«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»
Н.Ә.Назарбаев,
ҚР Тұңғыш Президенті.
Құрметті менің әріптесім! Бүгін мен өзімнің балабақшам жайлы жазғым келеді. Балабақша ол не? Ол қандай жер? Жалпы балабақша ол, баланың балабақшаға келіп кететін жері емес, я болмаса ата – ананың “ балам жұмысыма кедергі болмасыншы” деп, азаннан кешке дейін тастап кететін жері емес. Бала балабақшаға – достарымды көремін, үйде еш ойнай алмайтын қызықты ойындарды ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерімді тыңдаймын, әндер үйренемін, деп қызыға келетін шуақты мекені болу қажет. Әрине мұның бәрі тәрбиешіге де байланысты. Балаға деген махаббатың болмаса, онымен тіл табыса алмасаң, баланы бар жан – тәніңмен сүймесең, онда онымен жұмыс жасай алмайсың. Ол бір ескексіз қайықпен су бетінде әрлі – берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу тәрізді. Сол үшінде адам бұл мамандықты жай таңдай салмай, оның үлкен жауапкершілікті талап ететінін ұғынып, бар ынта – ықыласымен, сүйіспеншілігімен, қызығушылығымен жұмысқа кіріскені абзал.
Бала дүниеге іңгәләп келгеннен кейін, өз отбасымен, өз елімен қауышып, бесіктен түлейді. Бір жасқа толып, аяғын апыл – тапыл басқаннан кейін өзінің жеке дара бесігінен, “ Балабақша” деген үлкен бесік тәрбиесіне беріледі. Балабақша баланың жүйелі түрде білім –тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту әуелде айтқанымдай оңай емес. Осындай керемет қасиеттері бойында тараған, кез – келген баланы жылы жүзбен, құшақ жая қарсы алып, бала мен ғана емес, сонымен қатар ата – аналардың да көңілінен жол таба білген тәрбиешілерім жайлы, махаббат пен қуанышқа толы, жарық әрі жылы, таза алтындай “Алтын сақа” балабақшамды жерден биік көкке асырып мақтана айта аламын.
Біздің “Алтын сақа ” балабақшамыз 2017 жылы 1 – қыркүйекте ашылған болатын. Балабақшамыз қабырғасы майыспай, шаңырағы шайқалмай, керегесі кең болып, терезесі тең болып жұмыс жасап келе жатқанына осымен үш жылдай уақыт болды. Осындай аз уақыттын ішінде көп жетістіктерге жетіп, бала саның көбейтіп, керемет танымал болмасақта, жасаған іс – әрекетімізбен, балаға берген тәлім – тәрбиеміз арқылы, ата – аналардың көңілдерінен шығып, біраз жерлерге “ Алтын сақа” балабақшасы атауымен танылудамыз. Біздің көпшілік назарына ілініп, біраз жерлерге “ Алтын сақа ” балабақшасы атауымен танылып жатқанымыздың бірден бір себепшісі, осы балабақшаның ірге тасын қалаушысы, қамқор, жанашыр, бар жағдайымызды жасап, баршамызға бірдей көңіл бөліп жүрген, біздің сыйлы да құрметті директорымыз Сыдыкова Сағынған Елеусизқызы, балабақшаның есебіне жауапты білікті маман Сыдықова Зухра Манаповна, білімді педагогтар, әр балаға мейіріммен қарап, махаббатына бөлеп, көңілінен орын ала білген өз ісінің мамандары жұмыс жасайды. Атап айтар болсам, кішкентайлар “ Қошақан” тобының тәрбиешісі Бөлек Жанар Егінбайқызы, 4 – жас “ Балапан” тобының тәрбиешісі Мұханбетжанова Альмира Мейрамбекқызы, 5-6 жас ересек “Ботақан” тобының тәрбиешісі Сағынбаева Гүльнар Сагадатовна, және 3 – жас “Жұлдыз” тобының тәрбиешісі Даурбаева Жұлдыз Еділқызы. “ Ұл тәрбиелей отырып, халық тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз ”- деп Мұхтар Әуезов айтқандай, жоғарыда есімдері аталып өткен ұлағатты ұстаздарымыздың әр балаға жеке көңіл бөліп, тәрбиесіне аса қатты мән беруде. Бала үшін суретші де, әртіс те, әдебиетші де, ақылшы да, доста, бала жанының психологы да бола біліп, аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүргенімізді басымды биік көтеріп, мақтана айтқым келеді. Олар мақтауға ғана емес, одан да зорына лайықты жандар. Себебі олардың ерлік, батыл іс – әрекеттерін қарапайым адамдар жасай алмас еді. Әсіресе, осы салада жұмыс жасамаған жандар. Иә, әр істің өз қиындығы бар. Алайда бала тәрбиесі, ол компьютер алдында отырып, қағаз басып шығарудан да маңызды жұмыс. Ақын Фариза Оңғарсынова өлеңге қосып жырлағандай “ Үй жақсыма, бақшама? ” деген сұрақты біздің бүлдіршіндерге де келіп қоятын болсақ , олар қуана “ бақша” дер еді. Балабақшаны үйіндей,тәрбиешіні анасындай қабылдауға көмектескен әрине ол біздердің кезекті еңбегіміздің жеңісі.
