Home » Мақалалар » Ұшқыны бөлек «Ұшқын» жас ұстаздар клубы

Ұшқыны бөлек «Ұшқын» жас ұстаздар клубы

2022 жылдың қараша айында Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жанынан   білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман Қуанышұлының қолдауымен ,жас ұстаздардың оқу-тәрбие үдерісіндегі кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында «Ұшқын» жас ұстаздар клубы құрылды. Клубка 14 округтен жетекшілер сайланып, аудандағы барлық мектептердегі 29 жасқа дейінгі жас ұстаздар қамтылды. Ең алдымен, Бахраман Қуанышұлымен әр округке сайланған жетекшілермен кездесу ұйымдастырылып,  алдағы уақыттағы жоспар талқыланып, клубтың ашылуы жөнінде , әркім өз ойын ортаға салды. Айта кетейік, «Ұшқын жас ұстаздар» клубы  6 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Атап айтсақ, оқу, тәрбие, құқықбұзушылық, мәдениет , қайырымдылық, экология  бағыттары бар. Ең басты мақсат —  жас ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасу арқылы кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады. Клуб төрағасы болып, Райымбек Отаралин сайланды.  Қараша айының 11 жұлдызында «Ұшқын» жас ұстаздар клубының ашылуы қарсаңында , Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында жас ұстаздар форумы өтті.  Іс-шара барысында жас педагогтар үшін Ақтөбе қалалық педагогикалық шеберлік орталығының тренері Зауре Кашкенова  «Біз  бір команда» атты команда  құру тренингін жүргізді. Бұл шара  арқылы қатысушылардың эмоцияналдық көңіл-күйлерін білдірді. Форумның  әдістемелік бөлімінде секциялық отырыстар «Білім берудегі «Self- management», «Ізденейік, үйренейік Жас ұстаз», «Әлеуметтік жобалар мен гранттар», «Ұстаздардың креативті  біліктілігін интеллектуалды ойындар арқылы арттыру» сияқты тақырыптар  өтті. Қатысушылар өздерінің әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Форумның екінші бөлімінде  «Ted X» форматында мәжіліс залында спикерлер сөз сөйледі. TED конференцияның басты мақсаты- қалың көпшілікке қызықты идеяларды жеткізіп тарату.  TED міндеті –идея тарату, идея аясында тегін білім беретін , ойшылдар ойынан шабыт алатын бір-біріне жақын қауымдастық құру болып табылады. Кеш соңында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» Жас ұстаздар форумында өз тәжірбиесімен бөліскен ұстаздар, белсенді жастар аудандық білім бөлімінің атынан арнайы  алғыс хатпен марапатталды.

Жоспарға сәйкес, әр округ өздеріне қарасты мектептердің жас ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылып, клубтың  мақсаты мен  жоспары таныстырылды.

Одан кейін арнайы кесте құрылып, барлық мектептер бойынша жас ұстаздар тәжірбие алмасу мақсатында басқа мектептерге барып сабақ , сыныптан тыс жұмыс өткізді.  Оқушылардың естерінде қалатын қызықты сабақтар беріліп, түрлі замануи әдіс-тәсілдер қолданып, көңілді  сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Жас ұстаздар осындай берілген мүмкіндікке алғыстарын білдіре отырып,  болашақта осындай жұмыстар жалғасын тапса екен деген ниеттерін білдірді.

 

Отаралин  Райымбек Нұрлыбекұлы
«Ұшқын» жас ұстаздар клубының төрағасы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.