Home » Ашық сабақтар » Жердің температурасы бар

Жердің температурасы бар

Күні: 03.10.2019 ж                                                                                                                                 Сыныбы: 7«Б»                                                                                                                                                                                                                                         Мақсаты:
  1. Оқушыларды әлемдегі көмірқышқыл газ шығарындыларының өсуі проблемасымен таныстыру.    Жалпысыныптық пікірталас барысында осы проблеманы шешу жолдарын оқушылармен талқылау
  2. Бөлімдер білімін бекіту және жүйелендіру:
  • информатикадағы «Ақпараттық объектілерді құру және қайта

өзгерту»;

  • математикадағы «Статистика және деректерді талдау»

Қажетті құрал жабдықтары:

  1. Информатика үшін Excel бағдарламасы орнатылған компьютерлер.
  2. Математика үшін тор көзді дәптерлер, қарындаштар, сызғыштар 

Сабақ барысы:

Осы сабақтағы тапсырма жеке-дара, сол сияқты шағын топтармен орындалады. Қандай нұсқа керек екенін шешіп, жұмыс парақтары мен анықтамалық материалдың қажетті санын басып шығарыңыз.

Амансыздарма  ардақты әлеумет! Бүгін Қызылорда өңірінде тікелей эфирінде  №271 орта мектепте «Ашық алаң» хабары өз жұмысын бастайды. Бүгінгі бағдарлама тілшісі мен Қайырбай Айдана . Біз бүгінгі бағдарламамызда «Жердің өз температурасы бар» тақырыбында әңгіме қозғамақпыз, ендеше осы тақырып төңірегінде туындаған сауалдарыңыз болса түйіндей отырыңыздар. Бағдарламамыздың бүгінгі қонағымен таныс  болыңыздар_____________студиямызға қош келіпсіз.

Ендеше «Ашық алаңның » эфирінде бізде талқылайық,  арнайы мамандар келіп отыр  1 топ –эколог мамандар, 2- топ химик мамандар, 3- топ биолог мамандар, 4- топ статистика саласы бойынша мамандар.

Алғашқы сұрақты былай деп қоюды жөн көрдім: Қалай ойласыздар жаhандық жылыну –бұл нақты проблема ма, әлде жалған ой ма? Осы сауал бойынша әрбір мамандардан 1 спекерден пікірлеріңіз болса.

Эколог мамандар: бұл өте орынды сұрақ деп айтқан болар едім:

Күнде біз адамның тыныс –тіршілігі өнімдерін пайдаланамыз: бұл ғимараттар да, жолдар да, киімдерде, телефондар да. Өкінішке орай, заттарды өндіру жиі табиғатқа зиян келтіріп жатады. Ғалымдар Жердегі жылдық орташа  температураның үрей тудырарлық жылдам өсіп жатқанын тіркеген. Жаhандық жылыну  салдарынан мұздықтар еруде және жер мұхиттарының деңгейі көтерілуде, ал көптеген жануарлар қоршаған ортаның жағдайына икемделе алмай жатыр. Жаhандық жылыну климаттық өзгерістерге дайын болмай  адамзат үшін қауіпті. Рақмет!

Келесі осы сұрақ төңірегінде арнайы химик мамандарымыздың спикерін шақырып жалғастырсақ. Сіздер осы химия саласы тұрғысынан өз пікірлеріңізді қалай жеткізер едініздер?

Менім ойымша: Су буы мен көмірқышқыл газы жаһандық жылынуға ең көп әсер етеді. Осы газдардың үлесіне парниктік әсердің 95%-ы тиесілі. Көмірқышқыл газының антропогендік шығарындылары, яғни адамдар іс-әрекетінің әсерінен туындайтын шығарындылары ғылыми қауымдастықта алаңдаушылық тудыруда. Көмірқышқыл газы шығарындыларын айтарлықтай қысқарта отырып, біз жаһандық жылынуды тоқтата аламыз деген ой бар.

Тілші:Соңғы 2 ғасыр ішінде Жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының құрамы 30% ға өскен. Бұл қалай болғаны? Осы тұрғыдан қарастырып көрсек?

Көмірқышқыл газының табиғи көздері – бұл жанартаулар атқылауы, тірі тіршілік иелерінің тыныс алуы (бізді қоса алғанда), шіру процесі. Жер өсімдіктері бір жылда 43 миллиард тонна көмірқышқыл газын сіңіреді, бірақ табиғи көздер дәл осыншаманы

кері қайтарады. Айырмашылық шамамен 45 миллион тоннаны құрайды. Рақмет!

Құрметті көрермендер олай болса әрі қарай ортамызға биолог мамандарының спикерін  шақырсақ: Нақты осы саланың маманы ретінде жауап беретін болсам:

Бүгінгі күнде біздің еліміздің мақсаттары: шығарындыларды 2020 жылға қарай 15%-ға және 2050 жылға қарай 25% -ға қысқарту.

