Home » Балабақша » Бала тәрбиесі

Бала тәрбиесі

Султанбекова Жанна Алшеновна
Алатау ауданы  Алматы қаласы
МКҚК «№164 бөбекжай -балабақшасы»
кіші топ тәрбиешісі

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
Әбу Насыр әл-Фараби

Тәрбие бесіктен беріледі. Бүгінгі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Баланың ақылды, парасатты, әдепті болып өсуі-ата-ананын мерейі. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Ата-ана балаға үнемі қолдау көрсетуі маңызды. Өмірге нәресте келгеннен бастап ата-ананың алдында үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол –бала тәрбиесі. Ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Бала үшін ұйқысын төрт бөлген ананың еңбегі ол ер жеткен сайын қиындай түседі. Бала өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады.

Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, көркемдік шығармашылық үйірмелеріне, аналарын жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Сондықтан отбасының тәрбиелік мүмкіндігіне бірнеше факторлар әсер етеді:

1.Биалогиялық фактор: Бұл ата-анадан берілген баланың жеке басының ерекшелігін білдіретін қасиеттер: балажандық,ақкөңілділік, сабырлық, ұяндық және т.б қасиеттер бола алады.

2.Қоғамдық фактор: Бұл қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сұраныстардың отбасына тигізетін әсері. Отбасындағы өмір сүру салты мен қабылдаған дәстүрлердің қоғам талабы мен белгілі бір мөлшерде сәйкес келуі болып табылады.

  1. Әлеуметтік фактор: Бұл қоғам талабына сай өмір сүруде материалдық жағдайдың мүмкіндіктері адам денсаулығының күйімен жеке басты даму құралдарының жеткілікті және т.б жағдайлар болып табылады.

4.Психологиялық фактор: Отбасында бала тәрбиесі үшін қолайлы психологиялық ахуалдың болуы, ондағы әрбір отбасы мүшелерінің өзіне және өзгелерге деген екпінді көзқарасы мен ынтымақты қарым-қатынастың болуы.

5.Педагогикалық фактор: Балалардың жас және дара, психалогиялық, қалыптасу ерекшеліктері туралы ата-аналардыңжалпы педагокалық білімдерінің болуы.

Ата-аналар баланың тұлғалық ерекшелігіне емес, іс-әрекетіне баға беріп үйренгені жөн. Баланың өмірге бейімделуінде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Халық «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Бала табыстың кілті туа біткен қабілет емес, еңбек екенін,адам еңбектенсе ғана нәтиже болатынын біліп өсуі керек. Сонымен қатар балаға үнемі таңдау беру қажет. Ол еркімен жіберу деген сөз емес.

Мысалы: балаға екі таңдау беріледі. Біреуі ата-ана таңдауы,екіншісі бала таңдауы. Егер бала өзі таңдаса, құлшынысы көбірек болады. Өзін мәжбүрлеген адам секілді сезінбейді. Баланың кем тұсын жөндеуге күш салу керек. Керсінше, қай салада қабілетті жоғары, қызығушылығы басым, сол бағытты меңзеген дұрыс. Сонымен қатар балаға мотивация беру өте маңызды.

«Сенің қолынан келеді» деген сөздің өзі баланы қанағаттандырады және өзіне деген сенімін арттырады. Ата-ана мінез құлығындағы өзгешіліктер мен тұрақтылық балаға дұрыс әрекет жасаудың нұсқасы ретінде маңызды рөл атқарады. Еңсесі езіліп тұрған үйде бала да өзін бақытты сезінбейді. Сондықтан ата-ана балалардың көзінше ұрыспауы керек және үнемі балалармен сырласып, олардың өз ойын бүкпесіз айтуына мүмкіндік беріп отыру қажет. Бала алдында өтірік айтуға, теріс қылық жасауға, заң бұзуға, тағы басқа теріс әрекет жасауға болмайды. Керсінше, жақсылықтарды балаға көрсетіп жасаған дұрыс. Бала осының бәрін көреді, естиді, өзінше қабылдайды және өңдейді, оған барлығы әсер етеді және мұны бала өзіне берілген тәрбие деп түсінеді. Егер ата-анасының өмірі ашық болса, отбасында баламен көп сөйлессе, сол жағдайда баланы дұрыс тәрбиелеуге болады. Мұның барлығы баланың жеке тұлғасының қалыптасуына әсер етеді. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстазы болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді.
Бала ата-анасының үлгісін байқап, оларға еліктейді, сондай болуға тырысады.
Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер  «бір» өнер –демекші ата-ана бала тәрбиесінде мұқият болуы шарт.
Отбасындағы тәрбие мен қарым-қатынастың тартымды, нәтижелі болуы көп жағдайда ата-ананың білі дәрежесіне де байланысты. Көбінесе ата-ананың балаларына деген үлкен сүйіспеншілігінің болмауы нәтежиесінде, бала психикасының даму заңдылықтарын білмеуден қарым-қатынаста бірқатар дөрекілік қателіктер жіберіп алады.Ата-ана оны байқай бермеуіде мүмкін.

Баланың негізінен тәрбиесі, ең бірінші ата-анасына, екінші тәрбиесі яғни мұғаліміне ортасында жор жолдастарына іс-әрекетіне байланысты болады.

