Home » Ашық сабақтар » Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығының құрылуы

Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығының құрылуы

Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан кейін, өткенін еске түсіріп, ұлттық мемлекеттілігіміздің қалай, қашан құрылғаны туралы білу маңызды мәселе болып табылады.

ХV — ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік — шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. ХІV — ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі саяси даму Қазақ хандығының құрылуының басты факторы болды. Сондықтан ХІV ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер жергілікті халықтардың мемлекеті деп есептеледі.

ХV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен саяси оқиғалар: Мауреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр хандығы, Жетісу мен шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті, Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзірбайжандағы Қара Қоюнлы Әулет арасындағы күрделі саяси шиеленістер.

«Мәңгілік елдің» ұлы тарихында бабаларымыз кең байтақ елін көзінің қарашығындай сақтап қалу жолында күрделі келіссөздер жүргізіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бүгінгі Қазақстанның ұлан — ғайыр жерін ерлікпен қорғап қалды. Біз бұл ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек.

Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің еліміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады.

Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі, – деп атап көрсетті.

Бұл ел тарихын зерттеуші ғалымдар үшін, сондай — ақ, жалпы қоғамның тарихи танымы үшін де маңызы зор тұжырым. Ұлт тарихының іргелі кезеңіне қалам тартқан көрнекті жазушы Ілияс Есенберлин: «Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады», – деген пікір айтқан. Қазақ елінің тарихында Қазақ хандығы дәуірінің алатын орны ерекше маңызды. Ал Қазақ хандығының тарихында әрбір тұлғаның, әрбір оқиғаның, әрбір датаның өзіндік орны бар. Солардың ішінде хандықтың құрылуының орны ерекше. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үзілмей, үздіксіз жүріп келген этникалық процестер ХІV — ХV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес аймақтардағы саяси құрылымдар дамуының заңды қорытындысы болып есептеледі.

Қазақ хандығының құрылуының аса зор маңызды жағына оның этникалық дамуды жаңа сатыға көтеруі, оны бір деңгейден екінші бір деңгейге жеткізуі жатады. Этникалық үрдіс пен саяси даму барысы бір арнада тоғысып, жаңа сипаттағы мемлекетті дүниеге әкеледі. Қазақ хандығының туы алғаш желбірей тігілген Қозыбасының қай жерде орналасқанын анықтау өте маңызды мәселе.

Қозыбасы жайлауын мекендеу Жәнібек пен Керей Сұлтандарға тиімді еді. Таяу батысындағы Кіндіктас, қазіргі Қордай жоталары жауға ұрымтал жер болғандықтан, Жәнібек пен Керей бұл ауданды мекендеуге таңдай қоймасы түсінікті.

Жұмыстың негізгі мақсаты: Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихы — Қазақ хандығының құрылуы, Қозыбасы – қазақ хандығының алғаш туы тігілген жер туралы,“Қазақ терминінің» қалыптасуын анықтап және тарихи маңызын ашып көрсету. Осы мақсатта алдыма мынадай міндеттер қойдым.

— Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан жерінде ХІV — ХVғ. Орын алған әлеуметтік экономикалық саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс екендігін дәлелдеу.

— Хандықтың негізін қалаған хандардың хандық құрудағы рөлін анықтау және олардың тегі туралы айту.

— «Мәңгілік елдің» ұлы тарихында Қазақ терминінің маңыздылығын туралы құнды мәліметтер беру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, бір тараудан, үш тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ мемлекетінің құрылуы.

  1. 1 Қазақ хандығының құрылуы.

XV ғасырдың ІІ — жартысында тарих сахнасына жаңа бір саяси құрылым – Қазақ хандығын, алғашқы Қазақ мемлекетін алып келген маңызды оқиғалар тізбегін саралап көрейік.

Тарихи әдебиеттерде «көшпелі өзбектер» мемлекеті деп аталатын Әбілхайыр Хандығы (1428 — 1470ж. ж.) XV ғасырдың 30 — 40 — шы жылдары өз дамуының жоғары шегіне жетеді. 16 — 17 жолынан билікке араласқан шайбанилық Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақтың ру – тайпа көсемдері мен билердің қолдауына сүйене отырып, XV ғасырдың 30 — шы жылдары сондағы хандар мен сұлтандардың қарсылықтарын басады. Сөйтіп Дешті Қыпшақта көшпелі тайпалар негіз болған біртұтас мемлекет құруға ұмытылады. 1446 жылы ол Сырдария өзеннің Орта ағысы бойындағы Түркістан аймағын өзіне қаратып, «көшпелі өзбектер» мемлекетінің астанасын Батыс Сібірден Түркістан аймағына Сығанақ қаласына көшіреді. [2; 158 б] Сондай — ақ Әбілхайыр хан 1449 — 1451 жылдары Мәуреннахрда қалыптасқан саяси дағдарысты өз пайдасына шешпек болып, таққа таласушы Ақсақ Темір ұрпақтарының бірі Әбу Сайд мырзаны қолдайды да, тікелей әскери көмектің жәрдемімен оны Самарқан тағына отырғызады.

