Магистрлерді даярлаудың кәсіби оқыту бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды рөл атқаратын – кәсіптік білім берудің бірлескен академиялық және ғылыми-әдістемелік міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми-педагогикалық практика. Магистратураның 2 жылдық білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес білім беру бағдарламасы кәсіби практиканы міндетті түрде қамтиды. Кәсіби тәжірибе педагогикалық, өндірістік және зерттеу жұмыстарынан тұрады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да педагогикалық тәжірибе практикалық дағдыларды және оқыту әдістемесін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Магистранттардың педагогикалық практикасының мақсаты ЖОО-да педагогикалық қызметті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіби-маңызды құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Жалпы айтқанда, педагогикалық практика ЖОО-да сабақ беретін оқытушыны дайындайды. “Физика-техникалық“ факультеттің 1-курс магистранттарына педагогикалық практика көктемгі семестрге белгіленген.
“Фараби әлемі — 2020” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында “Actuality of the introducing of updated standards of education in high schools of the Republic of Kazakhstan” зерттеу жұмысы бойынша 1-орын иегері атанған “Физика мұғалімдерін даярлау” оқу бағдарламасында үздік оқитын магистранттың бірі – Нұрлан Акперов өткізген оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі кафедра оқытушылары мен студенттеріне ерекше әсер қалдырды. Тәжірибе жоспары бойынша куратор-эдвайзер Габдуллина А.Т., Туреханова К.М. және магистрант Акперов Н.К. “Рухани Жаңғыру” бағдарламасының шеңберінде Ә.Қастеев атындағы музейді тамашалап, “GreenCampus” аясында «Дыши полной грудью» шарасы өткізді, сондай-ақ ҚазҰУдың «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығындағы Коворкинг орталықта “Азаматтық ізгілікті қоғамды қалыптастыру” жобасы аясында «Киноның өмірге деген көзқарасты қалыптастырудағы рөлі» пікір-талас ұйымдастырып, “әл-Фараби” кітапханасында “100 кітап” бағдарламасы бойынша “Менің сүйікті кітабым” атты еркін тақырыпта тәрбиелік шара өткізді.
“Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика” кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, ф.-м.ғ.к. Нұрғалиева Қ.Е. мен оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD Ерімбетова Л.Т. басшылығымен өткен «Электр энергетикасы және Физика» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктері» атты кездесу өте жоғары деңгейді өтті. Шара барысында оқытушылар Жапония, Оңтүстік Корея және Европаның бірқатар мемлекеттерінде білім алу үшін бар екіжақтық бағдарламалармен таныстырса, бакалавр кезінде шетелде білім алып келген қазіргі магистранттар жеке басынан өткен тәжірибелері мен кеңестерімен бөлісті. Басты талаптың бірі – шет тілін жетік білу, ал шет тілі сертификатынсыз Ресейдің мықты университеттерінде білім алу жөнінде көптеген тағылымдамалар мен іс-сапарларда болып келген ф.-м.ғ.к, аға оқытушы Габдуллина А.Т. сөз қозғады.
Педагогикалық практика кезінде магистрант Нурлан Акперов сабақ беру методикасын үйренуге «New standards and curriculum in secondary school» пәнін таңдап, ағылшын тілінде сабақ беретін дәріскер Кундыз Турехановадан академиялық лекция оқуды, семинар сабақтарын ұйымдастыруды, студенттік өздік жұмыстарын құрастыру, қабылдау және бағалауды, аудиторияда және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануды үйренді. Видеоконференция және қашықтықтан оқыту процессі “Универ” жүйесі, MOODLE, Zoom, Microsoft Teams платформалары негізінде жүзеге асты. Аудиторияда өткен тәжірибе елімізде орнаған төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап онлайн жалғасын тапты.
Осындай күтпеген жағдайда баршамызға түсініксіз болған қашықтықтан оқу жүйесін түсіндіріп, білім алу мен тәжірибе өтудің үздіксіз болуын қамтамасыз еткен “Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика” кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., профессор С.Қ. Қоданаға кафедра үжымы және студенттер атынан алғыс айтамыз!