Home » Жаңалықтар » ҚазҰУ — қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік

ҚазҰУ — қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік

Менің есімім Анель,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде магистратурада оқимын. Мамандығым – математика, оның ішінде математикалық физиканың теңдеулер бағыты.

Университеттің көмегімен магистрлік диссертацияны орындап, жеке қасиеттерімді дамытып, болашақта ғылыммен айналасу арқылы медицина, аэроғарыштық технология, инженерия, экология, биомедицина және басқа салаларға өз үлесімді қоса аламын деген ойдамын.

Студенттерге ҚазҰУ-дың беретін мүмкіндіктерін қарастыратын болсақ, біріншіден, білім алушыларға профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігі өте зор. Халықаралық конференцияларға, семинарларға және іс-шараларға қатысып, білім алушылар өз зерттеулерін ұсынып, тәжірибе алмасып, білім көкжиегін кеңейтіп, әртүрлі сала мамандарымен байланыс орната алады.

Екіншіден, білім алушылар шетелдік университеттерде білім алуға және сол ортаға енуге мүмкіндік беретін халықаралық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алады.

Үшіншіден, тәжірибеден өту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін әр түрлі компаниялармен және ұйымдармен университет серіктестік жасайды. Бұл олардың практикалық жұмыс тәжірибесін алуға және кәсіби дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Сонымен қатар, кампуста білім алушылар еркін компьютерлік зертханалармен, кітапханармен, ақпараттық-коммуникациялық платформалар, ІТ-ресурстар, ахуалдық мониторинг орталығы, ғылыми журналдардың, электронды ресурстардың және басқа да материалдардың кең таңдауына қолжетімділікті және ғаламтор ресссурстарымен емін-еркін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-да оқу – бұл артықшылық қана емес, сонымен қатар өз әлеуетін іске асыруға және қоғамның дамуына үлес қосуға үлкен мүмкіндік.

 

Ешпанова А.А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Механика математика факультеті
Математика мамандығының
1 курс магистранты
Куралова А.Т.
Филология факультеті
Шет тілдер кафедрасының
оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.