Home » Мақалалар » АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ, ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ТЫҢДАП ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ, ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ТЫҢДАП ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жетекшісі: Гауһар Хайруллаевна
Студен:Шолпан Серікқызы

  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп атам қазақ бекер айтылмаса керек-ті. Әсілінде әлем елдерінің тілін білу, бізге көп мүмкіншіліктер сыйлайды. Осынау еліміз тәуелсіздік алып, еңсесін тіктеген сындарлы жылдар ішінде шет тілдерін үйренуге, оның ауқымын кеңейтуге көптеген жұмыстар жүргізілді. Республика көлемінде тіл үйрететін ұстаздар саны артып, әсіресе ағылшын тіліне деген сұраныстың артқаны да жасырын емес.

   Тіпті «үштілділік» деген ұғымнығ, бұқара арасында белең алған сөздер қатарында болып отырғаны белгілі. Үштілділік қайдан бастау алады, тіпті балабаұшадан бастадық. Қанша тіл білсең сол арқылы, шет елдерге шыұұан да мүдірмей сөйлеп, өзіңнің білімнің шыңдалғанын байқайсың. Тілді кім меңгертеді? Әрине ұстаздар қауымы, ең бірінші бағы бағдар беріп, жөн мен жолды сілтер ұстаздардың білімі мен біліктілігі қатар болу керек. Біз балалар мен ересектерге қалай тілді меңгертеміз? Оларға қалай қызықтырақ? Сабақ барысында нені алғы шепке қойып, нені ескеруіміз керек?

Жоғарыдағы сұрақтарға ғылым не дейді? Тарқатып көрелік…

«Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз» [1]. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз», – деді Н. Назарбаев. 

ТІЛДІ ОҚЫТУ ҚИЫН ДА, ҚЫЗЫҚТЫ ПРОЦЕСС.

Ағылшын тілін үйрену мынадай 3 түрлі әдіспен жүзеге асады.

  1. Лексикалық жұмыс.
  2. Граматикалық жұмыс.
  3. Фонеткалық жұмыс.

Тілді меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Тілдік қарым-қатынас кезінде сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен ,айтылган сөздің мағынасын түсінуі мүмкін. Сонымен қатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалық категорияларды сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп қарауға болмайды. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді, бірақ бұл жерде грамматиканың атқарар маңызы зор. Кей студент сөздің қазақ тіліндегі эквивалентін білсе де ол сөзбен сөйлем құрастыра алуы қажет.

Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс – тәсілдер пайдаланылады. Егер лексиканы оқытыпүйрету дағдысына келіп тоқталатын болсақ, ол 3 түрлі топқа бөлінілетінін көреміз: нақты сөздер, абстрактілі мағыналы сөздер және құрылымдық сөздер.

Нақты мағыналы сөздер – заттар: (book, pen, table), іс-әрекет(оқу, жүру, билеу), заттың сыны(ұзын, әдемі, жаңа) . Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Нақты мағыналы сөздерді абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіруге қарағанда жеңілдеу. Абстрактілі мағыналы сөздерге жататындар:(дүние, сөз беру,сену). Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру.

Келесі этап – лексикалық дағдының жетілдіру. Ауызша жатталған сөздер енді көру арқылы есте сақтау қабілетінің дамуы. Ол сөзді контекстан табу, жаңа сөз құрамдарыны жасау болып табылады. Сөз құрамдары көп болса лексикалық дағды нақты қалыптасады.

Грамматтикалық— барлығымызға белгілі жазу дағдыларының дұрыстығын байқату. Мәселен оқушыларға  ұстаз дыбыстап немесе дауыстап айту арқылы барлығына бір мезетте жаздырту.

Фонетикалық материалды меңгерту үшін, жаттау, сөздерді оқи білуғ, ондағы екпінге мән береміз. Сонымен қатар оқушылардың санасына көзбен көру арқылы, кейбір ұқсаса дыбыстары бар сөздерді қолдану қажет.

Ағылшын тілінде 1-4 сынып оқушыларын түрлі түсті қағаздармен жұмыс жасай отырып оларды қызықтыру қажет. Оларға үй тапсырмасына қоса ағылшын тілінде мультфильмдерді көруге кенңес беріп, ондағы жаңа сөздерді жаздырту. Осы арқылы көп деректер мен дәйекті оқушы санасына тоқи алады. Ал 5-11 сыныптарға оларға ынтасының болу керектігін, жоғары сынып оқушыларына арналған ойындар арқылы түсіндіріп, ерекшелік танытуға болады.
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор.Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құпалып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді.Ән,өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады.Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді,сөйлемге дұрыс екпін қояды.Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп,тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы тиіс.Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор.Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға,ізденісін ұлғайтуға,танымдық көзқарасын қалыптастыруға,өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтанады. (3, 18 б)

Қорыта айтқанда, ағылшын тілі әлемдік тіл екенін мойындап, оқушыға білім беру жолында түрлі методиканы қолдана біліуіміз керек. Егер де елдің гүлденіп, алпауыт мемлекеттермен терезесінің теңескенін қаласаұ елдің болашағы жастарды білім нәрімен сусындатуымыз керек. Ол үшін ағылшын тілін меңгертіп, өзге мемлекеттің мәдениетін танытуға үйретуіміз керек. Елдің болашағы — білімді жастар қолында.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Шет тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану » Е.Нұрланбекова. Шет тілін оқыту әдістемесі. 2005 ж. №2 17-18 бет
  2. « Шет тілін оқытудағы әдістеме » З.Н.Утегулова. 2009 ж. №3 24-26 бет
  3. « Мектептегі шет тілі » 2011 ж. №52  14-17 бет
  4. « Шет тілін оқыту әдістемеcі » Амандықова Г.Н. Мұхтарова Ш.Е. Баймұқанова Б.С  35-37 бет
  5. Мектептегі шет тілі №2 2011 ж. «Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану» 11-19 бет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.