Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған жандардың бірі- Шортанды №3 қазақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Өнерхан Айнұр. Білім саласына өз өмірінің 12 жылын арнаған абыройлы, еңбекқор ұстаз.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде Айнұр ұстаздың еңбегі зор.
Әлемге әйгілі ойшыл, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фараби ұстазды: «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» деп өте жоғары бағалаған.
Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: “Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз”.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкірттерінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстазымыз Айнұрдың армандары көп, мақсаттары биік.
“Білім басы- бейнет, соңы зейнет”- дегендей өз еңбегінің және тоқтаусыз ізденістерінің арқасында білім шыңына жеткен нағыз ұстаз. Білгенін өзгелерге үйретуден еш жалыққан емес.
Айнұрдың сөзі маржан, ақылы тұнық. Көңілге түйген ойларымен үнемі бөлісіп отырады. Айнұр білімді болудағы алғырлықты, зеректік пен қырағлықты, аңғарымпаздықты бойына жиған шығармашыл, ізденімпаз ұстаз. Шәкірттерге деген ілтипаты мен берері мол болса, бұл оқушылардың бақыты. Балалардың арасында жүріп, олардың қуанышы мен жеткен жетістіктеріне куә болу, соған үлес қосу – ұстаздың бақыты. Айнұр азғантай жыл еңбек етседе, жеткен жетістіктері өте көп:
Халықаралық «меньше мусора» компаниясынан Алғыс хат.
Халықаралық «Молодые репортеры для окружающей среды», номинациясы бойынша Алғыс хат.
«Жасыл энергия» энергия және ресурстарды қолдану жөніндегі халықаралық жоба СЕРТИФИКАТ, ІV халықаралық әлеуметтік –педагогикалық инновациялық Жәрмеңкесінде шығармашылық қаблеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін ГРОМАТАСЫ, Ақмола облысы білім беру басқармасының жанындағы «облыстық білім берудегі мониторинг,жаңа технологиялар, ақпараттандыру және оқу-әдістемелік жұмыс орталығының» ГРОМАТАСЫ Ақмола облысының білім басқармасы, «Үздік авторлық бағдарлама» атты облыстық сайысының «Ең креативті ұстаз» номинациясы бойынша ДИПЛОМ және Қ Р Білім және Ғылым министрлігінің ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін “АЛҒЫС ХАТПЕН” марапатталған.
Ұстаздық еткен жылдарында қаншама шәкіртін білім нәрімен сусындатып, бойларына ізгілік шуағын дарыта білген Өнерхан Айнұр білім ордасында шәкірттерінің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің құрметіне бөленіп, жаңа дәуірдің жаңа үрдісіне сай еңбек етуде. Шортанды №3 орта мектебінде жұмыс жасай жүріп, көптеген нәтижелі жетістіктерге жетті. Оқушылары аудандық және республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иемденіп келеді.
- Облыстық зерде байқауында: «Тұрмыста энергия үнемдеп үйренеміз»- Мардан Асел-ІІІ орын;
- Республикалық 25% грантқа жеңілдік: А.Яссауи олимпиадасы
- ынып оқушысы Ахметова Сания;
- Республикалық байқау:«Жануарларды аялау –әр адамның парызы»
Ботабек Мадина мен Досан Айнұр «Жануарлар пайдасы» номинациясы бойынша «Алғыс хатпен» марапатталған.
Ұстаз деген ұлы атқа лайық Айнұрдан кейінгі жас ұстаздар еңбегін үлгі тұтып, бойына дарытқан қасиеттерін өз бойларына дарытуға талпынып, алға ұмтылса, Қазақ елінің болашағы жарқын болады деп сенемін.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Өнерхан Айнұр- тек қана ұлағатты ұстаз ғана емес ибалы келін, асыл жар, 3 баланы тәрбиелеп отырған ардақты ана.
«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді»,- деген сөзбен ойымды қорытындылағым келеді. Ал болашақ данышпан тәрбиелейтін, дарындардың талантын ашатын , әрине, ұстаздар!
Қасен Нұрғайша,
Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Шортанды №3 қазақ орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі