адамдармен тіл табысуға да балабақшаның берері мол. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру –ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз — өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы турде қамтылады. Тәрбиешінің тәртібі, іс — қимылы, балалармен, үлкендермен қарым — қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып, олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Балабақша мен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндеріміздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі. Осыдан келіп, бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар, ұжымдық қарым — қатынас, адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Кішкентай бөбектеріміз адамгершілік қасиеттерді ата — анасынан, үлкендерден, тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек шынайы көру, сезіну қатынасында алады. Адамгершіліктің құнды қасиеттерінің негізі отбасында қалыптасады.
Дана ойшыл Абай атамыз бұл туралы былай деген: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші –
ата — анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан »  Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық! Балабақша қазіргі таңда тәлім-тәрбие алатын ортасы ғана емес, сонымен қатар мектепалды даярлық мекені десек артық айтпаймыз. Үндінің ұлы философы Махатма Ганди: «Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе – оны өндіру жолындағы еңбек қана» деген екен. Ал оны түсінген адамға бұл сөзде астары терең мәнді ұғым жатыр. Міне, осы секілді елдің белді азаматы болатын, ертеңгі тұтқасын ұстайтын тұлғаны тәрбиелеп шығару жолында да балабақшаның рөлі зор

17 комментариев

  1. Өте мыкты тәрбиеші

  2. Пайдалы ақпарат, маңызды тақырып, білікті тәрбиешіден жауап👍🏻

  3. Оз жумысына ынталы, укыпты, балалармен тез тил табыса отырып, олардын дамуына, тарбесине , билим алуына кабилеттилиги жогары, Акдидар тарбиешмиздин барына куаныштымыз, енбегиниз елене берсин!

  4. Өз саласының маманы, білімді тәрбиеші Ақдидар Ордабекқызы!

  5. Өтте мықты тәрбиеш, өз мамының шебері, білімді,еңбегін жансын тек алдыңғы қатарда жүребер

  6. Ақдидар Ордабекқызы өз ісінің шебері 👍

  7. Қазақша тәрбиесі өте мықты, талапшыл, еңбекқор тәрбиеші

  8. Ақдадар Ордабекқызы жан- жақты білімді, өте керемет тәрбиеші. Өз ісінің маманы!😘

  9. Акдидар Ордабеккызы оте мыкты маман. Балам балабакшага баруды унатады

  10. Алтынай

    Шеберлігіңізге тәнтімін! Ақдидар Ордабекқызы, мың алғыс сізге!

  11. Мыкты тарбиеши соз жок

  12. Гулжан Кенбаева

    Жумысына саттилик тек бииктерден корейик

  13. Тек биіктен көрініңіз

  14. Белхожаева Гулнур

    Саттилик тилеймин!

  15. Өте маңызды тақырып

  16. Айгерім Қанатқызы

    Керемет! Тек биіктен көрініңіз! 👍❤️💪
    Толықтай Сізбен келісемін! Мектепке дейінгі буында баланың өсіп-жетілуі, дамуы мен тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек. 🙌🙌

  17. Ізденгіш, ойлай білетің, қандай іс болсада, атқара білетің тәрбиешіміз! Төзімділік пен сабырлық, сәттілік тлеймің!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.