Home » Жаңалықтар » Басшының  оқу-тәрбие жұмысын бақылауы мен бағалауы

Басшының  оқу-тәрбие жұмысын бақылауы мен бағалауы

Касенова Асем Зайтиновна,
Астана қаласы әкімдігінің
№62 «Нұрсәуле» балабақшасының
меңгерушісі

 

Бақылау педагогикалық үдерістің нәтижелері туралы мәліметтерді жинақтауға, жоспарланған міндеттерден ауытқуларды белгілеуге, озық педагогикалық тәжірибенің болуын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Бақылауды жүзеге асыру кезінде басшыдан келесі білік-дағдылар талап етіледі:  ақпаратты жинау, өндеу, жүйелеу, оны талдау және бағалау. Бұл дағдылар дұрыс шешімдер табуға көмектеседі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс тәжірибесінде жедел, тақырыптық, қорытынды бақылау қолданамыз.
Мектепке дейінгі ұйымда бақылау жүйесін құру:

осы жүйені іске асыруға тиіс мақсаттарды анықтау, міндеттерді нақтылау;
ұсынылған міндеттерге сәйкес мазмұнды таңдау;
бақылау жүргізудің нысандарын, әдістері мен өлшем шарттарын таңдау;
әр адамның өкілеттігі мен жауапкершілігін бөлуді білдіреді.

Бақылаудың сапасы мен тиімділігі мақсаттардың дұрыс қойылуына, мазмұнын іріктеуге ғана емес, сонымен қатар басшы қандай тиімді әдістерді, құралдарды таңдауына  және қалай жүзеге асырылатындығы  маңызды.
Басшы белгілі бір логикалық кұрылымды, іс-әрекеттердің нақты реттілігін кұра білуі, олардың қайталануын, кезеңділігін, үнемі өзгертілуін ойластыру керек.
Жүйелік бақылау кезінде ақпарат алу үшін мақсаттар, міндеттер және мазмұнды, ал бақылауды ұйымдастыру нысандарын (немесе оның түрлері) — қою маңызды.
Мазмұны немесе зерделенетін объектіні іріктей отырып, бұл жағдайда қандай бақылау түрінің нәтижелі болатындығын қарастыру керек.

Ең тиімді бақылау — қарапайым бақылау. Педагогикалық үдерістің  жағдайын зерттеу үшін келесі әдістер ең тиімді болып табылады:

бақылау (бақыланатын объектіні зерттеу және зерделеу);
талдау (себептерін анықтау арқылы талдау және даму үрдісін анықтау);
әңгімелесу (пікір алмасу арқылы);
сауалнама жүргізу (алдын ала дайындалған сұрактар бойынша);
хронометраж (уакыт бойынша педагогикалық процесті өлшеу);
құжаттаманы зерделеу (педагогикалық процесті жоспарлау және ұйымдастыру жүйесін таныстыру немесе анықтау мақсатында немесе өзге де ақпарат алу үшін);

Бақылаудың әр түрінің ерекшеліктерін қарастырайық.

Жедел бақылау педагогикалық үдерістің барысы мен нәтижелері туралы күнделікті ақпаратты зерделеуге бағытталған. Жедел бақылау қорытындысы бойынша педагогикалық қызметке өзгерістер енгізіледі.

Ұйымның нысандары бойынша ол алдын ала немесе озық, салыстырмалы болуы мүмкін. Әдіскер мектепке дейінгі ұйымның бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиешінің жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін салыстыра отырып, оларға балаларға бірыңгай талаптар жасауға көмектесу үшін барынша нәтижелі кеңес беруі маңызды. Әдіскердінң ескеруі қажет талаптардың бірі – бақылаудың жоспарлылығы және жариялылығы.

Тақырыптық бақылау толық ақпаратты жинауға, педагогикалық ұжымның немесе жеке тәрбиешінің жұмысына уақытылы түзетулер енгізуге көмектеседі.
Педагогикалық үдерістің жай-күйін зерттеу тақырыбы жылдық жоспарда жоспарланады. Тақырыптық бақылау нәтижелі болуы ушін бірнеше кезеңде дайындық жұмыстарын жүргізу қажет.