Сөйтіп, Әбілхайыр хан өз хандығының оңтүстігі мен батысындағы мемлекеттердің басына өзіне қолайлы адамдарды қоя отырып, өз мемлекетінің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өзі отырғызған билеушілермен тиімді қатынас орнатады. Жалпы алғанда XV ғасырдың 40 — 50 жылдары «көшпелі өзбектер» мемлекетінің сыртқы саясаты оңтүстікте және батыста белсенді, нәтижелі түрде жүргізіледі.

Жалпы алғанда, Әбілхайыр хандығының ішкі саяси әлсіздігі, әсіресе 1457 жылы қалмақтардың жеңілуі оның мемлекетінің ыдырау процесін тездетеді. Ал ол өз кезегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп, Моғалстанда жеке хандық құруына қолайлы жағдайлар жасайды.

Қазақ хандығының құрылу тарихында Моғолстан мемлекеті және оның XV ғасырдың 40 — 50 жылдардағы ішкі, сыртқы саяси жағдайлары, мемлекеттің осы мезгілде Мауреннахрмен, Әбілхайыр Хандығымен, сонымен бірге қалмақтармен қарым — қатынасы ерекше рөл атқарады.

XV ғасырдың 40 — 50 жылдары Моғолстанның сыртқы саяси жағдайы да, көрші елдермен қарым — қатынасы да мәз емес еді. XV ғасырдың басынан бергі оның шығыстағы көршісі қалмақ тайпаларымен қарым — қатынасы көп жағдайда соғыстар, өзара жорықтарымен шектелген. Моғол — қалмақ қатынастарында қалмақтар жетекшілік орынға ие болады. Олар үнемі Моғолстанға тонаушылық сипатта жорықтар жасап, елді күйзеліске ұшыратады, ал Моғол хандары тарапынан ешқандай тегеурінді қарсылықтар жасалмайды. Қалмақ тайпаларының Моғолстанға жасаған жорықтары Есен — Бұға ханға дейін де, оның билік құрған кезінде де жалғаса береді. Мұхаммед Хайдар мырза Дулати Есенбұға ханның әкесі Уәйіс ханның (1425 — 1428ж. ж. Моғол Моғолстан ханы) Қалмақ тайпаларымен 61 рет соғысқанын, оның ішінде 2 рет оларға қолға түскендігін, 60 рет жеңіліске ұшарағандығын айтады. [3; 99 б] Моғол — қалмақ тайпалары арасындағы жорықтардың санына қарап, әскери қарым — қатынастың қандай дәрежеде, сипатта болғандығын анықтау қиын емес. Уәйіс хан бар болғаны 3 — 4 жылдай ғана хан болады. Сонда Уәйіс ханның тұсында Моғолдар шығыстағы көршілермен жыл сайын 15 — 20 рет, ал ай сайын 1 — 2реттен соғысып, жорық жасасып отырғандығын байқаймыз. Мұндай жағдай XV ғасырдың 40 — 50 жылдары Есенбұға хан тұсында да жиі қайталанып тұрады. Тіпті 1457 жылы Үз Темір тайшы бастаған қалмақтардың Әбілхайыр хан әскерімен ұрысы кезінде қалмақ көсемі өз тылын Моғолстан территориясындағы Шу өзенінің бойына емін — еркін қалдырып кетеді.

Моғолстанның XV ғасырдың 40 — 50 жылдарындағы қалмақтармен саяси қарым — қатынасы моғолдар үшін өте ауыр жағдайда болады. Сондықтанда Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуіне Есен — Бұға хан ешқандай қарсылық білдірмейді, қайта олардың келгеніне қатты қуанады.

1451 — 1457 жылдардағы Моғолстан мен Мауреннахр арасындағы саяси қарым — қатынаста Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуіне қолайлы жағдайлар жасайды. Қазақ хандығының Моғолстанның батыс бөлігінде пайда болуымен, 1451 жылы Мауреннахрға билеуші болып келген Әбу Сайд мырзаның Моғолстанның жүргізген саясаты тікелей себепші болды.

Мауреннахр билеушісінің қиын жағлайдан құтылуына бірден — бір себепкер болған Есен — Бұға ханның туған ағасы Жүніс сұлтанның Хорасанда болу еді. Қазақ хандығының Моғолстанның батысында пайда болуына тікелей себептер болған Жүніс ханның тұлғасына қысқаша тоқталып өтелік.

