Жетекшісі: Гауһар Хайруллаевна
Студен:Шолпан Серікқызы
Заман өзгеріп, білімнің салтанат құрып жатқаны жахандану дейтін алып кеменің үстінде келе жатқандығымызды аңғартады. Ол үшін бәсекеге қабілетті және білімді болуымыз қажет. Болашағымыз бұлыңғыр болмасын десек, білімді және шет елдерде білім ала алатындай деңгей керек. Соңғы кездері Президентіміздің жолдауларында «жастарға» сонымен қатар ұстаздарға көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер көрсетіліп келеді. Соның бірі ағылшын тілінің маңыздылығы,сонымен қатар елдерде оны оқытудың маңыздылығына тоқталып жатыр. Мұның барлығы бала оқыту методикасына сай тиімді тәсілдер көрсететіні анықү
Ағылшын тілі – халықаралық тіл ретінде бекітілді. Әлем бойынша осы тілде тараған көптеген мақалалар мен ақпараттар алуға болады. Ендігі тілді меңгеру жайына ойыссақ. Қазіргі таңда ағылшын тілін балабақшалар мен мектептерде оқыту маңыздылығы көтеріліп те жүр.
Ютубта кейбір ұстаздар өздерінің сабағын қткізіп жатса, кейбірі бейнежазбалар қараудың тиімділігін айтады. Ал біз мектеп оқушыларын қандай методикамен, әдіс – тәсілдермен қызықтыра аламыз.
Белгілі ғалым Н. Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.
Мотивация факторлары мыналар:
— Оқу мазмұнының әртүрлілігі;
— Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы;
— Оқытушы тұлғасы;
Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», — деген. Сондықтан мұғалім қызықтыра білу керек. Қалай қызықтырады? Ол ұстаздың біліктіліге байланысты. Ізденіп әр сабаққа ден қойып, дайындалған мұғалім белгілі. Әр оқушының деңгейін анықтап, соған сай тапсырмалар беруі тиіс. Теория мен практиканы ұштастыра алуы тиіс.
Тілді меңгеруде сөздік қордың бай болуы да аса маңызды. Ағылшын тілін меңгеру үшңн сол тілде бейне жазбалар, тренинг сабаұтарға бару, сөздіктер жаттау, шет елдік достар табу мысалы әлемдік желілер арқылы сол жақтағы жандармен араласу, көрнекіліктер, кері байланыс орнату болып табылады.
Көрнекілік әдісі – ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Барлық сабаұ түрінде қолданылады. Схемалар мен фотосуреттер қоюға болады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.
Түсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру үшін қолданылады.
Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.
Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.
Балаларға оқытып, үйрету мақсаты — оқушылардың қарым-қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады. Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:
— оқушыға колайлы оку ортасын калыптастыру;
— оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-тілектерін ояту;
— оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
— оқытуды түрлендіру үшін түрлі әдісті қолдану;
— ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;
— шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;
— оқушы – субьект, оқытушы — кеңесшісі болу;
— сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Жоба әдісін қолданып оқыту бұл талаптарға жауап бере алады.
«Шетел тілі оқу курсы» — оқушылардың шетел тілінен берілетін білімге деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын анықтайтын, олардың бойында іргелі білім негіздері мен оның қосымша бөліктерін өз бетімен танып-білу дағдысына ие болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіруге қажетті курс. Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
Қорыта айтқанда, ағылшын тілін меңгерту үшін ең алдымен мұғалім білімді болу қажет. Қазақта мақал бар «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» . Тілді меңгерту де ұстаз бен оның ортасы, курс немесе сыныптастарының ролі орасан деп айта аламын. Бала қызығушылығын арттырып, білім беретін болсақ, ол – келешекте шет тілін меңгерген жан болары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан мемлекеті №3 2007ж
2. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2003ж
3. Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж
4. Мектептегі шет тілі №3 2006ж