Мен тәрбиеші ретінде балаға тәрбие беруде ұлттық педагогиканы алға тартқым келеді. Қазіргі кезде тыйым сөздер жойылып бара жатыр. Ал оның тәрбиеде алатын орны ерекше.
Мысалы: Дастархан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану барысында адам өзін-өзі ұстай білуі, аз сөйлеуі тиіс.
Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады. Барлық көптеген тиым, ырымдарды бала тәрбиесінде  қолдана отырып,біз өскелең ұрпақты ұлтымызға, дінімізге жат әдеттен сақтаймыз. Оларды әдептілікке,үлкенді сыйлай білуге, кішіпейілділікке тәрбиелейміз.
Өзге елдің озық тәрбиесін бала бойына еріксіз сіңіргенше,ұлттық педагогикамыздың қайнар көзі арқылы берген тәрбиеміз қай жерден де өз нәтежесін береді.
Отбасының бала тәрбиесіндегі рөліне байланысты ата-аналарға келесідей кеңестерді ұсына кеткен артық болмас:

1.Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай,оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл кеңес беруі керек.
2.Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамытыңыз.
3.Бала жасаған келеңсіз іс-әрекеті үшін ата-ана жаза қолдана білген жөн,ол баланың жауапкершілікті болып өсуіне ықпал етеді. Бірақ еш уақытта баланың намысына тиіп, қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман.
4.Ата-ана баласын көңіл бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім оқулықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыруы керек.
Міне, осы жоғарыда айтылған кеңестер орындалса, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Тәжібаева С. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру.Алматы 2008
2.Кулик Л.А Н.И Семейное воспитание М.Просвещение 1990.
3.Дүйсенбекова Ш Әлеуметтік педагогика-Семей 2010
4.Қалиева С,Бекетай Б Отбасы-тәрбие бастауы 2011

35 комментариев

  1. Прекрасный воспитатель мой ребенок очень любит своего воспитателя и всегда с удовольствием ходит в садик

  2. Жанна апайымыз өте керемет жан. Балаларға қарым қатынасы ерекше.Ұлым апайын жақсы көреді.

  3. өте керемет тақырып, қазіргі таңдағы актуальды мәселе, Жанна ханым ісіңізге сәттілік. Жақсы маман екеніңе сенімдімін!

  4. Жанна апайымыз кушти унайды.Балаларга жаксы тарбие берип жатыр.Орнымен каталдыгы да бар.Дурыс молодец

  5. Жанна апай білікті маман, мықты ұстаз. Еңбегіңіз бағалана берсін. Қызым сізді жақсы кореді🥰

  6. Айкерім

    Жанна апай еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Болашақ ұрпаққа беріп жатқан біліміңізге алғыс айтамыз!

  7. өте керемет тәрбиеші. оз маманын жетік меңгерген.

  8. Оте білікті маман.Улым садикке куана-куана барады

  9. Биіктерден көріне беріңіз! Балаға беріп жатқан білімдеріңізбен,тәрбелеріңіз ушін рахмет👍😍

  10. Зауре Жайлаубаевна

    Білімді ұстаз.

  11. Такирова Айгерим

    Жанна Алшеновна творчестволық табыс тілеймін.

  12. Ақжарқын

    Жанна Алшеновна өте керемет тәрбиеші
    Еңбегіңіздің жемісін жеңіз👏👏

  13. Зауре Аманалиева

    Керемет тәрбиеші. Еңбегіңіз елене берсін

  14. Таухан Арайлым

    Жанна апай, енбегиниз елене берсин!

  15. Керемет! Сәттілік!

  16. Жанна апай мақалаңыз жоғары деңгейде,сізге шыгармашылық табыс тілеймін.

  17. Диана Ахмадиева

    Толагай табыстар тилеймин 💐💐💐💐

  18. Әрқашанда алға шығармашылық табыс тілеймін!

  19. Жанна апай 👏👏👏жарайсыз

  20. Катя апай

    Жанна жарайсын еңбегін жаңа берсін

  21. Жанна апай, жумысыныздын жемисин кориниз 😍 рахмет сизге коп-коп ❤️

  22. Жанна өте керемет апай, үлгілі ұстаз

  23. Эльзат алга, сәттілік

  24. Баймешова Гулзинат

    Жанна саган тек өрлеу мен сәттілік тілеймін!

  25. Saya.imanbek@gmail.com

  26. Жанна жумысында тек мақтаулы улгили бол!саган саттилик тилеймин. Енбегиннин жемисин кор!

  27. Жанар Сердалиева

    Прекрасный воспитатель. Успехов в работе 💐

  28. Жанна еңбекқор кыз! Тек биіктен корине бер . Тек саттилик !!!

  29. Күшті ұстаз, керемет тәрбиеші! Сізге тек сәттілік!!!

  30. Хороший педагог и воспитатель👍👍👍

  31. Жанна еңбегің бағаланып жемісін көр. Сәттілік серігің болсын!

  32. Жанна удачи и успехов на работе
    Вы прекрасная 🌸🌸🌸🌸

  33. Кенже Жолдасбекқызы

    Керемет, жұмысыңыз алға баса берсін.

  34. Жанна апай ең керемет тәрбиеші, балажан адам, балаларға өте керемет қарайды, адамгершілігі мол, мінезі жайдарлы, өте қарапайым, мұндай тәрбиешілерді өте аз қазіргі заманда. Тек сәттілік тілеймін.

  35. Жанна апай өз ісінің маманы, еңбегіңіз жана берсін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.