Алматы қаласы, жетісу ауданы №102 жалпы білім беретін мектеп 6-cынып оқушылары ұйымдастыруымен 14.02.2020 жылы «Ауғаныстан – жүректегі жара» атты іс-шара өткізілді.
Ауған соғысындағы интернационал жауынгерлердің ержүректілігі мен төзімділіктері ұрпаққа үлгі болатын, соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлерімізді естеп, оларға арнаулар оқылды .
Оқушылар өлең оқып, тарихи шолу жасады. Мектеп фойесінде 3-6 сынып оқушыларының арасында «Біз бақытты баламыз!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды, 9-11 сынып оқушыларының арасында «Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет!» тақырыбында шығарма байқауы өтті. Сынып жетекшілер «15 ақпан –Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Ауған Соғысы ардагердері құрметтеріне Ажахмет Ақниет ән тарту етті.
6 «В», «Г» сыныптары оқушылары «Ауған соғысы» атты музыкалық көрінісінде ауған соғысындағы қазақ жауынгрлерінің бастан кешкендерінен үзінді көрсетті.6 «А» сыныбы оқушылары патриоттық, жаужүректік сезімдерді дәріптейтін хор мен әскери шеру тару көрсетсе, 6 «Б» сыныбы оқушылары сұрапыл соғыс туралы өлеңдерін жатқа оқып, әдеби-монтаж, ал 5 – сыныптар оқушылары әкери бимен тамаша көңіл-күй сыйлады. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен, елімен қауышқан майдангер жауынгерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Олардың Отан алдындағы интерноционалдық борыштарын атқарғандарын оқушылар бойына сіңіре білді.
Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпаған. Ауған соғысының ардагерлерін арқашан құрметтейік!
102 ЖББМ КММ 6-сынып жетекшілері:
Ауэлбекова Г.У.
Жоргенбаева А.Ж
Копбаева А.А.