Home » Мақалалар » Атадан қалған ұлағат –  ұрпақтан ұрпаққа аманат!

Атадан қалған ұлағат –  ұрпақтан ұрпаққа аманат!

Такежанова Бакыт Акатовна
№ 59мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Атадан қалған ұлағат –  ұрпақтан ұрпаққа аманат!

Бүгінгі оқиға – ертеңгі тарих.   Халқы үшін қызмет еткен кез келген адамның   әрекетті  елі мен ұлт болашағының  тағдырына  тікелей әсер ететін, кейде тіпті күрделі  өзгеріс, төңкеріс  әкелетін, мемлекетінің  құрылымы мен ертеңіне ықпалдасатын, тарих беттерінде белгілі бір еңбегімен немесе әрекетімен  есте қалатындай  тұлғалар қатары  өз заманының қаһарманына, тарихи тұлғасына айналатыны рас.  «Елім, жерім, Отаным» – деп өз ұлтының қамын жеген,  ісі мен  сөзі қатар жүріп,  тек елінің  мүддесіне, мақсатына қызмет ететін  тұлғалардың мансабы да сол ел болашағы үшін құрбан болған тұлғалар қатары әлем тарихында, ел тарихында  болашақ ұрпаққа үлгі болатындай  құрмет пен тағзымға ескерткіш арқылы  ие болады.

Осы орайда,  әлем деңгейінде Халықаралық  ескерткіштер  мен тарихи орындар күні 18 сәуірде 1984 жылдан бері аталып өтіп келеді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық  ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау  мәселелеріне байланысты  кеңес  ассамблеясы  бекітілген  еді. Қазіргі  кезде  бұл ұйымның құрамына әлемнің түпкір түпкірінен 175 мемлекет  енгізіліп, өз  ескерткіштерін осы ұйымның қорғау нысаны  ретінде  бекіткен. Бұл  ұйымның қызметі  әлемдік ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау, қорғау   қызметін атқарады.  Бұл ұйымның құрамында дүниежүзі бойынша 122 мемлекеттен 754 тарихи құнды ескерткіштер, тарихи орындар бар.   Олар ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.  Осы 122  мемлекеттің құрамында Қазақстан да  бар.

Қазақстанда 25000 астам ескерткіштер  мен тарихи орындар бар екен. Олардың көбі біздің төл тарихымыз бен  мәдениетімізді, әдебиетіміз бен этнолингвистикалық, географиялық,  геодезиялық  зерттеу нысанына айналған жәдігерлеріміз. Біздің ежелден осы жерлерді мекендеген негізгі халық екеніміздің басты дәлелі, маңызды көрсеткіші. Әлем деңгейінде әлі де талай тарихи зерттеулер мен археологиялық  қазбалар арқылы  Қазақстан тарихын қалыптастыратын  да осы ескерткіштер.  Тек тұлғалардың  тарихынан ғана  ақпарат беріп қана қоймай, тарихымыз бен мәдениетімізден толық мәлімет беретін сәулет өнерінің  інжу-маржандары болып табылатын  нысандарымыз  қаншама?!

     

Әргісі біздің заманымызға дейінгі ІV-IІ ғғ. басталса, бергісі  күні бүгінгі жаңа Қазақстанның  тарихымен ұштасып жатыр. Ортасында 2 ғасырлық тарихтың  куәгері ретінде қаншама нысандар бар. Қазақстанның және қазақ халқының  болашағына мол еңбек сіңірген қайраткерлеріміздің ескерткіштері мен  тарихи орындарының саны қаншама?! Бір Алматы қаласының өзінде 179 тарихи-мәдени ескерткіштеріміз бар екен. Оның ішінде 99-ы сәулет өнерінің туындылары болса, 52-сі монументалдық өнер туындысы болып табылады.

Бұл  ескерткіштердің  ұрпақтан ұрпаққа  көзіміздің қарашығындай сақталып жетуінің маңыздылығы  келешек ұрпақтың  ұлтымыз бен тарихымызды  дәріптеуіне,  оны өздерінен кейінгілерге   саф алтындай сақтап жеткізу үшін  мемлекет тарапынан қорғауға енгізілген нысандар ретінде танылған. Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтаудың, қорғаудың тәрбиелік мәні өте үлкен. Біріншіден, бұл біздің тарихымызды қалыптастыруға, оны зерттеуге, тың деректерді ашуға үлкен септігін тигізсе, екіншіден, олар біздің мәдениетіміздің  әлемдік зерттеу айдарында  ерекше орынға ие бола алатын нақты көрсеткішті дәлелі болып табылады. Басқа мемлекеттердің Қазақстан мәдениеті мен тарихымен танысуына үлкен мүмкіндік. Салт-дәстүріміз бен  басқа да елдерді таныстыратын нысан ретінде оның тек тарихи ғана емес, әлеуметтік, қоғамдық, этнографиялық құндылығы өте жоғары.  Сондықтан ескерткіштер мен тарихи орындардың тәрбиелік мәнінде ұрпақ болашағының негізі жатыр.

Атаулы  тарихи ескерткіштердің біріне тазалау жұмыстары жүргізілді.  Ескерткіштер мен тарихи орындарды  дәріптеу мақсатында ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясында «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына жасөспірімдер мен балаларды қабылдаудың салтанатты шарасы  Алматы ескерткіштерінің бірінің алдында  өткізілді.  Оқушыларымыз аспан түстес галстуткі  тағып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқаруға ант етті.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.