1-ші кезең. Мақсаттарды қою.
Әдіскер тақырыптық бақылау қорытындылары бойынша қандай нәтижелер алынуға тиіс екендігін анық көрсетіп, нақты тұжырымдауга тиіс. Бұл нәтижелер педагогикалық үдерістің жақсаруына, педагогтардың кәсіби шеберлігінін өсуіне, үздік тәрбиешілердің тәжірибесін дамыту үшін жағдай жасаумен, ата-аналармен жұмысты нығайту үшін.
2-ші кезең. Мектепке дейінгі ұйымның жас ерекшелігін және алдыңғы жылдардағы таңдалған тақырып бойынша жұмыс нәтижелерін ескере отырып жоспар кұру.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының нақты бөлімін алып, балалардың жас ерекшелігіне байланысты бағдарламаның бөлімі қалай күрделенетініне ерекше назар аудару керек; барлық тиісті әдістемелік ұсыныстарды, нұскаулықтарды таңдап, зерделеу қажет.

Бақылау жоспарының нысандары әртүрлі болуы мүмкін
Қандай тақырып бойынша тақырыптық бақылау жоспары құрастырылса да, онда үнемі 5 бағыт бөлінеді:

* Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес базалық деңгейді
* Тәрбиешінін кәсіби біліктілігін бағалау. Олардың пайдаланатын балалармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің тимділігі. Балалар ұжымын ұйымдастыру формалары. Педагогтардын кәсіби өсу жүйесі.
* Режимдік сәттерді жоспарлау деңгейі, жүйелілік және бірізділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне бағдарламага сәйкестігі. Мектепке дейінгі ұйымнын әдістемелік кабинетінде жоспарлауға көмек көрсету үшін әзірлемелердің, ұсынымдардың болуы.
* Заттық-дамытушылық  ортаны бағалау, осы бағыт бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастыру үшін жағдай жасау, әртүрлі құралдардың болуы.
* Баланың дамуы үшін ата-аналармен қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың педагог жұмысының нәтижелілігін бағалауы.

Дайындалған жоспарды тәрбиешілерге тексеру басталғанға дейін екі апта бұрын ұсыну қажет, балабакша жұмысын жетілдіру үшін тақырыптық бақылаудың мәні мен маңызын, қандай мәселелер және қандай тәртіпте зерттелетіндігін түсіндіру кажет.

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы, әдіскері тәрбиешілерді тақырыптық бақылауға даярлауда барлық қажетті көмекті көрсетуге міндетті.
Бақылау жоспарының бір данасы әдістемелік кабинетте болуы және кез-келген уакытта әрбір тәрбиеші үшін қолжетімді болуы тиіс.
3-ші кезең. Басшыны такырыптық бақылау жүргізуге дайындау.
Ол сұрақ құрастыруды, диагностикалық әдістемелерді, критериалды шкалаларды іріктеуді, бақылау барысы мен нәтижелерін белгілеу үшін схемаларды құруды көздейді. Тексеру кезінде, қандай кемшіліктер атап өтілді, не түзету, жою, өзгерту ұсынылды, ол қаншалықты сапалы орындалды-соны анықтау қажет.
4-ші кезең. Міндеттерді, зерттеу мәселелерін бөлу, жұмысты орындау мерзімін анықтау.

Тақырыптық бақылауға меңгеруші, әдіскер, психолог, музыка жетекшісі, медицина қызметкері, денешынықтыру нұсқаушысы, тәжірибелі тәрбиешілер де қатыса алады.

Әдіскердің міндеті — әрбір катысушыны алдына нақты міндет қою, оны орындау тәртібін түсіндіру, көмекке толық сұрақтар жинағын немесе толтыруға арналған сызбаны беру.

Міндеттерді бөлу және уақыт бойынша такырыптық тексеруді нақты жоспарлау үшін әдіскер кестені пайдалана алады.