Әбу Сайд Мырза Мәуреннахрға төнген екі қауіптің орнымен күресуді таңдайды. Мауреннахрға төнген зор қауіп — Жахан шахтың Харасанға еніп, Гератты алуы еді. Хорасан Мауренахрдың аса бай әрі ірі сауда жолдары өтетін, қалалары көп, егіншілігі дамыған аймағы болатын. Есен — Бұғаның тонаушылық сипаттағы жорықтарымен салыстырғанда Хорасаннан айырылу, шынында да Мауреннахр үшін аса зор шығын еді.

Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуінен Есен — Бұға хан да, екі сұлтан да ұтылмайды. Есен — Бұға хан өзінің хандық билігін 1462 жылға дейін, яғни қайтыс болғанша дейін созады, ал екі сұлтан болса жаңа мемлекеттің – Қазақ Хандығының негізін қалайды.

Жоғарыда айтылған ойды түйіндей келе, Моғолстан мемлекеті мен Әбу Сайд мырза мемлекеттері арасындағы қарым — қатынастар Әбілхайыр Хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары, олардың даму барысы мен бәрі XV ғасырдың 50 — жылдарының аяғында Қазақ Хандығының құрылуына саяси алғы шарттар әзірлейді. Сондықтан да біз, Қазақ хандығының құрылуы кездейсоқ емес, саяси дамудың заңды қорытындысы деп батыл айтуға болады.

Біз бұған дейін Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Әбілхайыр хандығы Моғолстан және Мауреннахрдағы, сондай — ақ оған көрші Ирандағы саяси жағдайлар мен саяси қарым — қатынастарды қарастырдық, жаңа хандықтың құрылуының саяси аяғы шарттарын ашуға тырыстық.

Соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі және қазіргі кездегі тарихнамада Қазақ хандығының құрылу процесіне тікелей және жанама түрде қатысы бар көптеген ортағасырлық деректер мен олардың мәліметтері ғылыми айналымға енгізіледі. Солардың нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылуына негізделген тұжырым дамытылды, кеңейтілді. Бұл тұжырымның кейбір мәселесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалға, Керей мен Жәнібек хандарының Моғолстанға көшіп келген уақыты В. В. Вельяменов – Зернов бойынша, бірден — бір дұрыс уақыт деп есептелмей отырып, зерттеушілер әр түрлі жылдарды айтуда. Бірақ тұжырымның схемасы зерттеуші өзгерте қойған жоқ, олай болса бәрі оны мақұлдауда деп түсінеміз.

Жоғарыда айтылған тұжырымды қолдай отыр, оған толықтырулар енгізу арқылы Қазақ Хандығының құрылу процесін ашып көрсетуге тырыстық.

Керей мен Жәнібек хандығының Моғолстанға көшіп келуін баяндайтын мәліметтер ортағасырлық екі шығармада ғана бар. Біріншісі – Мұхаммед Хайдар мырза Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегі. Еңбек 1542 — 1546 жылдары Кашмирде жазылған [9; 110 б]. бұл кезде Қазақ Хандығының құрылғанына бір ғасырдай уақыт өткен болатын.

«Тарихи Рашидидегі» Қазақ Хандығының пайда болуы туралы екінші мәлімет 1546 жылы жазылған бірінші дәптерде де бар. Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуі Есен — Бұға хан тұсында болғандықтан «Есен — Бұға ханға әмірлердің қарсылығы және сол кезде болған оқиғалар туралы баяндау» деген бірінші дәптер тарауында бұған арнайы тоқталып өтеді. «Тарихи Рашидидегі» екінші мәліметте Қазақ Хандығының Шу мен Қазыбасы аймағында құрылғандығы, сондағы қазақтардың саны 200 мыңға дейін жеткендігі және қазақ хандығының билік құра бастаған жылы туралы бірінші мәліметте кездеспейтін фактілер бар. Сондай — ақ Қазақтар және Қазақ Хандығы туралы мәліметтер 1537 — 1538 жылға дейін, яғни Бұйдаш ханға дейін келтіріледі. ал екінші дәптердегі мәлімет 1513 жылға дейін, яғни Сұлтан Сайд ханның Қасым хан ордасына баруымен шектелген болатын.

Сөйтіп, біз бір шығармадағы бір мәселе туралы айтылған екі мәліметті салыстыра отырып, соңынан жазылған мәліметті автор арнайы жазған дейміз және Қазақ Хандығының құрылуы туралы ең құнды, ең басты мәлімет деп санауға болады.

Керей мен Жәнібектің «көшпелі өзбектер» мемлекетінен көшуін білу үшін, алдымен олардың сол мемлекеттің қай ұлысында тұрғандығының анықтаудың маңызы зор. Біз сол арқылы көшіп кетудің себептерін, Әбілқайыр ханның Керей мен Жәнібек сұлтандарға жасаған «қысымшылығының» астарында не жатқанын байқаймыз.

