Оразбаева Айнұр Нұрланқызы
Алматы қаласы
«Ізбасар» оқу орталығының ұстазы
Ұстаз болғаныма мақтанамын
Ұстаз үшін оқушының білімді болғаны мәртебе. Мен осы ұстаздық жолды таңдадым, алдыма келген бүлдіршінге білім беріп, өмірге адам болып қалыптасуына ықпал ету менің міндетім, азаматтық борышым деп білемін. Осы жолды таңдағаныма еш өкінбеймін. «Ізбасар» оқу орталығында қызмет етіп келемін. Көздері мөлдіреп, оқушы боламын-деп келген әр балаға әріп танытып, есеп шығарту деңгейіне жеткізсем қуанып қаламын. Өзім қызмет етіп жүрген оқу орталықта балалардың жан-жақты дамуына жағдай қарастырылған. Шахмат, би, домбыра, вокал тағыда басқа үйірмелер бар. Заман талабына сай түрлі семинар-трейнингтерге қатысып тұрамын. Жақында ғана өзімде білімімді толықтырып, «Ғаламат» курсын тәмамдадым. Техникамен ғылымның дамыған заманында ештеңеден қалыс қалғым келмейді. Әрқашан даму жолында ізденістемін.
Ұстаз -білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Олай болса әр ұстаздың бойында осы қасиеттер болуы керек деп білемін. Ал шәкіртіміз өзімізден озып жатса ол біздің еңбегіміздің ақталғаны. Өмірдің өзі ілгерлеу мен дамудан тұрады. Мен ұстаздықтың жүгін арқалауды өз жүрегімен қаладым. Оныма еш өкінбеймін.
«Ұстаздық еткен жалықпас-үйретуге баладан» демекші балаға білім мен тәрбие беруден еш жалықпаймын қайта ләззат алмын, шабттанамын.
«Ізбасар» оқу орталығымыздан түлеп ұшқан түлектеріміздің алды бүгінде үздік оқушы, мектептерінің мақтанышы, түрлі байқау жүлдегерлері. Ұстаз қоғамның бүтін бір бөлігі, мектептің жүрегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды сонщалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуына білім беру ең маңызды мәселе, келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік арқалап келемін. . «Ұстаз болғаныма мақтанамын».