Біздің “ Алтын сақа” балабақшасына күн санап, айлап, жылдап балаларын біздің балабақшамызға бергілері келіп жүрген ата — аналарда жоқ емес. Олар тіпті балабақшамызда кейде орын болмай жатса да, бір үмітпен табылып қалар деп қайта келіп жатқандарда бар. Ата – аналардан жылы, мақтау сөздер есту біз үшін үлкен бір қуаныш. Жылда атап өтілетің ертеңгіліктерде, балаға мерекелік көңіл күй сыйлауда тәрбиешілер алдына жан салмай, кез келген кейіпкердің бейнесіне еніп, рөлімізді сомдап, балаға да ата – аналарға да қуаныш сыйлаудамыз. Әр түрлі конкурстарға қатысып, балабақша ішінде ашық сабақтар, жарыстар өткізіп, балалардың күнін қызыққа толтырып жатамыз. Казіргі таңда шыны керек көп жағдай да ата – аналар балаларын балабақшаға беруге қорқып, уайымдап жатады. Әрине олардың уайымы орынды. Әйтсе де ата – аналарға айтарым салыстыра айтсам, балабақшаға баратын бала мен балабақшаға бармайтын баланың бір бірінен айырмашылығы жер мен көктей. Баланың ортамен араласып, жана достар тауып, жауапкершілікті сезіне алғаны жақсы. Сол үшін де уайымды кейінге қойып, баланың болашағына үміт пен сеніммен қарап, оларға қолдау көрсетейік. “ Алтын сақа ” балабақшамызда айтып өткенімдей білікті мамандар аз емес. Бізде – әдіскер де, логопед те, ағылшын тілі маманы да, саз – би жетекшісі де, дене шынықтыру мұғалімі де, тәжірибесі жоғары тәрбиеші педагогтарымызда бар. Сонымен қатар түрлі дәмді тағамдар дайындайтын, әзірлеген тағамын сүйсіне жейтін, әр астан кейін балаларымыз алғыс айтатын, қолынан бал тамған аспазшымыз Самбет Сарсенкүл Абилкасымқызына да айтар алғысым шексіз. Балалардың тоқ жүруін қадағалап, үнемі әр түрлі ас мәзірлерін дайындап жатады. Сонымен қатар “ Алтын сақа ” балабақшасынын тазалығына жауапкершілікпен қарап, жұмысын бар ынта – ықыласымен атқаратын, біздің ұжымымыздың бір мүшесі Дастенова Ақмарал Ескенқызына да алғысым шексіз. Осы күнге дейін балабақша тазалығына сын келтірмей, жұмысын ұқыпты, тиянақты жасағаны үшін. Сонымен қатар тазалыққа да, бала денсаулығына да аса қатты мән беретін, ұзақ жылдық тәжірибесі бар, өз ісінің жоғарғы маманы, біздің дәрігеріміз Косшанова Аякөз Молдағалиқызына да айтар алғысым шексіз. Міне осындай білікті мамандар жұмыс жасайтын ортамызға, әріптес қана емес, бір отбасыдай болған, балабақшаны ыстық ұяға айналдырған “ Алтын сақа ” балабақшамызға сіздерді шақырамыз.
Бала үшін салынған зәулім ғимарат, махаббат пен сүйіспеншілікке толы болмаса, жағылған отынмен балаға жылу сыйлай алмайсын. Таңдаған мамандығымызға құрметпен қарап, дұрыс атқарайық. Себебі, Тәрбиедегі мақсат — адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, адам қылып шығару деген Мағжан Жұмабаев!
Бекибаева Жанар Қасқатайқызы,
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы
« Алтын сақа» балабақшасының меңгерушісі