Керей мен Жәнібектің атақты Орыс ханның ұрпақтары екендігі баршаға мәлім. «Тауарихи гузидаи нуфат наме» бойынша «Орыс ханда 7 ұл және 5 қыз болған. Ұлдардың есімдері – Тохтақия, Құтлұқ – Бұқа, Тұғлық – Болат, Құйыршық, Тоқта – Болат, Сайид – Ахмет, Сайид — Әлі».

Қазақ хандығының құрылған жылын анықтауға XV ғасырдағы оқиғалар тізбегіне 1457 жылы Әбілхайырдың қалмақтардан жеңілісі, 1450 жылдың ІІ жартысында Әбу Сайд мырзаның Хорсанды қайтаруы, Жүніс ханды Шираздан алдырып, Мәуреннахрдың шығысында жер беруі жатады. Бірақ соңғы екі оқиғаның қай жылы болғандығын анық көрсететін факт жоқ. Тек қана оны 1456/59 жылдар аралығында болған деген болжамдар анықтауға тигізер жәрдемі бар және жатқан дерегін пайдалануды жөн көріп отырмыз. Ол — Әбілғазының Мәуреннахрдағы Әбу Сайд мырзамен, оның туысы, Ұлықбектің немересі, Әбд Әл Латифтың ұлы Мұхаммед Жөкінің билік үшін күресі жайындағы мәліметі. Бұл күрес Масуд ибн – Осман Кухистани еңбегінде де баяндалған. Әбілғазы еңбегінің бір алтықшылығы – онда Мәуренахрдағы жағдайы реттеу үшін Әбу Сайд мырза Харасандағы соғыстарын тоқтата тұрып кейін оралатынын, ең бастасы Әбу – Сайд мырзаның Мәуренахрға харосанан келген жылын берген. Түсінікті болу үшін Мұхаммед Жөкіге байланысты дерек мәліметтерін бере кетейік.

Мұхаммед Хайдар Дулати да “Есен – Бұға ханның Ферғанаға, ташкентке жорығы Әбу сайд мырзаның Харасандағы істерін кейін қалдыртуға Шираздан Жүніс ханды алдыртуға мәжбүр етті, бұл хижраның 860 жылы болған еді” – деп, толықтыра түседі.

Жоғарыда айтылған барлық ой — тұжырымдарымызды қорытындылай келе, Қазақ Хандығы ХІІІ – XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы әлеуметтік — экономикалық, саяси — этникалық дамудың заңды қорытындылары нәтижесінде пайда болады деп санаймыз және Қазақ Хандығының құрылуы бір сәтте болған іс емес, басталуы және аяқталуы бар тарихи процесс. 1458 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға көшіп келуімен Қазақ Хандығының құрылу процесі басталса, 1470 — 1471 жылы Жәнібек хан Дешті қыпшақтағы билікті толық өз қолына алуымен Қазақ Хандығының құрылу процесі аяқталады. Қазақ хандығының құрылуының Түркістан аймағы зор ықпал етеді. [7; 18 б] Одан әрі Қазақ Хандығының күшею дәуірі басталады.

Қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбектеріне сүйене отырып «Мәңгілік елдің» ұлы тарихының бастауы Қазақ хандығының құрылу тарихына зерттеу жасадым.

Жоспар бойынша барлық алға қойған негізгі мәселелерді қарастырып, кішігірім зерттеу жүргіздім. Жоғарыда айтылған ойды қорытындылай келе, Қазақ хандығы XIII — XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы әлеуметтік — экономикалық дамудың, саяси — этникалық дамудың заңды қорытындылары нәтижесінде пайда болды. Қазақ хандығының құрылуы бір сәтте болған іс емес, басталуы мен аяқталуы бар тарихи процесс. 1458 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға көшіп келуімен Қазақ хандығын құрылу процесі басталса, 1470 — 71 жылы Жәнібек хан Дешті қыпшақтағы билікті толық өз қолына алуымен Қазақ Хандығының құрылу процесі аяқталады. Яғни хандықтың құрылуы бір жылда ғана емес, бірнеше жылдар ішінде болады.

XV — XVII ғасырда Қазақстанның оңтүстік — шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы тарихи оқиға болды. Құрылғаннан кейін Қазақ хандығы Еуразияның шығыс бөлігіндегі күшті мемлекеттердің біріне айналды. 1470 — 71 жылдардан бастап ХІХ ғасырда патша үкімет кең байтақ қазақ даласындағы хан билігін жойғанға шейін Орыс хан ұрпақтары үнемі бірін — бірі алмастырып келді, бірақ саяси үстемдік енді қайтып Шыңғыс әулетінің басқа тармағының өкілдеріне көшкен емес.

 

Балуанова Когершин Тлегеновна,
Түркістан облысы,
Мақтарал ауданы
Атакент кенті
№10 Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.