Омурбаева Фатима Абеновна
Алматы қаласы. Алатау ауданы
МКҚК «№164 бөбекжай — балабақшасы»
ересек «Күншуақ» тобының тәрбиешісі
«Берекелі Алтын күз»
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші:Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін. Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» — Бұл не, балалар? (Күз мезгілі). (ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
Әлімжан: Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Жанель:Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
Бекжан: Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.
Мүсілім: Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.
Ерасыл: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)
Ән: «Алтын күз»
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты. Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
- Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
- Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
- Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
- Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.
1.Екпей егін шықпас, 2. Жердің сәні егін
Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім
3. Егіндікті күз суар. 4.Арпа, бидай ас екен
Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен
5.Не ексен соны орасың 6. Жері байдың – елі бай.
Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде – «Күзгі бақша» телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екенің, хабарласып көрейік!
— Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!
Қызанақ — кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.
1 –Өрік
2 – Қызанақ
3 – Орамжапырақ
4 – Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Күз ханшайымы: — Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Бізде де бар, бау бақша»
Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.
Марғұлан: Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.
Ахмедияр: Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.
Ерасыл: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Айзере: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналаның бәрі алтын.
Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Қоянға сөз берейік!
— Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?
Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.
Үсті толы ине, өзін қорғай алады, домаланып қалады.
Қандай аң?
Балалар: Кірпі!
Қоян–кориспондент: Дұрыс балалар!
Бұтақтан бұтаққа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Балалар: Тиін!
Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!
ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.
Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.
Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Күзгі жол»
Кезегімізді өлең шумақтарына берейік.
Адина: Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.
Аружан: Ой, балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Құлап жапырақтар солыпты.
Ел егінін орыпты,
Ой, балалар,балалар.
Ойнайық та күлейік,
Мәз боп бірге жүрейік
Айрин: Сарғайды тоғай, сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге, қызық көп күзде.
Алдияр: Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды, қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.
Алинұр: Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын, сары күз,
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп.
Айым: Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Ән: «Күзгі жаңбыр»
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2024» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.
Өте мейірімды апайымызғой
Фатима апай өте керемет, еңбегіңіз жаңа берсін.
Еңбегіңіз өрлей берсін!
Апайымыз өте мейірімді ,баллармен керемет тіл табысады
Фатима апай ең сүйікті апайымыз. Еңбегіңіздің тек жемісін көріңіз
Өте керемет апай 😘 нағыз өз ісінің маманы 👍 сізге шығармашылық табыс тілеймін !!!
Керемет ертеңгілік! Еңбегіңіз жана берсін! Табыс тілеймін!
Ен керемет педагог Фатима апай 👍👍👍👍 өз мамандығының мықты шебері.
Биздин суйикти апайымыз. Биздин балапандарымызды, мектеп табалдырыгына дейин жетелеп, оз тажирбиесимен болисип, оз миндетин отте жогары аткарып, бар мейиримин биздин баларандарга берип журген отте биликтти маман😘🥰💐Биз сизди жаксы коремиз, денсаулыгыныз зор болсын, енбегиниздин жемисин жениз💐
Керемет, жарайсыз! Шығармашылық табыс тілеймін!
Өте керемет! Шығармашылық табыс тілейміз!
Фатима Абеновна сизге алгыс айтамын, балалартын алтын кузи оте керемет откен. Персонаждарга балалар куанып. Рахмет сизге! Енбегиниздин жемисин кориниз🙏🥰❤
Фатима апайға рахмет, жұмысы на табыс тілеймін🥰🥰🥰
Фатима апай өз ісінің шебері мықты педагог. Ол кісіге алғысымыз шексіз. Ол кісідей педагогтар көп болсын
Өте керемет, Фатима Абенова өте тәжірибелі маман, еңбегіңіздің жемісін көріңіз,, сізге зор денсаулық қажымпас Кайрат тілеймін
Фатима жарайсыз! Еңбегііздің жемісін көріңіз.
Еңбегіңіз жана берсін! Жұмысыңызда тек биіктерден көріне беріңіз!
Фатима енбегин жемисти болсын осылай бииктерден корине бер
Енбегиниздин жемисин кориниз! Табысты болыныз! Мы вас любим.
Өте керемет апай 👍👍 нағыз өз ісінің маманы 👍 сізге шығармашылық табыс тілеймін !!!
Балаларға аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік апайымыздың бірі! Еңбегіңіз жана бенсін.❤️😘👍
Еңбегіңіз жана берсін!!!
Фатима апай! Еңбегінің жемісті болсын! Биіктерден көріне беріңіз!
Оз исинин маманы 👍 Оте кушти апай
ФАТИМА АПАЙ ОТЕ ЖАКСЫ МЕНІҢ Кызымды ОКЫТКАН ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНЫ ЕҢБЕГІҢІЗ ЖЕМІСТІ БОЛСЫН
Фатима апай, шығармашылығыңыз арта берсін, абыройлы болыңыз, сәттілік тілеймін.
Еңбегіңнің жемісін көре бер!
Фатима апай керемет! Шығармашылық табыс тілеймін.
Шығармашылық табыс тілеймін. Еңбегіңіз елене берсін
Фатима Абеновна өз ісінің маманы, творчестволық табыс тілеймін.
Фатима Абенқызы керемет маман.
Фатима апай өте керемет тәрбиеші
👍😘😘Керемет
Оте керемет апай, барлык бала Жаксы кореды ♥️
Фатима еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Творчестволық табыс тілеймін
Керемет! Сәттілік!
Фатима апай керемет!
Шығармашылық табыс тілеймін апай!
Фатима апай толагай табыстар тилеймин 💐💐💐
Фатима апай биіктен көріне беиініз👏👏
Фатима апай биік шындардан көріне берініз
Фатима Абеновна өте білікті маман , Еңбегіңіз еселене берсін ! Шығармашылық табыс тілеймін !
Фатима апай білікті маман , алғысымыз шексіз .
Еңбегіңіз елене берсін !
Фатима апай керемет тәрбиеші . Біз сізді жақсы көреміз !
Фатима апай сәттілік
Фатима апай өз мамандыгының іскер щебері
Фатима апай жарайсыз!!!
Фатима шығармашылығың шындала берсің 💐
boranbaevaajnur999@gmail.com
Фатима апай тек алға
kogershin.amantai@icloud.com
Тәрбиешілердің мәртебесі жоғарлай берсін
Фатима апай өте мейірімді тәрбиеші. Балапандарға сіңірген еңбегіңіз дана берсін!!