Home » Мақалалар » ҚазҰУ мен Swiss-sasem арасындағы Халықаралық ынтымақтастық ҚазҰУ- дың оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

ҚазҰУ мен Swiss-sasem арасындағы Халықаралық ынтымақтастық ҚазҰУ- дың оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Швейцарияның қолданбалы ғылымдар, экономика және басқару мектебі (Swiss-sasem) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Стратегиялық құжатқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректоры Ж.Қ. Түймебаев пен Швейцарияның қолданбалы ғылымдар, экономика және басқару мектебінің (Swiss-Sasem) ректоры Доминик Джордан қол қойды.

Осы құжат аясында Swiss-Sasem мектебінің тәлімгерлері (Dr. Mariana Alba,                      Prof. Sandugash Sembinova, Prof. Elena Pance-Petrova) Университетіміздің профессорлық оқытушылар құрамына әр түрлі бағыттарда біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Курс соңында ең үздік деп танылған 5 қатысушы тәлімгер болуға сертификаттарын алды. Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтердің технологиясы кафедрасының оқытушылары, атап айтқанда Рахымбай Гүлмира, Таттибаева Жадыра және Бахытжан Елдана біліктілікті арттыру курсына белсене қатысты.  Сонымен қатар Бахытжан Елдана «HRM-ST708 жеке мансаптық өсу: халықаралық бәсекеге қабілеттілік және жоғарылату» бағдарламасы бойынша үздік болып танылып, университетіміздің басқа оқытушыларына Swiss-Sasem мектебінің атынан біліктілікті арттыру курсында семинар сабақтар жүргізді.

Ұсынылған курстар Университетіміздің мамандарын халықаралық аренада бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді.

ҚазҰУ аналитикалық, коллоидтық химия
және сирек элементтер технологиясы
кафедрасының аға оқытушылары, PhD:
Рахымбай Гүлмира,
Бахытжан Елдана
кафедра меңгерушісі
қауымдастырылған профессор Аргимбаева Ақмарал

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.