Тақырыптық бақылау қорытындылары талдау анықтамасы түрінде рәсімделеді және педагогикалық кеңесте тыңдалады. Талдау анықтамасының мазмұнында тақырыптық бақылау жоспарында белгіленген барлық бес бағыт бойынша материалдар ұсынылуы тиіс.

Тақырыптық бақылау материалдары әдістемелік кабинетте рәсімделеді және сакталады. Олар педагогикалық ұжым қызметінің бір бағыты бойынша педагогикалық процестің жағдайы туралы деректер банкі болып табылады және мектепке дейінгі ұйымды аттестаттауға дайындау кезінде қолданылады.

Қорытынды бақылау. Басшы мен әдіскер қызметінде әр түрлі кезеңдердегі жұмыстың нәтижелігін анықтау арқылы қорытынды шығару қажеттілігі үнемі туындайды. Мұнда қорытынды бақылау құрал болып табылады. Егер біз педагогикалық үдерістің нәтижелері туралы айтатын болсақ, онда бұл мектепке дейінгі ұйымның жарты жылдық, оқу жылындағы жұмысының қорытындысы, жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындысы. Қорытынды бақылау ретінде 5 жылда бір рет әрбір педагогқа және жалпы мектепке дейінгі ұйымға қатысты өткізілетін аттестаттауды да есептеуге болады.

Бақылау барысында педагогтың (қызметкердің) қызметі бағаланады.
Басшы, әдіскер және педагог арасында өзара түсіністік, өзара сыйластық, өзара көмек және ынтымақтастық қатынастарын орнату маңызды.

Бағалау ішкі бақылау нәтижесі ретінде қалыптасады:

тәрбиешінің өзін-өзі бағалауынан; ата-аналардың бағалауынан;
басшының бағалауынан (немесе сарапшылық топтың); қорытынды бағалаудан.
Егер мектепке дейінгі ұйымда бірнеше нұсқасы бар (сөздік, түсті, баллдық, пайыздық) бағалау өлшемшарттары әзірленгені дұрыс. Бұл әр түрлі жағдайларда белгілі бір бағалауды пайдалануға мүмкіндік береді. Бақылауды ұйымдастыру тәжірибесінде мақсаттар мен міндеттерді ойластыру, мәселелерді тұжырымдау, нәтижелілік көрсеткіштерін немесе бағалау өлшемшарттарын аныктау маңызды. Бағалау өлшем шарттарының белгілеу түрлері болуы тиіс. Мысалы, тәрбиешінің кәсіби шеберлігі мен қасиеттерін бағалауда «+», «-», белгілер қолданылады.

Кадрларды бағалау — ұжымды басқарудағы маңызды функциялардың бірі. Еңбекті бағалау, оның қалай жүзеге асырылатынына байланысты дамуға, шығармашылыққа ықпал ететін болады.

Мектепке дейінгі ұйымда бақылау мен бағалау — бұл басшының мектепке дейінгі ұйымның барлық  жүйесінің жұмыс істеуіне,  дамуына, сондай-ақ қызметкерлердің жұмысының нормативтік актілер талаптарына және қабылданған шешімдерге сәйкестігін белгілеу бойынша мақсатты қызметі.

 

 

 

8 комментариев

  1. Айсезім

    Керемет ақпарат👏🏻👏🏻👏🏻

  2. Анаркуль

    Сіз керемет басшымыз! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Өте тамаша жазылған.

  3. Анар Науаевна

    ast.sundetova@mail.ru

  4. Жұлдыз Байсолтановна

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз,сіз сияқты басшымыз болғанға қуанамыз!Тамаша жазылған.

  5. Жұмысыңыздың жемісін көре беріңіз🙌

  6. Назерке Хатамолдақызы

    Оқу мен тәрбие жұмысына жазылған керемет ақпарат екен,ісіңізге береке берсін!
    Алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын! Сәттілік серік болсын!

  7. Асем Зайтиновна жұмыстарыңыз тек биіктерден көріне берсің😍

  8. Керемет! Тамаша!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.