Сонымен шығарындылардың көбісі қазбалы отынды жағуға негізделген дәстүрлі энергетикадан түседі, баламалы энергияға ауысу шығарындыларды қысқартуға жақсы көмектеседі. Дәстүрліге қарағанда, баламалы энергия жаңартылатын көздерден алынады,

және қоршаған ортаға анағұрлым аз зиянын тигізеді. Баламалы энергияны күн, жел, геотермальдық және су электр станцияларынан алады. Сонымен қатар энергияның бұл түріне көлікке арналған биологиялық отын жатады. Шығарындыларды қысқартудың тағы бір тәсілі – бұл ресурстарды үнемдеу. Бұл жерде жай ғана логика қолданылады: адамдар

энергияны қаншалықты аз қолданса, шығарындылар да соншалықты аз болады. Мәселен, егер отбасы үйдегі барлық шамдарды энергиялық тиімдіге ауыстырса, онда ол электр энергиясына шығыстарды қысқартып қана қана қоймай, көмір қышқыл газы шығарындыларын қысқартуға көметеседі. Тағы бір тәсіл – бұл күнделікті өмірде экологияның қамын жеу. Мәселен, автомобильдің орнына велосипедті пайдалану, ал велосипед үшін тым суық болған кезде – қоғамдық көлікті пайдалану. Бір

автобустың шығарындылары барлық жолаушыларды тасымалдау үшін қажет болатын автомобильдерге қарағанда анағұрлым аз. Рақмет пікіріңізге !

Олай болса осы сұрағымыздың жауабын статистика саласының  маман спикерілерінен сұрасақ, қалай ойлайсыздар? Бұл тұрғыдан сіздердің статистика  қоғам үшін өте маңызды болып тұр:

Бүгінгі күнде біздің еліміздің мақсаттары: шығарындыларды 2020 жылға қарай 15%-ға және 2050 жылға қарай 25% -ға қысқарту.

Парниктік газдарға көмірқышқыл газы, су буы, озон, метан және… азоттың шала тотығы жатады. Бұл газдар – Жер атмосферасының табиғи құрамдас бөліктері. Егер олар болмаса, біздің планетамыздың температурасы -21оС-ден аспас еді. Су буы мен көмірқышқыл газы жаһандық жылынуға ең көп әсер етеді, газдардың үлесіне парниктік әсердің 95%-ы тиесілі. Көмірқышқыл газының антропогендік шығарындылары, яғни адамдар іс-әрекетінің әсерінен туындайтын шығарындылары ғылыми қауымдастықта алаңдаушылық тудыруда. Көмірқышқыл газы шығарындыларын айтарлықтай қысқарта отырып, біз жаһандық жылынуды тоқтата

аламыз деген ой бар. Рақмет пікірлеріңізге!

Тілші: Осы орай да арнайы бейнероликті тамашаласақ!

Ия , осы тұрғыдан сізден сұрағым келіп тұр_________________________ осы топтың спикер өкілі ретінде жерді қалай құтқарамыз? Болашақтың энергиясы дегеніміз не ?өткір ойларыңызды айтсаңыз? Рақмет!

Қымбатты көрермен, қонақтар «Ашық алаң » бағдарламасына жүздеген қоңыраулар келіп жатыр соның бірі тікелей эфирде қабылдайық: Алло!

Сәлеметсізбе !

Арнайы  Қызылорда қаласынан хабарласып тұрмын есімім: _________  мен сұрақ қояйын деп едім: Көмірқышқыл газының шығындылары неліктен өсуде? (сұраққа жауап беріледі).

Құрметті сіздермен бұл «Ашық алаң» бағдарламасында дәстүрлі «Ашық микрафон» айдары арнай әр мамандарға сұрақтар берілген сол бойынша маман иелері жауап берсеңіздер?

1-сұрақ. Жасалған диаграммадан халық пен көмірқышқыл газ шығарындыларының көлемі арасындағы арақатынас жөнінде қандай қорытынды жасауға болады?

2-сұрақ. Төмендегі екі кестені салыстырыңдар. 1992 жылдан бастап 2012 жыл аралығындағы кезеңде Қазақстан халқы мен біздің еліміздегі көмірқышқыл газ шығарындыларының көлемі қалай өзгергенін  қысқаша сипаттаңдар. Халықтың өсуі көмірқышқыл газ шығарынды көлемінің өсуі үшін міндетті шарт болып табылады ма? Неге?

3-сұрақ. Біздің кезімізде ең кедей елдердің халқы тезірек өседі. Қалай ойлайсыңдар, халқының саны өсетін осы елдердегі көмірқышқыл газ шығарындылары артады ма? Неге?

4-сұрақ. Барлық елдер нұсқау етіп алатындай көмірқышқыл газ шығарындыларын халықаралық бақылау жүйесі қалай құрылуға тиіс?

Ал енді осы тұрғыдан қорытындылап жіберсек:

Рақмет бүгінгі тікелей эфирімізге келіп тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергеніңізге рақмет! Эфирде қайта жүздескенше аман-сау болыңыздар

 

 

  Қызылорда облысы.
№271 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі, білім магистрі
Қайырбай Айдана Тарғынқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.