ҚР-ның Тәуелсіздігі күніне орайластырылған сөз додасын Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының БҚО филиалы мен Орал қаласы әкімдігі, қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Барлық карантин талаптары сақталған айтыста Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысының оқушы ақындары мен белгілі жас айтыскерлер өзара сайысқа түсті. Сайыс талабына сай тәлімгерлер айтысқа жүлдеден тыс қатысты.
Айтыс өнеріне енді қанат қаққан жас ақындардың өнеріне өңірдегі танымал қаламгерлер қазылық етіп, нәтижесінде жүлделі орындарды белгіледі. Ал ұйымдастырушылар Орал қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталса, ұлттық өнерді қолдаушы азаматтар да назардан тыс қалмады.
Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ
Орал қаласы БҚО