Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров судьялар және сот қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шараны өткізді.
Іс-шараға облыстық соттың алқа төрағалары, судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, Соттар әкімшісінің басшысы мен сот жүйесінің қызметкерлері қатысты.
Досжан Әміров салтанатты іс-шараны аша отырып, барлығын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, Тәуелсіз еліміз өткен 28 жылы ішінде елімізде тұратын халықтардың бейбітшілігі мен келісімді сақтай отырып, дүниежүзіне танылып, үлкен жетістіктерге жеткендігін атап өтті.
Облыстық соттың төрағасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуын анықтайтын бағыттарды еске салды. «Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесінің дамуына әрбір судья мен сот қызметкері өзінің күнделікті жұмысымен үлес қосу міндетті» — деді А.Әміров.
Салтанатты іс-шарада Ақмола облысының ардагер-судьялар Кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділов судьялар мен Соттар әкімшісінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне судьялар мен сот жүйесінің бірқатар қызметкерлері түрлі марапаттарға, айрықша белгілерге, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарға ие болды.
«Үш би» құрмет белгісімен Мұқашев Сабыр, «Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрметті мүшесі» белгісімен Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және Ақмола облыстық сотының судьясы Әскербек Жакулин, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Құрмет грамотасымен Біржан сал аудандық сотының төрайымы Гүлмира Анарбекова және сот жүйесінің ардагерлері Ерлан Жанәділов, Абай Мәкітов, Жұмакүл Сыздықова және Анатолий Шатов марапатталды.
«Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов, «Сот жүйесінің ардагері» медалімен отставкадағы судья Гүлнар Кәмали, «Сот жүйесінің үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгісімен Ерейментау аудандық сотының төрағасы Мақсат Ақышев марапатталды.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Құрмет Грамотасымен Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Арман Жақыпов, Зеренді аудандық сотының судьясы Күлпаш Шолпанқұлова, Соттар әкімшісінің мамандары Ағлан Жапаров, Айнара Елубаева, Динара Менжанова, Индира Сабырова, Әлібек Бегенжов және Ұлттық гвардия әскери бөлімінің командирі Асқар Файзуллин марапатталды.
«Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен Бұланды аудандық соты кеңсесінің маманы Балкенова Аягөз, «Сот жүйесінің үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгісімен Көкшетау қалалық соты кеңсесінің маманы Ғайша Аурарина, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің Құрмет грамоталарымен Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Қуанышбек Мәгдиев және Біржан сал аудандық соты кеңсесінің маманы Үміт Кәкімова марапатталды.
Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің Алғыс хаттарымен Соттар әкімшісінің мамандары Исенова Қымбат және Сонникова Наталья марапатталды.
Ақмола облысы Әкімінің Алғыс хаттарымен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің басшысы Бейсембаев Талғат, Ақмола облыстық сотының судьясы Ертаева Роза және Көкшетау қалалық сотының судьясы Салтанат Бақытжанова марапатталды.
Ақмола облыстық соты төрағасының Алғыс хаттарымен Ақмола облыстық сотының судьясы Мұқашева Дана, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Әлжанов Бауыржан, аудандық соттардың судьялары Жангелді Ахметов, Арман Жақыпов, Адина Жаркенов, Еркебұлан Маштаев, Нұрлан Нұрәлиев және Соттар әкімшісінің мамандары Жандарбекова Гаухар, Жұбанышева Айгүл, Изахметов Берік, Амангелдин Олжас, Власова Мария, Қапбасова Роза, Каменова Гүлмира, Қабай Мұрат, Салықова Юриян марапатталды.
Марапатталғандар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен әріптестерін құттықтап, марапаттары үшін алғыстарын білдірді және жұмыстарына табыс тіледі.
Салатанатты іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламаны тамашалаумен аяқталды.
Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі